1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі.
Семинар сабағы
Сабақтың мақсаты:
- макроэкономика теориясының негізгі сұрақтарын оқу.
Талдау сұрақтары:
1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістері.
2. Баға индекстері: Ласпейрас. Пааше, Фишер.
3. Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуелділіктер.
Негізгі түсініктер:
Макроэкономиканың пәні. Макроэкономиканың объектісі. Макроэкономиканың субъектісі. Макроэкономикалық үлгілер. Экзогендік өзгермелілер. Эндогендік өзгермелілер. Ex post. Ex еnte. Статикалық күту концепциясы. Адаптациялық (бейімделу) күту концепциясы. Тиімді күту концепциясы. Қорлар. Ағындар.
Қайталап еске түсіретін түсініктер
Ұлттық есеп-шот жүйесі (ҰЕЖ). Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ). Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ). Таза ұлттық өнім (ТҰӨ). Ұлттық табыс (ҰТ). Жеке табыс (ЖТ). Қолда бар табыс (ҚБТ). Тұтыну (С). Инвестиция (I). Қор жинағы (S). Амортизация. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептеу. ЖҰӨ -ді шығын бойынша есептеу. Аралық өнім. Соңғы өнім. Қосылған құн. Ласпейрас индексі. Пааше индексі. Фишер индексі. Нақты ЖҰӨ. Номиналды (атаулы) ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Көлеңкелі экономика.
Тест сұрақтары
1. Экономикадағы атаулы ЖҰӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖҰӨ – 32 млрд. теңге. ЖҰӨ дефляторы қандай шамаға тең болады:
A) 1,25.
B) 0,8.
C) 8.
D) 1.
E) 25.
2. Табыстар бойынша ұлттық табыс- бұл :
A) рента, еңбекақы, капиталға түсетін пайыз, меншіктен түсетін түсім, корпорацияның пайдасы және дивиденттер.
B) C + I + G – трансферттік төлемдер – жанама салықтар.
C) Инвестициялар – қаражат қор жинақтау.
D) Ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметтердің құны.
E) ЖҰӨ – амортизация.
3. Жалпы жеке инвестициялар төмендегідей есептеулер кезінде ескеріледі:
A) ЖҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен .
B) ЖҰӨ-ді табыстар ағыны әдісімен.
C) ТҰӨ-ді шығындар ағыны әдісімен
D) Жеке табысты.
E) Ұлттық табысты.
4. Капиталды пайдаланғаны үшін аударым – бұл:
A)Амортизация.
B) Таза инвестициялар.
C)Таза шетелдік инвестициялар.
D)Капиталдың қалдық құны.
E) Капиталдың нарықтық құны.
5. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:
A)Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны.
B) Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері.
C)Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу.
D)Брокерден жаңа акциялар сатып алу.
E) Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру.
6. «Ағын» көрсеткіштерін анықтаңдар:
A) Бюджет тапшылығы.
B) Тұтынушы мүлкі.
C) Индивидтің жинақ қоры.
D) Жұмыссыздар саны.
E) Мемлекеттік қарыз.
7. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ төмендегідей болады:
A) 3/2.
B) 1/2.
C) 2.
D) 1.
E) 2/3.
8. ЖҰӨ дефляторы дегеніміз:
A) Номинал (көрсетулі) ЖҰӨ-нің нақты ЖҰӨ-ге қатынасы.
B) Нақты ЖҰӨ-нің ЖҰӨ-ге қатынасы.
C) Нақты ЖҰӨ-нің баға индексіне қатынасы.
D) Нақты ЖҰӨ-нің ТБИ-ге қатынасы.
E) Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы.
9. Тұтыну шығындарын 250 теңге деп жорамалдайық. Тұтыну өсімшесінің жылдық қарқыны 2 %. Мемлекет шығыстарының шамасы тұрақты – 40 теңгеге тең. Инвестициялық шығындар функциясы: I = 20 + 100 % / r, бұндағы r = 20 %. Осы деректерді пайдаланып, ЖҰӨ-ді есептеңіз:
A) 320.
B) 315.
C) 318.
D) 250.
E) 255.
10. Тұтыну бағаларының индексі:
A) Төменде айтылғандардың бәрі дұрыс.
B) Ласпейрес индексі.
C) Бағаның жалпы деңгейінің көрсеткіші.
D) Тұтыну себетінің құн көрсеткіші.
E) Инфляция қарқынын есептеу индексі.
11. Қор өзгермелілеріне жатады:
А) Тұтынушылық шығындар.
Ә) Бір жылдағы инвестицияның көлемі.
Б) Салым үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі.
В) Бір айдағы жұмыссыздар саны.
Г) Мемлекеттік қарыз.
12. Статикалық күту концепциясы бойынша:
А) Экономикалық субъектілер болашақта өткен жағдайлар қайталанады деп күтеді.
Ә) Экономикалық субъектілер бұрын жіберілген қателерін ескере отырып болашақты күтуде түзетулер енгізеді.
Б) Экономикалық субъектілердің болашақты болжауы өздерінде бар ақпараттың барлығын өңдеу арқылы оңтайлы нәтиже негізінде құрылады.
В) Экономикалық субъектілердің тәжірибелерді нақты бағалауы.
Г) Дұрыс жауабы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |