1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Қосымша әдебиеттер 
1.Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути рынку. А., 1994. 
2.Жүнісов М. МансұровТ. Егемендік келбеті. А. 1998. 
 
 


 

 
8-шы тақырып. Экономикалық дамудық Қазақстандық үлгісі 
 
1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.  
2. Нарықтық экономика жолында жасалған реформалар. 
3. Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстарда. 
4. «Нұрлы жол» аясындағы инфрақұрылымды дамытудың 7 бағыты. 
 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  нарықтық  экономикаға  көшу  жолына  түсті. 
Елде  қоғамның  дамуын  түбірімен  қайта  құру  және  нарықтық  экономиканы  жүзеген 
асыру соңғы 27 жылда бірнеше кезеңнен өтті. Осы бағытта 1992 жылы 6 қаңтарда бағаны 
ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті. 
Қазақстанда  нарықтық  экономикаға  көшудің  алғашқы  кезде  үш  кезеңі  белгіленді. 
Бірінші кезең – 1991-1992 жылдар, екінші кезең – 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы 
мерзімде  жүргізілетін  іс  бағдарламасы  Жоғарғы  Кеңестің  сессиясында  мақұлданып, 
Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең – 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс 
болды.  Осыған  байланысты  көптеген  жаңа  заңдар,  реформаны  жүзеге  асыруға  қажет 
басқа  да  құжаттар  қабылданды.  Нарықтық  экономикаға  көшу  мәселелерімен  айна- 
лысатын  жаңа  мемлекеттік  басқару  органдары  құрылды.  Олар:  Мүлік  жөніндегі, 
Монополияға  қарсы  саясат  жөніндегі  комитеттер,  Салық  инспекциясы,  Кеден  және  т.б. 
Сондай-ақ  нарықтық  экономикаға  тән  инфрақұрылымның  кейбір  түрлері:  биржалар, 
коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, 
жеке  меншік  пен  мемлекет  меншігі  аралас  ірі  корпорациялар,  акционерлік  қоғамдар, 
холдингтік  компаниялар  өмірге  келді.  Сөйтіп,  нарықтық  экономикаға  қарай,  меншіктің 
түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. 
Алайда,  нарықтық  экономикаға  көшуде  бірсыпыра  қателіктерге  жол  берілді. 
Біріншіден,  реформаны  бастауда  мемлекеттің  мақсаты  да,  мүдделері  де,  оларға  жетер 
жолы  да,  әдіс-тәсілдері  де  толық  анықталмады.  Екіншіден,  барлық  елдерге  бірдей  сай 
келетін  экономикалық  реформаның  моделі  болмайды.  Әр  елдің  өзіне  тән,  оның  ұлттық 
бітіміне,  тарихына,  дәстүріне,  нақтылы  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  қалыптасқан 
жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. 
«Жапондық»,  «Немістік»  тағы  басқадай  әр  елдің  өз  даму  жолы  болғаны  белгілі. 
Қазақстан  көп  елде  жақсы  нәтиже  бермеген,  Халықаралық  Валюталық  Қоры  ұсынған 
«есеңгіретіп  емдеу»  деп  аталатын  жолына  түсті,  Ресейдің  соңынан  ерді.  Үшіншіден, 
экономикалық реформа  бірінен  кейін  бірі  және  өзіндік  ретімен  жасалуы  арқылы  жүзеге 
асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген 
кәсіпорындардың  үлесі  өсіп,  бәсеке  ортасы  қалыптаспай  тұрып,  ең  әуелі  бағаны 
ырықтандырудан  бастау  қате  болды,  өйткені  бағаны  ырықтандыру  -  үкімет  тарапынан 
мезгіл-мезгіл  оны  өсіріп  отыру  болып  шықты.  Төртіншіден,  қабылданған  заңдар  көп 
жағдайда  жүзеге  аспай  қалды,  себебі  ол  заңдардың  жүзеге  асатын  механизмдері 
жасалмағанды.  Бесіншіден,  инфляцияны  ауыздықтамаса  ешбір  істе  береке  болмайтыны 
белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. 
Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң 
бақылауға  алудың  орнына,  ақша-несие  ресурстарын  бей-берекет  жұмсап,  аса  жоғары 
процентпен  сатып,  пайда  табумен  әуестенді.  Алтыншыдан,  қылмыс,  жемқорлық,  заңды 
бұзушылық  көбейді.  Оған  жаппай  тәртіпсіздік,  жауапсыздық  қосылды.  Міне,  бұлар 
реформаны  жүргізуде,  экономиканы  дамытуда  өздерінің  зиянын  тигізді.  Жетіншіден, 


 

мемлекет  басшылары  экономикалық  дағдарыс  кезінде  өмір  сүріп,  жұмыс  істеп 
көрмегендіктен,  оның  қыр-сырын,  бүге-шігесін,  одан  шығу  жолдарын  білмеді. 
Экономикалық  дағдарысты  дұрыстап  бағалай  алмады.  Елді  дағдарыстан  тез  арада 
шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді. 
Сондықтан  мемлекет  дағдарыстан  шығудың  жолдарын  қарастыра  бастады.  Оның  ең 
бастысы  -  бағаны  ырықтандыруды  белгілі  бір  жүйеге  келтіру  еді.  Қазақстанда 
ырықтандыру  1992  ж.  мұнайдың,  мұнайдан  шығатын  өнімдердің,  басқа  да  энергия 
көздерінің  бағасы  әлемдік  бағаға  дейін  жоғарылауы  керек  деген  ұранмен  жүргізілді. 
Осының  нәтижесінде  әр  кәсіпкер,  әр  кәсіпорын  ең  жоғары  таза  пайда  алғысы  келді. 
Сөйтіп  баға  шарықтап  өсті,  елдің  экономикасы  бағаның  шарықтап  өсу  кесірінен  төмен 
түсіп кетті. 
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс - жекешелендіру. Мемлекеттік 
меншікті  жекешелендірусіз  нарыққа  нақты  көшу  мүмкін  емес  еді.  Бұл  қадам  нарық 
субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі 
психологиясын  қалыптастыру  тұрғысынан  да  маңызды.  Сондықтан  да  республикада 
ауқымды  жекешелендіру  жүргізілді.  Бүгінде  оны  өткізудің  4  кезеңін  даралап  айтуға 
болады.  Алғашқы  үшеуі  мемлекет  иелігінен  алу  мен  жекешелендірудің  ерекшелігімен 
байланысты  болса,  төртінші  кезең  мемлекеттік  меншікті  басқаруды  жетілдіруге  екпін 
түсуімен сипатталады. 
Біз  шағын  жекешелендіруден  бастадық.  Алғашқы  кезеңнің  барысында  1991-1992 
жылдары  5000-ға  жуық  нысандар  жекешелендірілді,  олардың  қатарында  ұжымдық 
меншікке  берілген  470-тен  астам  кеңшар  болды.  Екінші  кезең  «Қазақстан 
Республикасында  мемлекет  иелігінен  алу  мен  мемлекеттік  меншікті  жекешелендірудің 
1993-1995  жылдарга  арналған  Ұлттық  багдарламасы»  негізінде  жүргізілді.  Бұл  кезеңнің 
аса  маңызды  қадамы  мемлекеттік  меншікті  басқару  мен  жекешелендірудің  біртұтас 
жүйесі  болды.  Сол  кезде  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуга  белгі  берілді.  Көтерме-
сауда  буынын  қоса  алғанда  бұрынғы  кеңестік  сауда  жүйесін  өзгерту  басталды.  Қызмет 
көрсету  саласында  бәсекелестік  орта  пайда  болды.  Үшінші  кезең  1995  жылғы 
желтоқсанда  заң  күші  бар  «Жекешелендіру  туралы»  Жарлықпен  басталып,  1999  жылға 
дейін  жалғасты.  Осы  сәттен  бастап  ол  тек  ақша  қаражатымен  жүзеге  асырылды.  1999 
жылдан  кейін  бірінші  кезекке  мемлекеттік  мүлікті  басқаруды  жетілдіру  мәселелері 
шықты.  Төртінші  кезеңде  мемлекеттік  меншікті  басқару  және  онымен  айналысу 
мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдар  арасындагы  өкілеттіктерді  бөлуге  жаңа 
көзқарас  қолданыла  бастады.  Республикалық  мемлекеттік  және  коммуналдық 
мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін 
анықтайтын  экономиканың  стратегиялық  маңызды  секторларына  мемлекеттің  ықпалы 
мен  ондағы  үлесі  ұлттық  компаниялар  арқылы  сақталды.  Мұнай-газ  секторында  -  бұл 
«ҚазМұнайгаз», энергетикада - «КЕЕОК», телекоммуникацияда – «Қазақтелеком», темір 
жолда – «Қазақстан темір жолы». 
Бірақ  жекешелендіру  барысында  да  кемшіліктер  орын  алды.  Мемлекеттік  меншікті 
жекешелендіру  жарияланган  екі  кезеңінде  де  (1991-1992  жж.  және  1993-1995  жж.) 
мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы 
үшін  берекесіздік  тудырып,  экономиканың  терең  дағдарысқа  ұшырауының  басты 
себебінің  біріне  айналды.  Сондай-ақ,  елдің  экспортқа  өнім  шығаратын  кәсіпорындары 
ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана 
білді.  Соның  салдарынан  республикадан  250  млрд.  сомның  өнімі  сыртқа,  негізінен 
алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. 


 

Сондықтан,  бұл  жағдай  үкімет  пен  барлық  экономикалық  инсти-  туттарды, 
Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. 
Осымен  байланысты  1994  жылдың  қаңтарында  Президент  экономикалық  реформаны 
жүргізуді  жандандыру  жөніндегі  шаралар  туралы  қаулы  қабылдады.  Онда  дағдарысқа 
қарсы  шаралар  мен  экономиканы  тұрақтандырудың  1994-1995  жылдарға  арналған 
бағдарламасы  жасалды.  Бағдарламада  энергетикалық  тәуелсіздікті  қамтамасыз  ету 
мәселесі  қойылды,  өндірістің  құлдырауы  тоқтатылып,  экономиканы  тұрақтандыру, 
инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды.  
1993  ж.  15  қарашада  мемлекеттің  өз  ақшасы  -  теңге  енгізілді.  Сөйтіп,  біз 
экономикалық  тәуелсіздіктің  аса  маңызды  нышаны  -  ұлттық  валютамыз  теңгеге  ие 
болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция 
процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді. 
Реформаның барысында  1994  жылдың  күзінен  үкімет  макро-экономикалық реттеуді 
меңгере  бастады.  Бағаның  өсуі  біраз  тежеліп,  инфляцияның  өсу  қарқыны  елеулі  түрде 
төмендеді. Сол сияқты ұлттық банктің несиеге алатын пайызы да қауырт азайды. Ақша-
қаражат саласында да осындай түзеліс байқалды. Өнеркәсіптің кей салаларында да оңға 
басушылық орын алды. 
Жалпы  дағдарыстан  шығудың,  реформаны  жүргізудің  пәрменді  құралының  бірі  - 
экономикалық  орталық  болу  тиіс  еді.  Алайда,  Министрлер  кабинетінде  реформаны 
ойластырып, алға бастыратын орталық болмады. Экономика министрлігі ондай орталық 
бола  алмады.  Нәтижесінде  1994-1995  жылдары  дағдарысқа  қарсы  шаралар  мен 
реформаны  тереңдету  бағдарламасы  орындалмай  қалды.  Макроэкономикалық 
тұрақтандыру және құнсыздануды тоқтатуға қол жетпеді, тиімді сыртқы сауда саясатын 
жасау да көңілдегідей болмай шықты, әлеуметтік саясат та халықтың басым көпшілігінің 
наразылығын өршіткені болмаса разы етпеді. 
Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі 
нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика 
өнеркәсіп өнімінің 85 процентке жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі. 
Нарықтық  реформаға  көшудегі  жіберілген  тағы  бір  қате  -  ол  үкімет  басшыларының 
елдің  экономист  ғалымдарына  сенбеуі.  Оның  себебі  бізде  бұған  дейін  нарықтық 
экономика  болмады,  сондықтан  біздің  экономистер  нарыққа  көшудің  жолдарын, 
тетіктерін білмейді деп есептелді. Сондықтан нарықтық экономикаға көшу үшін кеңесші 
ретінде  экономист-ғалымдар  АҚШ-тан,  Франциядан,  Түркиядан,  Ресейден  т.б. 
жерлерден  шақырылды.  Бірақ  олар  өз  елінде  маман  болғанмен,  біздің  жағдайды, 
халықтың  менталитетін,  психологиялық  ерекшеліктерін  ескермеді,  тіпті  білмеді  де. 
Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы еді. Оған қоса 
ТМД  елдерінде  экономикалық  дағдарыс  капиталистік  қоғамға  тән  классикалық  артық 
өндіру  дағдарысы  емес,  жетіспеушілік  дағдарысы  болатын.  Екіншіден,  ол  елдерде 
ертеден  тауар  өндірісі,  тауарлық қатынастар  толық қалыптасқан.  Ал  бізде  бұлар  болған 
жоқ. Үшіншіден, ТМД елдерінде социалистік экономикадан нарықтық экономикаға көшу 
тез  қарқын  алды.  Сондықтан  шетел  экономистерінің  кеңесі  тиісті  нәтижесін  бермей, 
аяқсыз қалды. 
Нарықтық  қатынастарға  көшу  барысында  бізде  орын  алған  тағы  бір  үрдіс  бар.  Ол 
сонау  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  индустрияландыру,  ұжымдастыру  науқандары  сияқты 
қоғам  өміріндегі  түбегейлі  өзгерістерге  революциялық сипат  беру.  Ал  біздің  халық бұл 
үрдіске  үйренбеген  және  ол  халықтың  психологиясына  келе  бермеді.  Әсіресе,  ауыл 
шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой 


 

көтерген  жеке  фермерлер  басқа  халықты  асырамақ  түгіл,  өзін-өзі  әрең  асырап  отырды. 
Нәтижесінде  1993-1995  жылдарға  арналған  бағдарламалардағы  инфляцияны  төмендету, 
өндірістің  құлдырауын  тоқтату  және  өндірістің  ұлғаюы  үшін  жағдайлар  жасау 
жоспарынан  еш  нәрсе  шықпады.  Сондықтан  мақсатты  нұсқамалар  түрінде  15  айға 
арналған  қосымша  бағдарлама  қабылданды.  Оның  оң  нәтижесі  деп  инфляцияның 
баяулауын  айтуға  болады,  бірақ  өндірістің  құлдырауын  тоқтату  мүмкін  болмады.  1992 
жылы  өндірістің  құлдырауы  біршама  тұрақты  болған  1990  жылмен  салыстырғанда 
14,6%-ке, 1993 жылы - 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы - 45%-ке жетті. 
Қазақстан  үкіметі  осыдан  кейін  1996-1998  жылдарға  арналған  жаңа  бағдарлама 
қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. 
Алайда,  бағдарламада  көзделген  жекешелендіруді  аяқтау,  бірыңғай  холдингтік,  шағын 
және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға  жуық шаруа 
қожалықтары  мен  фермерлік  шаруашылықтарды  құру  айтарлықтай  нәтижелер  берген 
жоқ. 
Қоғам  айқын  мақсаттар  мен  оларға  қол  жеткізу  жолдары  баяндалған  стратегиялық 
бағдарламалық  құжатқа  мұқтаж  болатын.  Олар  «Қазақстан  –  2030»  ел  дамуының 
Стратегиясында  тұжырымдалды.  1997  жылдың  қазан  айында  Президент  Н.Ә.Назарбаев 
республика  халқына  «Қазақстан  -  2030»  деген  атпен  жолдау  қабылдап,  онда  еліміздегі 
дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы 
қатарлы  мемлекеттердің  қатарына  қосылудың,  немесе  «Қазақстан  барысын» 
қалыптастырудың  жаңа  бағдарламасын  ұсынды.  Бағдарламада  еліміздің  саяси, 
әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі 
даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем тұстарын 
және  сыртқы  саясатындағы  мүмкіндіктерді  барынша  пайдалана  отырып,  мемлекеттің 
дамуындағы  ұзақ  мерзімді  жеті  басымдықты  іске  асыру  көзделген.  Олар:  1)  ұлттық 
қауіпсіздікті  сақтау;  2)  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  қоғамның  топтасуын  нығайту;  3) 
нарықтық  қатынастар  негізінде  экономикалық  өсу;  4)  Қазақстан  азаматтарының 
денсаулығы, білімі мен эл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете пайдалану; 6) 
инфрақүрылым,  көлік  және  байланысты  дамыту;  7)  демократиялық  кәсіби  мемлекетті 
құру. 
Тек  осы  аса  маңызды  шараларды  іске  асырғанда  ғана  Қазақстан  халқының  өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді. 
«Қазақстан  -  2030»  бағдарламасының  талаптарына  орай  соңғы  жылдары  еліміздің 
егемендігі  мен  тәуелсіздігін  нығайту,  әлемдік  стандарттарға  сай  түзілген  заңнамалық-
құқықтық  базаны  жетілдіру  жөнінде  орасан  зор  жұмыстар  жүргізілді.  Атап  айтқанда, 
биліктің, сот және құқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының 
құрылымы  мен  қызметінің  қағидаттары  едәуір жетілдірілді.  Сондай-ақ,  демократия  мен 
азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік 
қоғамдастықтың  тең  құқылы  мүшесі  ретінде  лайықты  орын  алды.  Қалыптасқан 
әріптестік  саяси  және  экономикалық  қатынастар  мемлекетімізді  барлық  дүние  жүзі 
елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, 
соның  ішінде,  БҰҰ-да  белсенді  жұмыс  жүргізіп,  антиядролық  қозғалысқа,  жаппай 
қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып 
келеді. 
«Қазақстан  –  2030»  стратегиясында  көрсетілгендей,  әсіресе,  соңғы  жылдары 
республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 
2000-2002  жылдары  жалпы  ішкі  өнімнің  жиынтық  өсімі  35,5  пайызды  құрады.  Сауатты 


 

макроэкономикалық  саясат  еліміздің  халықаралық  беделін  едәуір  көтеруге  жағдай 
жасады.  Қазақстан  бұл  жылдары  ТМД  елдерінің  арасында  жан  басына  шаққанда 
шетелдік  инвестициялар  тарту  жөнінен  көш  бастады.  Шетелдік  инвесторларды,  соның 
ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді 
шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 
2003  жылға  дейінгі  кезеңде  25,8  миллиард  долларды  құрады,  жан  басына  шаққанда 
Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады. 
1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 елінен 
70  миллиард  доллардан  астам  тікелей  инвестиция  тартты.  Бүгінде  Орталық  Азияға 
келген  барлық  инвестициялардың  80%  Қазақстан  еншісінде.  Ал  экономикаға  қосылған 
ішкі  инвестициясының  көлемі  қазіргі  күні  80  миллиард  доллардан  асып  түсіп  отыр. 
Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын 
көтеру  ісіне  тиімді  пайдалана  отырып,  енді  басқа  елдерге  де  инвестиция  сала  алатын 
донор мемлекетке айналды. Қазір оның қаржысы Ресей мен өңірдегі елдерге, Түркия мен 
Кавказ  елдеріне,  Қытай  және  басқа  да  алыс-жақын  шет  ел  экономикасына  салынып 
жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008). 
Әлемдік  деңгейдегі  менеджмент  қызметі  құлдырау  жағдайында  болған  аса  ірі 
кәсіпорындарды  қысқа  мерзімде  қайта  өркендетуге  мүмкіндік  берді.  Әлемдік  рынокқа 
шығу  және  әлемдік  шаруашылық  байланысқа  белсенді  кірігу  қамтамасыз  етілді. 
(Н.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004). 
Осының  нәтижесінде  республика  экономикасының  барлық  дерлік  салаларында, 
әсіресе,  ауыл  шаруашылығында,  сауда  мен  қызмет  көрсету  саласында  жеке  меншік 
секторы  басым  бола  түсті.  Нарықтық  экономиканың  жетекші  бір  факторы  мемлекеттік 
емес  сектор  үлесін  серпінді  үлғайту  болып  табылады.  Мысалы,  статистика  мәліметтері 
бойынша,  2004  жылдың  I  жартыжылдығына  тіркелген  194,8  мың  заңды  түлғаның  192,7 
мыңдайы  жекеменшік  секторға  келеді.  Бұл  жалпы  санның  98%-і,  өңдеу  саласында  бұл 
үлес  -  98%-ті;  ауыл  шаруашылығы  мен  орман  шаруашылығында  97,5%-ті  құрайды. 
Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. 
Оның  мүмкін  болатын  барлық  әлеуметтік  формалар  мен  нарықтық  қатынас  салаларына 
кеңінен  қатысуы  айрықша  нарықтық  мінез-құлық  қалыптастырды.  Әсіресе,  шағын 
кәсіпкерліктің дамуы атап көрсетуге түрарлық. 
«Қазақстан - 2030» бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты 
табыстары  мен  жетістіктері  -  мемлекеттің  қауіпсіздігін  нығайту  және  экономикалық 
өрлеу  болды.  Бұл  барлық қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуіне,  әл-ауқатының  артуына 
кең  өріс  ашты.  Қазір  біздің  республикада  нарықтық  экономиканың  іргесі  қаланып  қана 
қойған  жоқ,  сонымен  қатар  барлық  қазақстандықтардың  игілігі  үшін  ішкі  ресурстары 
мол  әлеуметтік-экономикалық  дамудың  нақты  нышандары  қалыптасты.  Оған  дәлел 
ретінде әлемдегі ең күшті мемлекет - АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар 
ел  мәртебесін  беру  туралы  шешімін  ерекше  атап  көрсеткен  жөн.  Бұл  АҚШ 
басшылығының,  американдық  іскер  топтар  мен  сарапшылардың  қазақстандық 
реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД 
елдері  арасында  осы  мәртебені  бірінші  болып  алуы  кездейсоқтық  емес.  Бұл  шешім 
Қазақстанға  қатысты  АҚШ  және  тағы  басқа  дамыған  елдер  тарапынан  экономикалық 
шектеулер  мен  түзетулерді  алып  тастаудан  өзінің  көрінісін  тапты.  Ол  болашақта 
республиканың  нарық  қатынасына  көшкен  ел  ретінде  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 
кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады. 


 

Сонымен,  қорыта  келгенде,  жер  жүзіндегі  қазіргі  182  елдің  15  мемлекеті  нарықтың 
қарқынды  даму  жолын  игерген,  156  ел  -  нарықтық  даму  жолына  түскен  (соның  бірі  - 
Қазақстан),  тек  11  ел  ғана  -  нарықтық  қатынасқа  әлі  кірмеген.  Әлемдік  экономиканың 
заңдары  мен  талаптарына  сай  біз  де  елімізде  нарықтық  (кәсіпкерлік)  қоғам  құрып 
жатырмыз.  Сол  себепті  де  Қазақстан  байлығының  80  пайыздан  астамы 
жекешелендірілген,  қазірдің  өзінде  республикамызда  500  мыңға  жуық  кәсіпкерлік 
субъектілер  құрылған.  Онда  2  млн.-нан  астам  адам  жұмысқа  тартылған.  Кәсіпкерлік  - 
күнкөрісіміздің  көзіне  айналды.  Дамыған  елдердегідей  «кәсібің  –  нәсібің»  деген 
ұстаныммен өмір сүруге көштік. 
Экономикалық,  өндірістік  қатынастар  жүйесін  түбегейлі  өзгерту  жөніндегі 
реформаның  ең  маңызды  кезеңінің  басты  міндеттері  шешілді.  Экономиканы  түпкілікті 
реформалауға бағыт үстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе 
білдік,  тиісті  заңнамамызды  жасауға  қол  жеткіздік.  Біз  ойдағыдай  жұмыс  істеп  жатқан 
нарық  экономикасын  құрдық.  Бүгінгі  таңда  Қазақстанда  нақтылы  жұмыс  істеп  тұрған 
нарықтық экономика бар. 
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық 
шаруашылығының  бұл  саласын  дамытуда  көптеген  қиыншылықтар  кездесті. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары,  әсіресе, ауыр индустрия, халыққа 
аса  қажет  жеңіл  өнеркәсіп  орындары  біртіндеп  тоқтай  бастады.  Кәсіпорындардың 
көпшілігі  қажетті  материалдық  ресурстардың  жоқтығынан  немесе  қаржының 
жетіспеуінен  өз  қуаттарын  толық  пайдалана  алмады.  Күрделі  қүрылыстың  қысқаруы 
экономикаға  кері  әсер  етті.  Экономиканың  тұрақтануына  қаржы-ақша  жүйесінің  терең 
дағдарысы  кесірін  тигізді.  Өнеркәсіп  орындарының  жарты-  сы  1992  жылы  1991  жылғы 
деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар 
күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір 
бөлігін  ғана  құрады,  сөйтіп  1991  жылмен  салыстырғанда  21,5%-ке  кеміді.  Республика 
бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай 
қалыптасты:  шойын,  болат,  прокат  құю  азайды.  Түсті  металлдар  өндірісі  қысқарды. 
Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. 
Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 
1992  ж.  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша  іске  қосылуға  тиісті  32  өндірістік  қуаттар  мен 
объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды. 
Өнеркәсіптің  құлдырауы  1993  және  1994  жылдары  да  тоқтамады.  1993  жылы  1990 
жылмен  салыстырғанда  өнеркәсіп өнімі  16,1%-  ке  азайды.  Ал  1994  жылы  1992  жылмен 
салыстырғанда  өнеркәсіп  өнімінің  көлемі  39%-ке,  халық  тұтынатын  тауарлар  41%-ке 
кеміді.  Дегенмен  1995  жылы  өнеркәсіп  өнімінің  төмендегеніне  қарамастан,  оның 
жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды. 
1996  жылы  республикадағы  кәсіпорындарды  реформалау  және  жеке  жобалар 
бойынша  ірі  объектілерді  жекешелендіру  жөніндегі  жұмыс  қарқын  алды.  Бірақ  осыған 
қарамастан  өндірістің  құлдырауы  тоқтамады.  Тек  1996  жылдың  соңына  қарай 
өнеркәсіптің құлдырауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды. 
Өндірістің  құлдырауының  басты  себебі  -  Одақ  бойынша  бұрынғы  қалыптасқан 
шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі - оның 
шикізат  өндіруге  бейімделген  сыңаржақтылығында,  дайын  тауар  өндіретін,  әсіресе, 
машина  жасау  салаларының  жоқтығында  болды.  Одан  басқа,  мемлекет  экономиканы 
басқарудың  тізгінін  босатып  алды,  халық  тұтынатын  тауарларды  шығаруды  өз  бетімен 


 

жіберді,  жаңа  технология  мен  техниканы  пайдалану,  оны  өндіріске  енгізу  ісі  ақсап 
жатты. 
Жоғарыда  айтылған  қиындықтар  мен  кемшіліктерді  жою  үшін  1999  жылдан  бастап 
Қазақстан  үкіметі  елдің  өнеркәсібін  жандандыруда  бірсыпыра  шараларды  іске  асырды. 
Жеңіл  өнеркәсіпті  дамыту  бағдарламасы  жасалып,  химия  өнеркәсібі  мен  машина  жасау 
саласын  дамыту  бағдарламасы  тиянақталды.  Соның  нәтижесінде  1999  жылы  мұнай-газ 
өндіру,  металлургия,  химия,  полиграфия  және  тоқыма-тігін  өнеркәсіптерінде  өнімнің 
өсуіне  қол  жеткізілді.  Жыл  соңында  жалпы  өнім  өндіру  1%-ке,  ал  өндіріс  көлемін 
арттыру 1,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті. 
Міне,  осындай  мемлекеттік  маңызды  шараларды  жүзеге  асыру  ба-  рысында  2000-
2002  жылдары  республикада  тұрақты  экономикалық  өрлеу,  өндіріс  ауқымының  өсуі 
байқалды.  Тек  соңғы  3  жылда  өнеркәсіп  өндірісінің  көлемі  42,9  пайызды  құрады. 
Қазақстанның  өнеркәсіп  саласында  мұнай-газ  өндірісі  елеулі  орын  алып,  ол  жалпы 
өнеркәсіп өнімінің 46 пайызын қамтыды. Бұл жылдары тек газ-мұнай шығару салаларын 
дамытуға  9,5  млрд.  доллар  шетел  инвестициясы  тартылды.  Қазір  де  мұнай-газ  секторы 
мемлекеттік  бюджетті  қалыптастырудың  негізгі  көздерінің  біріне  айналып, 
республиканың жалпы ішкі өнімдерінің едәуір бөлігін қамтиды. 
Батыс  Қазақстан  аймағында  Теңіз  бен  Қарашығанақ  сияқты  мұнай-газ  кен 
орындарын  игеру  жөніндегі  ауқымды  жобаларды  іске  асыру  жүргізіліп  жатыр.  Каспий 
аймағында  өнеркәсіптік  мұнай  өндіруді  2005  жылдан  бастап  қолға  алу  жоспарланған. 
Жамбыл облысы жеріндегі Амангелді газ өндіру орнын игеру жұмысы басталды. Каспий 
қүрлықтық  мұнай  құбырының  бірінші  кезегін  іске  қосу  еліміздің  экспорт  жөніндегі 
мүмкіндігін  арттыра  түсті.  Мұнайды  әлемдік  нарыққа  жеткізудің  баламалы  нұсқалары  - 
Атырау-Баку-Жейһан, 
Қазақстан-Түркменстан-Иран, 
Батыс 
Қазақстан-Қытай 
бағыттарын да үлкен болашақ күтіп түр. 
Соңғы  жылдары  Ақтау  теңіз  портын,  Достық-Алашанькоу  шекаралық  өткелін  және 
Достық-Ақтоғай теміржол учаскесін қайта жаңалау жұмысы, Семейдегі Ертіс көпірі мен 
Ақсу-Дегелең  теміржол  құрылысы  аяқталды.  Алтынсарин-Хромтау  арасындағы 
теміржол құрылысы аяқталып, 2004 жылдың соңына қарай іске қосылды. Алматы-Астана 
автожолын төрт өатарда толық салынып бітіп, бүгінде пайдалануға берілді. Алматыдағы 
әуежай  қалпына  келтірілді.  Жалпы  2002  жылы  бұрынғы  2001  жылмен  салыстырғанда 
өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 9,5 пайызға артты. 
1990-жылдардың  басында  ауыл  шаруашылығы  елеулі  дағдарысты  бастан  кешірді. 
Оның  басты  себебі  -  ауыл  шаруашылығы  мен  өнеркәсіп  салалары  өнімдерінің 
арасындағы үлкен алшақтық еді. Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына 
республикадағы 
колхоздар 
мен 
кеңшарларды 
жаппай 
және 
тез 
арада 
жекешелендірунауқанының  үлкен  зардабы  тиді.  Бұрын  600-денастам  астық  өндіретін, 
700-дей  қой  шаруашылығымен  шұғылданатын  кеңшарлар  мен  колхоздар,  80-дей  қүс 
фабрикасы  бар  еді.  Республика  халқы  жекешелендіру  барысында  өздерінің  осы  қолда 
барынан  айырылып  қалды.  Бағадағы  былық,  бейберекеттік,  жекешелендірудегі 
асығыстық пен науқаншылдық, қаржыландырудағы берекесіздік, басқарудың жоғарыдан 
төменге  дейінгі  жүйесін  күйрету,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етуді 
алыпсатарлыққа  айналдыру  және  т.б.  ауыл  шаруашылығын  күйретуге  соқтырды.  1993 
жылы кеңшарлардың басым көпшілігі жұмыскерлерге 6 айға дейін жалақы бере алмады. 
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, ұқсататын салаларда жаңа қуаттарды қосу, жаңа 
технологияны өндіріске енгізу, негізгі қорларды алмастыру сияқты жұмыстардың көлемі 
азайып  кетті.  Агроөнеркәсіп  кешеніндегі  жоғарыдағы  айтылған  және  басқа  да 


 

кемшіліктерді  жоймай,  салаға  деген  көзқарасты  түбегейлі  өзгертпей  бүкіл  реформаның 
жүзеге асуы мүмкін емес еді. 
Егіншілік  өнімдері  азайып,  егін  егетін  жер  көлемі  қысқарды.  Жалпы 
ауылшаруашылық  өнімі  1992-1998  жылдары  аралығында  55  пайызға  қысқарған,  астық 
өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір 
саласы  -  мал  шаруашылығы  едәуір  төмендеді.  Малдың  саны  азайып  кетті.  Мал  мен 
құстың  кемуі  негізінен  осы  салаға  деген  көзқарастың  нашарлауынан  болды.  Малға 
қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелендіру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп 
берілген  малдар  сатылып  кетті,  немесе  ауыл  тұрғындарына  керекті  тауарларға 
ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана 
қалды,  тиісінше  қой  мен  ешкі  35,7  млн.  бастан,  10,4  млн.  басқа  дейін,  жылқы  1,6  млн. 
бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті. 
2000  жылдан  басталған  ауыл  шаруашылығындағы  тың  серпіліс  мал  шаруашылығы 
саласының дамуынан да көрініс тапты. Мәселен, 2000-2002 жылдары ірі қара мал 8%-ке, 
қой  басы  9%-ке,  жылқы  1%-  ке,  құс  өсіру  25%-ке  артты.  Қазір  республикадағы  мал 
басының 90%- тен астамы жеке шаруа қожалықтарының қолында жинақталған. 
Қазақстан  үкіметі  соңғы  жылдары  ауыл  шаруашылығы  өндірісін  ұлғайтуға 
бағытталған шараларды іске асыруда. Ауыл шаруашылығына 1996 жылғы бюджеттен 4,3 
миллиард  теңге,  1997  жылы  5,3  млрд.  теңге  бөлінді.  1996  жылы  Азия  даму  банкісі 
тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді. Оның 50 
млн.  доллары  1997  жылы  ауыл  шаруашылығына  жұмсалды.  Тек  1996  жылы  630  егін 
және  100  мақта  жинайтын  шетелдік  комбайндар  сатып  алынды.  Мемлекет  тарапынан 
ауыл  шаруашылығына  бөлінетін  қаржы  жылдан-жылға  көбейіп  отырды.  2000  жылы 
агроөнеркәсіп саласына 11 млрд. теңге жұмсалды. 
Ауылда шаруашылық жүргізудің жаңа формалары қалыптасты. 
2000  жылы  республика  көлемінде  96198  ауыл  шаруашылығы  құрылымы,  оның 
ішінде  91471  шаруа  қожалығы,  1781  өндірістік  кооператив,  2886  шаруашылық 
серіктестігі  және  60  жекеменшік  кэсіпорын  жұмыс  істеді.  Сөйтіп,  1999-2001  жылдар 
аралығында  ауылда  тиімді  шаруашылық  жүргізуге  қабілетті  меншік  иелері  қалыптаса 
бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің «Жаңа кезең - жаңа 
экономика»  атты  лекция-  сында  атап  көрсеткендей  «Рынокқа  берік  бағдарланған 
фермерлер  табы  пайда  болды»  (Егемен  Қазақстан.  16  желтоқсан  2004  ж.).  Ауыл 
шаруашылығында  жүргізілген  реформаның  нәтижесінде  өндірілген  өнімдердің  99 
пайызы  жеке  меншік  қүрылымдарының  үлесіне  тиді.  Мемлекет  ауыл  шаруашылығына 
салықты  азайтты.  Ауылшаруашылығы  құрылымдарының  бұрынғы  қарыздарының 
барлығы жойылды. Басқа қарыздары 5-6 жылға әрі қарай ұзартылды. 
Қазір  ауылдық  жерлерде  25  мыңнан  астам  заңды  тұлға  бизнеспен  айналысуға 
мүмкіндік  алса,  тек  шаруа  қожалықтарының  саны  ғана  170  мыңнан  асты.  «Астық  үшін 
айқас»  кезеңдері  ұмытылды.  Соңғы  жылдары  Қазақстан  миллиард  пұттан  астам  дәнді 
дақылдар  өндіруге  қол  жеткізіп  келеді.  Кеңес  заманында  астықтың  осындай  мөлшерін 
өндіру үшін бүкіл одақ болып жұмыла кірісетін болса, қазір астықты аз шығын жұмсап-
ақ жинап қамбаға құйып алатын болдық. 
Ауыл  шаруашылығын  одан  әрі  дамытудың  жаңа  кезеңі  2002  жылдан  басталды.  Бұл 
2005 жылға дейінгі уақытты қамтуға тиіс кезең аграрлық өндірістегі реформаны аяқтау, 
ауылшаруашылық  жерлеріне  жеке  меншікті  енгізу  және  ауылдың  әлеуметтік  бейнесін 
жаңғырту  мәселелерімен  сабақтастырыла  қарастырылған.  Үкімет  2002  жылдан  бастап 
ауыл шаруашылығына қатысты үлкен  жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. 2002 жылы 


 

маусымда  мемлекеттік-аграрлық  бағдарлама  қабылданды.  Ол  2003-2005  жылдарды 
қамтыды, бұл жылдар ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды. Сөйтіп, аграрлық 
сектор мен ауыл адамдарының пробле- маларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар 
Ауыл  жылдары  болып  жарияланды.  2002  жылы  ауыл  шаруашылығы  салаларын  қолдау 
мақсатында  мемлекеттік  бюджеттен  30 млрд.  теңге  қаржы бөлінді.  2003  жылдан  бастап 
ауыл шаруашылығын және оған байланысты салаларды бюджеттік қаржыландыру елеулі 
түрде  өсті.  Мысалы,  2003  жылы  40  млрд.  тенге  қаржы  бөлініп,  оның  30  миллиарды 
аграрлық  секторды  дамытуға,  10  миллиарды  ауылдың  әлеуметтік  мәселесіне,  оның 
ішінде, денсаулық сақтау, білім беру салаларына, ауылды ауыз сумен  қамтамасыз етуге 
жүмсалды.  Ал  2004  жылы  ауыл  шаруашылығын  дамытуға  мемлекеттік  бюджеттен  -  50 
млрд., 2005 жылы - 55 млрд. теңге бөлінді. 
Кейінгі  жылдары  Қазақстан  аграрлық секторды  дамытуда  айтарлықтай  нәтижелерге 
жетті.  Ауыл шаруашылығының жалпы  өнімі 2002  жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық 
өсті. Инвестициялар 3 еседен астам ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан 
қолдауы  нәтижесінде  мүмкін  болды.  Жоғарыда  аталған  ауылды  қолдаудың  үш  жылдық 
бағдарламасы  ел  ішін  дамытуға  қуатты  серпін  берді.  Қабылданған  шаралар  ауыл 
шаруашылығындағы тауар айналымының 4 есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 
4  миллиард  АҚШ  доллары  мөлшерінен  асып  түсті.  2007  жылы  ауылшаруашылық 
дақылдарының  барлық  дерлік  түрлері  бойынша  жақсы  өнім  алынды.  Әсіресе,  ел 
диқандары  жақсы  көрсеткіштерге  қол  жеткізді.  Республика  бойынша  22,5  миллион 
тоннадан  астам  астық  орылды.  Қазақстан  астық  өндірісінің  жан  басына  шаққан-  дағы 
көлемі мен үн экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Соңғы он жылда ауыл 
шаруашылығы  өнімдері  өндірісінің  көлемі  3  есе  дерлік  артты.  Қорытып  айтқанда, 
еліміздің ауыл шаруашылығына жан-жақты көмек көрсету арқылы оның деңгейін көтеру, 
соның ішінде қазіргі кездегі егістік көлемін сақтау, одан алынатын өнімді өсіру, малдың 
санын  түрақтандыру  ісін  жүзеге  асыру  көзделген.  Қазір  ауылдық  жерлерде  Қазақстан 
халқының 43 проценті тұрып жатыр. 
Тәуелсіздік  алған  Қазақстанның  көлік  қатынасында  темір  жолдың  маңызы  ерекше 
зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері 
бойынша  тасылатын  жүктің  төрттен  үш  бөлігі,  жол  жүретін  адамдардың  тең  жарымы 
тиеді.  Темір  жолдарды  техникалық  жағынан  қамтамасыз  ету  және  жүк  тасу  жөнінде 
Қазақстан  ТМД  елдері  арасында  Ресей  мен  Украинадан  кейінгі  үшінші  орынды  алады. 
Міне, осымен байланысты темір жол көлігіне талаптар жыл сайын өсіп отыр және оның 
басты  міндеттері  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  “Қазақстан  —  2030”  стратегиялық 
бағдарламасында  көрініс  тапқан.  Бұл  мәселелерді  шешуде  темір  жол  қүрылымын 
жетілдіру  ерекше  орын  алады.  1997  жылғы  31  қаңтарда  Үкімет  қаулысымен  Алматы, 
Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік 
«Қазақстан  темір  жолы»  кәсіпорны  құрылды.  Ал  2002  жылы  бұл  кәсіпорын  Үкіметтің 
қаулысымен  «Қазақстан темір  жолы ұлттық компаниясы» жабық акционерлік  қоғамына 
айналдырылды. 
2002 жылы Қазақстандағы темір жолдың ұзындығы 13,6 мың шақырымға жетті, оның 
бойындағы  темір  жол  станцияларының  саны  720  болды.  Тәуелсіздік  алған  алғашқы 
жылдардан  бастап  жаңа  темір  жолдар  салу  және  темір  жол  станциялары  мен  желілерді 
қайтадан  жаңартуға  ерекше  назар  аударылуда.  Соның  ішінде  халықаралық  темір  жол 
желілерін құруға барынша көңіл бөлінуде. Халықаралық темір жол қатынасын дамытуда 
Достық  станциясы  маңызды  рөл  атқарады.  Өйткені  ол  Еуропа  және  Азия  елдерінің 
арасындағы  экономикалық  байланыстарды  жүзеге  асыруда  үлкен  орын  алады.  1991 


 
10 
жылы  қыркүйекте  Достық станциясы  арқылы  Қазақстан  мен  Қытай  арасында  жүк  тасу, 
ал  1992  жылы  маусымда  жолаушылар  тасу  жүзеге  асырылды.  1994  жылдан  бастап 
Достық-Алашанкоу  станциялары  арқылы  халықаралық  жүк  тасу  жүргізіле  бастады. 
Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай, Өзбекстан және Оңтүстік Корея сауда байланыстары 
Достық станциясы  арқылы  едәуір  өсті. Тек  2002  жылдың  өзінде  жүк  тасу  1994  жылмен 
салыстырғанда 10 есеге артып, 6 млн. тоннаға жетті. 
“Қазақстан  -  2030”  бағдарламасының  талаптарына  сай  1998  жылы  мамыр  айында 
алғаш  рет  егемен  Қазақстанның  тарихында  Павлодар  облысының  Ақсу  қаласы  мен 
Шығыс Қазақстан облысындағы Конечная темір жол қүрылысы басталып, 2000 жылы 8 
желтоқсанда  аяқталды.  Жолдың  жалпы  үзындығы  —  184  шақырым.  Жолды  салуға 
республиканың  әртүрлі  аудандарынан  1500  жұмысшы  қатынасты,  құрылысқа  6,5  млрд. 
теңге  жұмсалды.  Бұл  жол  елдің  Солтүстік  және  Шығыс  облыстарының  арасындағы 
қатынасты 600 шақырымға қысқартты. Павлодар облысының Ақсу және Май аудандары 
жеріндегі табиғи байлықтарды игеруге мүмкіндік берді. 
Егемен  Қазақстан  жеріндегі  екінші  маңызды  темір  жол  құрылысы  Қостанай 
облысындағы  Алтынсарин  станциясы  мен  Ақтөбе  облысының  Хромтау  қаласын 
байланыстыратын  темір  жол  магистралі.  Жолдың  ұзындығы  387  шақырым,  құрылыс 
жұмысы 2001 жылдың маусым айында басталып, 2004 жылдың қараша айының соңында 
аяқталып,  пайдалануға  берілді.  Бұл  жол  Қазақстанның  Солтүстік  және  Орталық 
аймақтары  арасындағы  жол  қатынасын  1,5  мың  шақырымға  қысқартты  және  елді 
Ресейдің  Қарталы-Орск  темір  жолына  бағыныштылықтан  босатты.  Бұл  жол-  мен 
Қазақстанның Орталық және Солтүстік аудандарынан Батыс облыстарға хром рудалары, 
астық,  ал  Ақтау,  Новороссийск  және  Одесса  теңіз  порттары  арқылы  Украинаға  қара 
металл,  ферросплав,  сондай-ақ  Ақтау  арқылы  Республиканың  солтүстік  облыстарынан 
Иранға жыл сайын 5,5 млн. тонна астық жеткізу көзделген. 
Республиканың  темір  жол  қатынасын  одан  әрі  дамытуда  оның  аса  қажетті 
магистральдық  учаскелерін  электр  жүйесіне  қосудың  маңызы  ерекше  зор.  Соңғы  10-12 
жыл  ішінде  бұл  бағытта  бірсыпыра  оң  істер  атқарылды.  Мысалы,  1991-1994  жж.  Арыс 
пен  Шу  станциялары  арасындағы  600  шақырымдық  жолды  электр  жүйесіне  қосу 
жұмысы  аяқталды.  Ал  1993  жылдан  бастап  Шу  мен  Алматы  арасындағы  темір  жолды 
электр қуатына қосу басталды. 1996-1999 жылдары қашықтығы 190 шақырым  Шу-Отар 
темір жолын электр қуатына көшіру аяқталды, 2000 жылы үзындығы 90 шақырым Отар-
Ұзынағаш  учаскесі  іске  қосылды,  ал  2002  жылдың  көктемінде  Отар  мен  Алматы 
арасындағы  темір  жол  магистралін  электр  қуатымен  жұмыс  істеуге  көшіру  біржолата 
аяқталды. Осының нәтижесінде Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін темір жол 
магистралінің  үзындығы  3,7  мың  шақырымға  жетті,  немесе  республикадағы  барлық 
темір жолдың  27  пайызын  қамтыды.  Болашақта  Алматы  қаласы  мен  Достық станциясы 
арасындағы темір жолды электр қуатына ауыстыру жоспарланған. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  алдына  қойып  отырған  басты  мақсаттарының  бірі  - 
адамдардың  жақсы  тұрмысын  іс  жүзінде  қамтамасыз  ететін  қоғам  орнату.  Осы  орайда 
әрбір  адамға  кәсіпкерлік  еркіндік  пен  мүмкіндік  туғызып,  жоғары  әлеуметтік  мәртебеге 
жетуін  қамтамасыз  ету,  зейнетақыны  және  жәрдемақыны  арттыру  бүгінгі  күннің 
қажеттілігінен  туындап  отыр.  Әлеуметтік  саладағы  басты  міндеттер:  ұлттық  байлықты 
көбейту,  халықтың  түрмыс-тіршілігі  жөнінен  дүние  жүзіндегі  озық  дамыған  елдермен 
арамыздағы  артта  қалушылық  пен  алшақтықты  азайту,  яғни  технологиялық  дамудағы 
және түрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. 


 
11 
Алайда,  қоғамдық қатынастардың  өзгеруімен  және  нарықтық экономикаға  көшумен 
байланысты  халықтың  тұрмыс  жағдайы  төмендеп  кетті.  Еліміздің  экономикасының 
құлдырауымен  байланысты  еңбекақы,  зейнетақы,  жәрдемақы  бұл  жылдары  тиісінші 
дәрежеде  өспей,  тауарларды  ырықтандыру  деңгейінен  ондаған  есе  артта  қалып  қойды. 
Халықты  жұмыспен  қамту  проблемасы  күрделенді.  1991  жылдан  бастап  республикада 
жұмыссыздық  басталды.  Әсіресе,  ауылдық  жерлерде  кеңшарлардың  таратылуына 
байланысты  жұмыссыздық  көбейді.  Жастар  жұмыс  іздеп  қалаға  шұбырды.  Қалаға 
келгенде  де  олар  қарық  болған  жоқ.  Не  баспана,  не  дайын  жұмыс  пен  табыс  жоқ, 
сенделіп  жүріп,  азын-аулақ  саудамен,  рэкетпен,  ұрлық-қарлықпен  шұғылданып, 
мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын көбейтті. 
Қазақстанның  әлеуметтік  саласындағы  басты  мәселелердің  бірі  -  зейнетақымен 
қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 
2002  жылы  3  млн.  адамға  жетті.  Үкімет  зейнетақы  мәселесін  шешу  үшін  үш  бағытта 
бірқатар  жұмыс  жүргізді.  Бірінші  -  зейнетақының  бұрынғы  қарыздарын  жабу,  екінші  - 
зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші - зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта 
жүргізілген іс- шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын 
төлеуде  бірқатар  шаралар  іске  асырылды.  Әсіресе,  7-8  ай  бойы  зейнетақыларын  ала-
алмай  келген  ауыл  тұрғындарына  ерекше  көңіл  бөлінді.  Зейнетақыны  одан  әрі  арттыру 
бағытында  шаралар  жүргізілді.  Атап  айтқанда,  зейнетақының  ең  төменгі  мөлшері  1998 
жылы  3  мың  теңге  болса,  2000  жылы  4  мың  теңгеге  жетті.  2000  -  2002  жылдары 
зейнетақы  төлемдерінің  ең  аз  мөлшері  үш  мәрте  артып,  23  пайызға  өсті.  2003  жылдың 
басында  Президенттің  жарлығымен  ең  төменгі  зейнетақы  көлемі  5  мың  теңгеге  жетті. 
2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы 
мөлшері - 8335 теңгені құрады. 
Елімізде  реформалау  нәтижесінде  аралас  әрі  ерікті  жинақтаушы  зейнетақы  жүйесі 
құрылып,  ол  өзінің  тиімділігін  көрсетті.  1,5  миллионнан  астам  зейнеткер  ынтымақты 
негізде  зейнетақы  төлемдерімен  қамтамасыз  етілді.  Зейнетақы  индексациялаумен  бірге 
2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген 
қамтамасыз етудің бір ғана түрі - жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 
2004 ж. бір мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 
млн.  азаматтың  жеке  есепшоттарында  415,2  млрд.  теңге  зейнетақы  жинақталды.  Оның 
ішінде  115,7  млрд.  теңгесі  инвестициялық  кірістен  түскен.  Халықтың  зейнетақылық 
жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион 
теңгеден асып түсті. 
Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы 
төлемдерін  есепке  алғанда,  ең  төменгі  зейнетақы  көлемі  1998  жылдан  бері  4,3  есе,  ал 
зейнетақы  төлемдерінің  орташа  көлемі  3,3  есе  көбейді.  1,6  миллионнан  астам  адам 
мемлекеттік  зейнетақыны  республикалық  бюджеттен  алады  (Егемен  Қазақстан. 
15.12.2008). 
Халықтың тұрмысындағы маңызды көрсеткіш - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұрын 
да,  қазір  де  тұрғын  үй  адамдардың  ең  басты  мұқтажы  болып  отыр.  1990-жылдары 
республикада  түрғын  үй  салу  төмендеп  кетті.  Тек  Қазақстан  экономикасының  2000 
жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан 
көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 млрд. теңге инвестициялық қаржы жұмсалды 
немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9%-ке артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді 
қамтитын  11,2  мың  пәтер  іске  қосылды.  Үй  құрылысы,  әсіресе,  Алматы  мен  Астана 
қалаларында  кең  өріс  алды.  2004  жылғы  көктемдегі  Президенттің  халыққа  жолдауында 


 
12 
республикадағы  арзан  үй  құрылысын  кеңейту,  ұзақ  мерзімге  9-10  пайызбен  берілетін 
ипотекалық  несиелер,  жинақтаушы  тұрғын  үй  банкілерінің  көмегімен  мүмкіндігі  төмен 
отбасыларын  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  бағдарламасы  жарияланды  және  оны  іске 
асыру  үшін  Үкімет  қазір  қарқынды  жұмыстар  жүргізуде.  2005-2007  жылдары  19  млн. 
шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жоспардағыдан 22 процентке 
артық.  Осы  уақыт  ішінде  елімізде  44  мыңнан  астам  пәтер  салынды.  Бюджеттік  қаржы 
есебінен 6 мыңнан астам коммуналдық пәтерлер салынды. 
Қазақстан  үкіметі  кейінгі  жылдары  халықтың  әл-ауқатын  жақсарту,  соның  ішінде 
еңбекшілер  мен  қызметкерлердің  жалақысын  арттыруға  назар  аударуда.  Экономиканың 
көтерілуі  әлеуметтік  міндеттердің  үлкен  кешенін  шешуге  мүмкіндік  берді.  Тек  2002 
жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін 
көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың теңгені құрады. Бұл жылдары үкімет, әсіресе, 
бюджеттегі  меке-  мелер  қызметкерлерінің  жалақысын  көтеруге  көңіл  бөлді.  2002  жылы 
тек мұғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бұл мұғалімдердің орташа айлық 
жалақысының  мөлшерін  2000  жылғы  7  мың  теңгеден  9300  теңгеге  дейін  ұлғайтуға 
мүмкіндік берді. 
Мемлекет  халық  алдындағы  әлеуметтік  міндеттемелерін  орындап  келеді. 
Мемлекеттік  бюджет  есебінен  зейнеткерлерді,  мүгедектерді,  асыраушыларынан 
айырылған  және  басқа  да  санаттағы  тұрғындарды  әлеуметтік  жағынан  қамтамасыз  ету 
жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6%) 
адамнан  асады.  2004  жылы  1999  жылмен  салыстырғанда  әлеуметтік  қамтамасыз  ету 
шығындары  1,5  есе  көбейді.  Бұл  қазақстандықтардың  кірісін  айтарлықтай  арттырды, 
оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы 
көлемі  2,5  есе  (2605  теңгеден  6600  теңгеге  дейін);  төменгі  зейнетақы  көлемі  -  1,9  есе 
(3000-нан  5800  теңгеге  дейін);  орташа  жалақы  -  2  есе  (11864-тен  26048  теңгеге  дейін); 
орташа  зейнетақы  көлемі  -  2  есе  (4104-тен  8529  теңгеге  дейін);  күнкөріс  шегі  -  1,5  есе 
(3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі - 1,3 есе 
(3441-ден  4670  теңгеге  дейін)  өсті  (Назарбаев  Н.  Жаңа  кезең  —  жаңа  экономика.  // 
Егемен Қазақстан, 16.12.2004). 
Тұтастай  алғанда,  1990-жылдардың  аяғымен  салыстырғанда  2007  жылы  әлеуметтік 
қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті. 
Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің 
жарлығымен  2002  жыл  -  Денсаулық  жылы  деп  жарияланды.  Денсаулық  жылының 
аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау 
саласының  88  нысаны  жаңадан  салынды.  2002  жылдың  тағы  бір  ерекшелігі  жеке 
Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация 
комитеті  құрылды.  Жалпы,  2000-2002  жылдары  денсаулық  сақтау  саласын 
республикалық  бюджеттен  қаржыландыру  екі  еседен  астамға,  жергілікті  бюджеттен  - 
50%-ке  дерлік  ұлғайды.  Ал  2007  жылы  ғана  республика  бойынша  23  денсаулық  сақтау 
нысаны салынды. 
Соңғы он жылда (1997-2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе 
өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 
290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы 
жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын құрал-жабдықтармен және 
медициналық техникамен  жарақтандыру  3  есеге  жуық  өсті.  Егер  осыдан  10  жыл  бұрын 
1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта 
ауылдықтар  жер-жерде  медициналық  көмекпен  қамтылып  отыр.  Тұрғындарға  тегін 


