Обьектілер қоймасында өңдеу процессі кезінде уақытты тиімді пайдалану үшін қолданылатын қосымшалар мен берілгендер модульдері орналасқан.
C++Builder тілінде қосымшаны визуальды түре құрудың әдісін компоненттер палитрасындағы компоненттер көмегімен жүзеге асыруға болады.
C++Builder интегралды ортасының негізгі визуалды құрал-саймандары.
Тышқанды компоненттер үстімен жүгірте отырып олардың атауларын байқауға болады. Егер Ғ1 пернесі басылса таңдалған компонент жөнінде толық мәлімет алуға болады.
2. Жобалық файлдары
C++Builder тілінде бастапқы 3 файл бір-бірімен байланысты:
Unit1.cpp – сіздің қосымшаңызды орындалуына мүмкіндік беретін кодтық файл. Осы файлда пайдаланушының компоненттер обьектілеріне әсер етуі үшін орындалатын бағдарламаның реакциясына жауап беретін оқиға өңдеушілер жазылады.
Unit1.h – мұнда барлық обьектілер мен олардың конструкторлары жариаланады. Бұнда _fastcall функциясының көмегімен параметрлер стек арқылы емес, орталық процессордың регистрлері арқылы тасымалданады. Оқиғаларды өңдеушілерді шақыру жиі орындалатын әрекет, сондықтан стек жадысынан таңдалатын параметрлерге жұмсалатын уақытты үнемдеу әрекеті анық байқалады.
Project1.cpp – қосымшадағы барлық обьектілерге қызмет көрсетеді. Кез келген жаңа форма, бағдарламалық модуль немесе берілген модуль жобалық файлға автоматты түрде қосылады.
Код редакторы
Код редакторы – тәуелсіз түрде обьектілік файлға компиляциаланатын (Unit1) бағдарламалық модуль мәтінін редакциялауға және оны көріп шығуға арналған ыңғайлы әрі тиімді құрал болып табылады.
Модуль 2 бөлімнен тұрады: кеңейтілуі .һ жариялама файлдан және кеңейтілуі .срр кодтық файлдан.
Жаңа проект немесе форма құру үшін төмендегі команданы орындаймыз:
File->New->Application-жаңа қосымшаны құру
File->New->Form- жаңа форма құру
File->New->Unit- жаңа модуль құру
File->Open ->Project-жоба ашлылғанда
File->Open->-модуль мәтіндік файлы ашылғанда.
Шартсыз жағдайда (по умолчаниию) кеңейтілуі .срр кеңейтілуі бар кодтық файлдар ұсынылады. Бұл жағдайды өзгерту үшін Directories\Conditionals вкладкасындасында options->Project командасын беру керек.
Модуль мәтінін редакциялау үшін View->units командасымен тізімнен қажетті моудльді таңдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |