1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі. Семинар сабағы



бет6/34
Дата31.12.2021
өлшемі92,23 Kb.
#21210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
makroekonomika

Тест сұрақтары

1. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі С факторының мағынасы:

A)   Тұтыну шығындары.

B)   Инвестиция шығындары.

C)   Мемлекеттік шығыстар.

D)   Таза экспорт.

E)    Амортизация.

 

2. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:



A)  Тұтынуға шекті бейімділікті.

B)   Салық мөлшерлемесін.

C)  Еңбекақы мөлшерлемесін.

D)  Аренда ақысын.

E)   Автономиялық тұтынуды.

 

3. Y = C + I + G + X теңдеуіндегі G факторының мағынасы:



A)   Мемлекеттік шығыстар.

B)   Тұтыну шығындары.

C)   Инвестициялық шығындар.

D)   Таза экспорт.

E)     Инвестиция.

 

4. Жеке  қор жинғына төмендегілердің қайсысы жатады:



A)   Қолма-қол табыс пен тұтыну шығындарының айырмасы.

B)   Салықтар – мемлекеттік шығыстар.

C)   Салықтар – тұтыну шығындары.

D)   ЖҰӨ-нен тұтыну және мемлекеттік шығындарды алып тастағандағы айырма.

E)    ЖҰӨ-нен тұтыну шығындарын алып тастағандағы айырма.

 

5. Тұтыну функциясы берілген C = 120 + 0,2 (Y – T). Қор жинағы функциясын анықтаңыз:



A)   S = – 120 + 0,8(Y – T).

B)   S = 120 + 0,8(Y – T).

C)   S = – 120 + 0,2(Y – T).

D)   S = 120 + 0,2(Y – T).

E)    S = – 120 – 0,8(Y – T).

 

6. Тұтыну функциясы берілген C = 25 + 0,7(Y – T). Осы функцияның коэффиценттеріне экономикалық түсініктеме беріңдер:



A)   Автономдық тұтыну = 25, қолма-қол табыстың 1 теңгесінен 0,7-і тұтынуға, ал 0,3-і  қор жинағына бағытталады.

B)   Қолма-қол табыс өскенде қаражат қор жинақтау 0,3-ке өседі, ал тұтыну 0,7-ге азаяды.

C)   Қор жинағына = 25, ал тұтыну – табыс 0,3-ке өскенде қысқарады.

D)   Қор жинағы = 0,7, ал тұтыну = 25.

E)    С = 25,7 және қолма-қол табыс өскен жағдайда өседі.

 

 



 

7. Тауарлар мен қызметтер нарығындағы тепе-теңдік үлгісі төмендегіні жорамалдайды:

A)   Тепе-теңдік нақты пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

B)   Тепе-теңдікті мемлекеттік шығыстар мен салықтардың өзгермелі шамалары анықтайды.

C)  Тепе-теңдік номиналды пайыз мөлшерлемесімен анықталады.

D)  Тепе-теңдік тауарлар мен қызметтер нарығындағы өндірістің берілген технологиясымен анықталады.

E)   Тепе-теңдік қолма-қол табысқа тәуелді.

 

8. Инвестициялар 220-ға тең, бюджет артықшылығы 10-ға тең,     экспорт = 175, импорт = 185. жеке қаражат қор жинақтауды анықтаңыз:



A)  200.

B)   210.

C)  180.

D)   150.

E)   20.

 

9. Кейнстің тұтыну теориясының негізгі алғы шарттары:



A)  Пайыз мөлщерлемесінің әсері өте аз, тұтыну ағымдағы табысқа тәуелді және табыс өскенде ол орта есеппен алғанда азаяды.

B)   АРС және МРС шамалары бірден көп болады.

C)  АРС табыс өскен сайын өседі, содан кейін тұрақтана бастайды.

D)  Пайыз мөлшерлемесінің әсері келешектегі тұтынуды дисконттауда көрінеді.

E)   Пайыз мөлшерлемесінің әсері біршама, тұтыну тек ағымдағы табысқа ғана тәуелді емес және табыс өскен сайын орта есеппен ол да өседі.

 

10. С = а + b(Y – T) тұтыну функциясындағы b коэфиценті нені көрсетеді:



А)Тұтынуға шекті бейімділікті.

В) Салық мөлшерлемесін.

С)Еңбекақы мөлшерлемесін.

Д)Аренда ақысын.

Е)Автономиялық тұтынуды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет