2. StringGrid - жолдар кестесi
StringGrid компоненті жолдардан тұратын кесте болып табылады. Кестедегі деректер тек оқылады немесе редактрленеді. Кестеде жоғары-төменге айналдыратын жолақтары болуы мүмкін. StringGrid компоненті ең алдымен мәтіндік ақпараттарды кесте түрінде көрсетуге арналған.
Компоненттің негізгі қасиеттері:
-System:: AnsiString Cells [int ACol] [int aRow] – ұяшықта Acol және Arow индекстері бар жол.
-Classes::TStrings*Cols[int Index]- бағанда Index деген индексі бар объекттерге байланысқан жол тізімі.
-Classes::TStrings*Rows[int Index]- жолда Index деген индексі бар объекттерге байланысқан жол тізімі.
-System::TObject*Objects[int ACol] [int ARow] – ұяшықта Acol және Arow индекстері бар жолмен байланысқан объект.
Мәтіндерді жеке ұяшықтарға немесе бірден жол мен баған бойынша TString көмегімен енгізуге болады.
1-мысал:
Y=A*B векторының мәнін есепте. Мұндағы, А – N*N өлшемді квадратты матрица. Y және В бірөлшемді массивінің - N өлшемі. Y векторының элементі төмендегі формула бойынша анықталады:
N мәнін Edit -ке және А мен B мәнін – StringGrid компонентінене енгізіңіз. Нәтижесін StringGrid компонентіне шығарыңыз. Диалог панелі және бағдарламаның орындалу нәтижелері 1-суретте көрсетілген.
1-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |