1. Шыны таяқшаны үйкегенде, оның заряды 3,2 нКл болса, одан қанша электрон бөлінеді?
2. Өлшемдері бірдей екі кішкене металл шардың зарядтары 4мкКл және -8мкКл. Егер оларды бір-біріне түйістірген соң қайтадан ажыратсақ, олардың зарядтарының қосындысы қандай болады?
3. Электр заряды +6е су тамшысынан -2е заряд бөлініп кеткенде оның қалған бөлігінің зарядты қандай?
4. Бір-бірінен қандай қашықтықта 1 мкКл және 10 нКл зарядтар 9 мН күшпен өзара әрекеттеседі?
5. Электр өрісіндегі 4 · 10-6 Кл зарядқа 0,02 Н күш әрекет етеді. Осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігін табыңдар.
6. 2 · 10-8 Кл зарядтан 2 · 10-2 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі қандай?
7. Нүктелік зарядтан 0,15 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі 50 Н/Кл. 0,3 м қашықтықтағы өрістің кернеулігі табыңдар.
Кулон заңы. Формуланы түсінуге арналған тапсырмалар Зарядтардың арасындағы қашықтықты екі есе арттырса, олардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді
1.2. 0,5 м қашықтықта орналасқан екі бірдей нүктелік зарядтардың әсерлесу күші 3,6 Н. Осы зарядтардың мәндерін табыңдар..
2.1. Екі нүктелік зарядтың кулондық әсерлесу күші әрбір зарядты 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы қашықтық 2 есе азайса, қалай өзгереді?
2.2. 5•10-9 Кл және 6 • 10-9 Кл екі зарядты бір-бірін 12 • 10-5 Н күшпен тебуі үшін қандай қашықтыққа қою керек.?
3.1. Екі нүктелік зарядталған дененің арақашықтығын 3 есе арттырса, олардың өзара әрекеттесу күші неше есе өзгереді??
3.2. Бір-бірінен 30 см қашықтықта орналасқан 1 мкКл екі бірдей нүктелік зарядтардың әрекеттесу күшін анықтаңдар..
4. Екі нүктелі зарядталған дененің бірінің зарядын 5 есе арттырса, олардың өзара әрекеттесу күші неше есе өзгереді?
5. Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі 7-ге тең ортадан вакуумға ауыстырғанда, зарядтар арасындағы қашықтық өзгеріссіз қалса, олардың кулондық әрекеттесу күші қалай өзгереді?
Есептер шығару///Кулон заңы 8. Арақашықтығы 2 см, ал заряды 2*10−9 Кл және 4* 10−9 Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі?
9. Бір –бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай?
10. 2* 10−6 см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін-бірі қандай күшпен тебеді?
11. Вакуумде өзара 30 см қашықтықтағыдай күшпен әрекеттесетін екі бірдей электр зарядының май ішіндегі арақашықтығын табыңдар.
12. Екі бірдей оң зарядқа ие дене керосинде бір-бірінен 24 см арақашықтықта 18 мН күшпен тебіледі. Осы екі дененің әрқайсысы қанша электрон жоғалтты?
13. Зарядтары 0,5мкКл және -0,1мкКл болатын бірдей екі кішкене шар ауада бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасқан. Шарларды бір-біріне түйістіріп, содан кейін оларды 10см қашықтыққа ажыратады.Шарлардың өзара әрекеттесу күшін табыңдар.Ауаның диэлектрлік өтімділігі - 1.
Екінші бөлім Егер олардың арасындағы қашықтық 2 есе артса, зарядтардың өзара әрекеттесу күші қалай өзгереді ?
Екі нүктелік зарядтың кулондық әсерлесуінің күші әр зарядты 3 есе арттырғанда, олардың арасындағы қашықтық 2 есе азайса, қалай өзгереді? ?
Екі нүктелік зарядталған денелердің арақашықтығын 3 есе арттырса, олардың өзара әсерлесу күші неше есе өзгереді?
Екі нүктелі зарядталған дененің бірінің зарядын 5 есе арттырса, олардың өзара әрекеттесу күші неше есе өзгереді?
Екі нүктелік зарядты диэлектрлік өтімділігі 7-ге тең ортадан вакуумға ауыстырғанда олардың кулондық әсерлесу күші қалай өзгереді, егер зарядтар арасындағы қашықтық өзгеріссіз қалса??
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Кулон заңы. Тест А -1 1.Эбонит таяқшаны электрлегенде оның заряды -3,2·10 Кл-ға тең болды. Эбонит таяқшаның массасы ...
а) 3,6·10 кг-ға артты;
б) 3,6·10 кг-ға кеміді;
в) 1,8·10 кг-ға артты;
г) 1,8·10 кг-ға кеміді;
д) өзгермеді.
2. Электр заряды +5·e су тамшысынан электр заряды -3·e су тамшысы бөлініп кетсе, тамшының қалған бөлігінің заряды:
а) − 8·e; б) +2·e; в) − 2·e; г) +8·e; д) +4·e.
3. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы өзара әсерлесу
күші неге тең? Кл.
а) 2,3·10 Н; б) 2,3·10 Н; в) 2,3·10 Н; г) 4,6·10 Н; д) 2,3·10 Н.
4.Егер әрқайсысының зарядын 2 есе азайтып және оларды вакуумнен диэлектрлік өтімділігі 2,5 ортаға апарып орналастырса, бірдей екі зарядталған шарлардың арасындағы өзара әсерлесу күші қанша есе азаяды?
а) 5 есе; б) 10 есе; в) 20 есе; г) 4 есе; д) 8 есе.
5.Зарядтары q және 7q бірдей екі кішкентай металл шарларды бір-біріне жанастырады да, бұрынғы арақашықтыққа апарып орналастырады.Шарлардың арасындағы өзара әсерлесу күші ...
а) 2,3 есе артты; б) 7есе кеміді; в) 4 есе артты; г) 4 есе кеміді; д) өзгермеді.
6. Төменде келтірілген F(r) графиктердің қайсысы нүктелік екі зарядтардың өзара әсерлесу күшінің олардың арақашықтығына тәуелділігін сипаттайды?