 
13 
медициналық  қызмет  көрсетуді  қаржымен  қамтамасыз  ету  көлемі  кепілдендірілді  және 
2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге 
артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 
2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы табысты жүргізілуде. 
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  2005  жылғы  18  ақпандағы 
Қазақстан  халқына  Жолдауында  (Егемен  Қазақстан,  2005  ж.  19  ақпан)  атап 
көрсеткеніндей:  Бүкіл  дүниежүзілік  банктің  жіктемесі  бойынша  қазіргі  уақытта 
Қазақстан  кірісі  орта  деңгейдегі  елдердің  тобына  кіреді.  Егер  өмір  сапасының  негізгі 
көрсеткіштерін  салыстыратын  болсақ,  онда  соңғы  10  жылда  (1995-  2005  жж.) 
қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; 
ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке 
түлғалардың  банктердегі  депозиттері  мен  бір  кісінің  жасайтын  салымының  көлемі 
тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік 
шығыстардың  әлеуметтік  бағдарлануын  едэуір  кеңейтуге  мүмкіндік  берді,  мұның  өзі 
экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды. 
Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең 
төменгі  мөлшері  4,5  еседен  астамға  өсті,  орташа  айлық  номиналды  еңбекақы  8,5  мың 
теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін - 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында 
орташа  еңбекақы  деңгейі  жөнінен  Қазақстан  ТМД-да  көшбасшы  елдердің  бірі  болып 
табылады.  2002  жылдан  бастап  реформалау  жүзеге  асырылып,  бюджет  саласы 
қызметкерлерінің  еңбекақысын  өсіру  үрдісі  қалыптасып  келеді.  Оның  деңгейін  жүйелі 
арттырудың  арқасында  2007  жылы  бюджетшілердің  еңбекақысы  2,5  еседен  астамға 
артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге 
жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. 
Жалпы  алғанда,  ел  экономикасы  2001  жылдан  бастап  жылына  орта  есеппен  10 
пайызға  өсіп  отырды.  Бұл  өте  үлкен  де  жедел  өсу  болып  саналады  (ҚР  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  2008  жылғы  6  ақпандағы  Қазақстан  халқына  Жолдауынан.—  Егемен 
Қазақстан, 7.02.2008). 
Еліміздегі  әлеуметтік  ахуал  да  тұрақты  қалпында.  2000  жылдан  бастап,  2008  жылға 
дейін  мемлекеттік  бюджеттің  білім  беруге,  денсаулық  сақтауға  және  әлеуметтік 
қамсыздандыруға  арналған  шығындары  5  еседен  астам  ұлғайды.  Біздің  5  миллионнан 
астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш 
осыдан бес жыл бұрыпғыға қарағанда екі есеге артық. 
Ал  осы  жылдар  ішінде  Қазақстанда  жүздеген,  мыңдаған  жаңа  кәсіпорындар  пайда 
болды.  Қазіргі  кезде  автомобиль  құрастыратын,  оның  ішінде  жеңіл  автокөліктер  де 
құрастыратын  бес  кәсіпорын  жұмыс  істейді.  Бүгінде  Қазақстанда  радиотехника  мен 
компьютер  де  қүрастырылады.  Жиһаз  жасау  өнеркәсібі,  құрылыс  индустриясы  және 
басқа салалар серпінді дамуда. 
Сөйтіп,  қорыта  келгенде,  тәуелсіздік  жылдары  Қазақстанда  алғашқы  жылдардағы 
кездескен  көптеген  қиыншылықтар  мен  қайшылықтарға  қарамастан  экономиканы 
дамытуда,  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  біршама  жұмыстар  атқарылды  және  елеулі 
табыстарға  қол  жетті.  Соның  нәтижесінде  біздің  еліміз  ТМД  мемлекеттерінің  арасында 
өзінің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  жағынан  алдыңғы  қатарға  шығып  отыр. 
Қазақстан  бүгін  әлемнің  ең  серпінді  дамып  келе  жатқан  елдерінің  бірі  саналады.  Еліміз 
әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  мемлекеттің  қатарына  ену  жөніндегі 
міндеттерді  шешуде  айтарлықтай  ілгері  жылжыды.  Біздің  мемлекет  тәуелсіздіктің  он 


 
14 
алты  жылында  экономикалық,  әлеуметтік  қуатты  реформаларды  жедел  де  тиімді  іске 
қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды. 
1. Нарықтық экономика мен демократия бірінсіз-бірі болуы мүмкін емес.  
Қысқа  ғана  уақыт  ішінде  1993  жылдың  аяғында  ұлттық  валютамыз  «теңге» 
айналымға  түсті,  қазір  оның  бағамы  тұрақты.  Нарықтық  экономиканы  табанды 
жүргізудің  нәтижесінде  макроэкономикалық  тұрақтылыққа  қол  жеткіздік.  Тиімді 
құқықтық  база  құрылды.  қазіргі  заманғы  ақпараттық  технология  өркендеп,  отандық 
өндіріс қарқын алып келеді. 
Қазақстанның  ішкі  экономикасын  көтеру  арқылы  инвестициялық  ахуалын 
жақсартуқа  негіз  қаланды.  Мысалы,  он  жылдың  ішінде  еліміздің  экономикасына  12,5 
млрд.  доллар  көлемінде  тікелей  шетелдік  инвестиция  құйылды.  Экономикалық 
жаңарулар  өз  нәтижесін  көрсетуде.  Мұндай  көрсеткіштер  жақынан  ҚР-сы  ТМД  елдері 
арасында оқ бойы озық тұр.  
Біздің  банктеріміз  түп  тамырымен  өзгерді.  Түбегейлі  жаңа  бюджет  пен  салық 
жүйелері  түзілді,  баға  мен  саудаға  ырық  берілді.  Белгіленген  бағдарламаларды  дәйекті 
жүзеге  асыру  экономикамызды  терең  құрылымдық  реформаларға  бастады.  Осы 
жылдардың  ішінде  жеке  меншік,  кәсіпкерлік  шағын  бизнес  белсенді  түрде  енгізіліп, 
оларға  қолдау  көрсетілді.  Мыңдаған  орта  және  ірі  кәсіпорындар  сатылды  немесе  жеке 
меншіктің басқарылуына берілді, менеджмент алмасты.  
«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарлама  - ол тәуелсіз мемлекеттердің болашағын 
анықтап,  айқындайтын  бағдарлама.  Мысал:  Соғыстан  күйреп  шыққан  Жапония 
мемлекеті елінің дамуының 50 жылдық жоспарын жасаған болатын. Мыңдаған жылдық 
өркениеті бар қытай мемлекетінде өткен ғасырдың 70 жылдарының аяғында қытай елін 
дамытудың 100 жылдық бағдарламасы жасалды. Сондықтан ел басымыздың «Қазақстан 
2030»  стратегиялық  бағдарламасы  еліміз  бен  халқымыздың  2030  жылқа  дейінгі  жетер 
жерін,  шығар  биігін  анықтауға  деген  қажетті  7  басымдылығы:  1.Ұлттық  қауіпсіздік.  2. 
Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 3.Экономикалық өрлеу. 4. Қазақстанның 
азаматтарының  денсаулықы,  білімі  мен  әл-ауқаты.  5.  Энергия  ресурстары.  6. 
Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 7. Кәсіби мемлекет.  
Негізгі міндет - Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы басатын мемлекеттік 
қызмет пен басқару құрлымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.  
Негізгі  мақсат  -  Қазақстанның  тарихи,  табиғи,  мәдени,  рухани  байлықтарын 
дамытып, күллі мүмкіндіктерін нақты нәтижеге қол жеткізіп, 2030 жылға қарай Орталық 
Азия барысына айналдыру. 
2014  жылы  17  қаңтарда  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 
болашақ» атты жаңа жолын ұсынды. 
2014  жылы  11  қарашада    Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың 
Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  жаңа  жолын 
ұсынды. Бұл жолдаулар еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарларын 
қамтиды.  Басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  қосылуы. 
Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы 
жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. 
2. Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстарда.  
Әлемде  болып  жатқан  оқиғалар,  халықаралық  қатынастардағы  жаңа  үрдістер, 
ғасырлар  тоғысындағы  жаһандану  барысының  белсенді  түрде  дамуы  дипломатияның 
сипатын  айтарлықтай  өзгертті.  Сонымен  бірге  салалық  –  экономика,  қаржы  мәселесін 


