2. Виктор Григорьевич Алексанкин, Наталия Елманова. «Borland C++ Builder». Электронный учебник.
Визуал бағдарламалауға кіріспе
Жоспар:
1. C++Builder ортасы
2. Жобалық файлдары
3.InputBox және ShowMessage диалогтық терезелері
1. C++Builder ортасы
Интеграцияланған ортамен танысу үшін алдымен оның негізгі құрал-саймандарымен танысу қажет:
Компоненттер палитрасы - қосымша құру үшін арналған және қайталана қолданылатын 100 аса компоненттер жиыны болып табылады.
Қосымшалар редакторы- пайдаланушының бағдарламалық интерфейсін құру үшін арналған.
Код редакторы - бағдарлама мәтінін жазу үшін, әсіресе оқиғаларды өңдеу функцияларын жазуға арналған терезе.
Обьектілер инспекторы – кез-келген обьектінің қасиетні бағдарлама кодын жазбай-ақ өзгертуге және сол бьектілер реакциясының кодын байланыстыруға мүмкіндік беретін терезе.