 
15 
шешу  міндеттері  де  тұр.  Бұл  сала  көптеген  елдердің  сыртқы  саясатында  басым  бағыт 
болып  отыр.  Қазақстанда  бұдан  тыс  қалған  емес.  Сыртқы  жаһандық  экономикалық 
өзгерістер республиканың сыртқы саяси мекемесі мен министрліктер тарабынан белсенді 
және келісілген жұмысты талап етеді. 
Мемлекеттілікті  орнатудың  алғашқы  кезенінде  ҚР-ның  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 
тұжырымдаған  Қазақстаннын  сыртқы  саясатын  «экономикаландыру»  міндеті  ерекше 
өзекті  сипатқа  ие  болды.  Дипломаттардың  алдына  негізгі  күш-жігерді  Қазақстан 
экономикасының  дамуына  барынша  жәрдемдесуге,  ең  алдымен,  банкроттық  шегінде 
тұрған  кәсіпорындардың  қызметін  қалпына  келтіру,  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  ең 
жаңа  технологияларды  еңгізу  үшін  қажетті  шетелдік  инвестицияларды  тартуға 
шоғырландыру міндеті қойылды. 
Мемлекет  басшысының  елдің  сыртқы  саясатын  «экономикаландыру»  жөніндегі 
нұсқауларын  басшылыққа  ала  отырып,  Сыртқы  істер  министрлігі  инвестициялық 
саясатты  түзету  жөнінде  бірқатар  шаралар  жасады.  Осы  бағыттағы  істерді  қолға  алды. 
Атап  айтқанда,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  жанындағы  шетелдік 
инвесторлар  кеңесінің  –  ЕҚДБ,  Дойче  Банк,  АБН-Амро,  Шелл,  Мобил,  Эни,  Тоталь, 
ЛукОйл  т.б.  сияқты  жетекші  шетелдік  банктермен  және  инвестор  компанияларымен 
ашық  пікір  алысуға  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  кеңес  беру,  кеңесу  органының 
жұмысы жанданды. 
2000;  2002  жылдары  Алматыда  өткен  бірінші  және  екінші  еуроазиялық 
экономикалық  саммиттер,  2012  жылдың  22-24  мамыр  күндері  Астанада  өткен  5-ші 
экономикалық  форумы  тек  Қазақстан  үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  бүкіл  Орта  Азия 
үшін бұрын-соңды болып көрмеген оқиғалар. Бұл шаралар Дүниежүзілік экономикалық 
форумның  (ДЭФ)  қамқорлығымен  өтті.  Бұл  беделді  ұйымның Қазақстанда  еуроазиялық 
саммит  өткізу  туралы  шешімі  республиканы  Орталық  Азия  мемлекеттерінің  арасында 
өңірлік  көшбастаушы,  неғұрлым  келешегі  мол  экономикалық  әріптес  ретінде  танытты. 
Аталған екі саммитке 500-ден астам бизнесмен және саяси жетекшілер қатысты 
2012 жылдың 22-24 мамыр күндері елордадағы тәуелсіздік сарайында өтті. Қазақстан 
елордасында осымен 5-ші рет өтіп жатқан жиын мың құбылған жаһан экономикасының 
бүгінгі бағдарына, дағдарысқа тап болып, еңсесі түскен Еуроаймақты құтқару жолдарына 
арналды 
Әлем назары тағы да Астанаға ауды. Бүгін Астана экономикалық форумының бірінші 
күні.  Қазақстан  елордасында  осымен  5-ші  рет  өтіп  жатқан  жиын  мың  құбылған  жаһан 
экономикасының  бүгінгі  бағдарына,  дағдарысқа  тап  болып,  еңсесі  түскен  Еуроаймақты 
құтқару жолдарына арналды. 
Астана  экономикалық  форумына  90  елден  8  мыңға  жуық  делегат  қатысты.  Оның 
ішінде әр елдің министрлері, кәсіпкерлер, халықаралық ұйым басшылары, профессорлар 
және  11  Нобель  сыйлығының  иегері  болды.  Жаһан  экономикасын  жақын  жылдары  не 
күтіп  тұр?  Ешкім  дөп  басып  айта  алмасы  анық.  Алайда,  болжам  бар.  Астана 
экономикалық  форумына  түкпір-түкпірден  келген  ғалымдар,  экономистер  мен 
саясаткерлердің  ой-пікірі  бір  арнаға  тоғысты.  Эдвард  Прескотт  Нобель  сыйлығының 
иегері.  Ол  «батпандап  кіріп,  мысқылдап  шығатын  дағдарыс  атты  дертті  жоюдың  бір 
жолы - сыбайлас жемқорлықпен күрес» дейді. 
Валюта,  банк  жүйесі,  технология,  ал,  ең  бастысы  -  әлеуметтік  саланы  дағдарыс 
дендеп  барады.  Жұмыссыздық,  билікке  наразы  халық,  бюджеттік  шығындардың 
қысқаруы.  Қазір  Еуропаның  бірқатар  елдеріндегі  көрініс  осы.  «Бес  саусақ  бірікпей,  ине 
ілікпейді». Форумда ғалымдар ұсынған G-глобал идеясының түп мағынасы осы. 


 
16 
Мұндай  жағдайда  тек  ұжымдық  күш-жігер  ғана  оң  жолға  апаратыны  айқын.  Ал 
осындай ұтымды бағытты  «G-Global»  ілкі идеясымен байланыстыруға болады. Өйткені, 
біз  «G-8»,  «G-20»  секілді  құрылымдар  бар  екендігі  туралы  айтқанда,  олардың  тек 
таңдаулылар клубы екендігіне мән бермей жатамыз. Ал, жаһандық полижүйелі дағдарыс 
бұндай  ауқымды  мәселеге  әлем  елдерінің  басым  көпшілігінің  қатысуын  талап  ететінін 
көрсетіп  отыр.  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаев  ұсынған  «G-global»  идеясы  да  осы 
тұрғыдан өзекті. 
Елбасының  2014  жылдың  қарашасындағы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол» 
атты  Жолдауын  жариялады.  Елбасы  Жолдауынан  туындайтын  «Нұрлы  жол» 
бағдарламасы  негізінен  экономикалық  дағдарыстың  алдын  алуға,  осылай  ете  отырып, 
барша  қазақстандықтардың  әлеуметтік  ахуалын  төмендетпеуге  бағытталғаны  белгілі. 
Қазіргі таңда мемлекет отандық кәсіпорындардың жұмысқа қабілеттілігін қолдап, жұмыс 
орындарын  сақтау,  сонымен  бірге,  Қазақстан  экономикасын  құлдыратып  алмау  үшін 
қаражат  бөліп  келеді.  Бағдарлама  аясында  осы  бағыттағы  жұмыс  жалғасады  әрі  алдағы 
уақытта  оның  ауқымы  да  арта  түседі.  Айта  кетердігі,  «Нұрлы  жол»  бағдарламасы 
бірқатар  басым  міндеттерден  тұрады.  Нақтырақ  айтқанда,  онда  «шұғыла»  қағидаты 
бойынша  тиімді  көліктік-логистикалық  инфрақұрылымды  құру,  индустриялық  және 
туристік  инфрақұрылымдарды  дамыту,  бірыңғай  электр  энергетикасы  жүйесін  дамыту 
шеңберінде  энергетикалық  инфрақұрылымды  нығайту,  тұрғын  үй-коммуналдық 
шаруашылық  инфрақұрылымын  және  жылумен,  сумен  жабдықтау  және  су  бұру 
желілерін  жаңғырту,  азаматтардың  тұрғын  үйге  қолжетімділігін  арттыру,  білім  беру 
саласының инфрақұрылымын дамыту шаралары қамтылып отыр.  
Тоқтала  кететін  жайт,  бүгінгі  таңда  «Нұрлы  жол»  бағдарламасын  бюджеттік  қамту 
толық  шешімін  тапты.  Ұлттық  экономика  вице-министрі  Марат  Құсайыновтың 
айтуынша,  Елбасы  бекіткен  бағдарламаны  іске  асыруға  Қазақстан  Республикасының 
Ұлттық  қорынан  2015  жылы  –  796  млрд.  теңге,  2016  жылы  –  379  млрд.  теңге,  ал  2017 
жылы  –  3  млрд.  АҚШ  доллары  эквиваленті  көлемінде  қаражат  бағыттау  жоспарлануда. 
Сонымен  қатар,  Халықаралық  қаржы  институттары  есебінен  индикативті  бірлесіп 
қаржыландыру  көлемі  9  млрд.  АҚШ  доллары  шамасын  құрайтын  болады.  Ал  ұлттық 
компаниялар  мен  даму  институттарының  меншікті  қаражаты  есебінен  «Нұрлы  жол» 
шараларын қаржыландыру 240,9 млрд. теңгені құрамақ.  
Мұндай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы 2014 жылға қарағанда ЖІӨ-
нің  15,7  пайызға  өсу  мүмкіндігі  қамтамасыз  етіледі.  Ең  бастысы  әлемдік  қаржылық 
дағдарыс қыспаққа алған тұста жұмыссыздықты өршітпеу де бірінші  кезектегі  мәселеге 
айналғалы  отыр.  Сондықтан  да,  бағдарламаны  іске  асыру  кезінде  2015-2019  жылдары 
395,5 мың адамға арналған жұмыс орнын құру көзделеді. Соның ішінде тұрақты жұмыс 
орындарымен 86,9 мың адам, уақытша жұмыс орындарымен 308,6 мың адам қамтылады. 
Тұтастай алғанда, «Нұрлы жол» нәтижесінде 2019 жылы базалық инфрақұрылым сапасы 
бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінде Қаазқстанды 57-орынға дейін 
жоғарылату межеленіп отыр.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет