void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)
{
{Программа мәтіні}
}
Edit және Memo компоненттері жұмыс жасайтын мәліметтер String түрінде болады. Сондықтан TForm1.Button1Click процедурасында StrToFloat функциясы көмегімен X,Y,Z айнымалыларына Edit1,Edit2,Edit3 өрістерінің мәндері меншіктелген кезде, String түріндегі мәліметтердің Extended түріндегі жылжымалы нүктесі бар нақты мәндер түріне ауысуы орындалады. Бүтін түрдегі мәліметтермен жұмыс жасау керек болса, StrToInt функциясы пайдаланылады. Мәліметтерді нақты мәннен жолдық мәнге ауыстыру үшін және шығаратын нәтижені ұсынатын форманы басқару FloatToStrF функциясы пайдаланылады.
2.Функциялар
Функция параметрлері – ішкі программаға берілетін бастапқы мәндер мен нәтижелік мәндердің көшірмесі.
Функция – бұл аяқталған әрекетті орындайтын операторлар тобы. Олар программаны жеке блоктарға немесе модульдерге бөліп, басқауға мүмкіндік береді. Бұл программа құрылымын жеңілдетеді. Функцияны қолдану үшін оның қалацй жұмыс жасайтынын білу міндетті емес, тек қана жазылып, бірнеше рет ұшақырылуы мүмкін.С/С++ тілінің негізгі программалық кодын осы функциялар құрайды.Бұл тілдердегі кез келген программада ең кемінде бір функция – main ( ) функциясы болады. Ол программаның аяқталу кодын қайтарады.
Әрбір функцияның прототипі, яғни алдын ала хабарланған функция тақырыбы болуы керек. Тақырыбында функция аты, қайтарылған нәтиже типі, сонымен қатар қанша және қандай типті аргументтер берілуі керектігі көрсетіледі.
Функцияның жалпы сипатталу синтаксисі төмендегідей:
Нәтиже_типі функция_аты (аргумент_типі аргумент_аты ...)
{
...
Функция денесі
...
}
Нәтиже_типі – функцияның қайтаратын мәні;
Функция_аты – фунцкияның аты;
Аргумент_типі – фунцкияда қолданылатын формальды аргумент типі;
Аргумент_аты – фунцкияда қолданылатын формальды аргумент аты.
Мысал:
float function(float x, float z)
{
float y;
y=x+z;
return(y);
}
Бұл мысалда қайтарылып отырған функция мәні у ал оның типі нақты (float y) болып табылады.
Функцияның аргументтеріне x және z айнымалылары атады.
Функция туралы сөз болғанда екі түрлі аргумент, біріншісі – нақты аргумент, екіншісі формальды аргумент туралы айтылады. Нақты аргумент функцияны шақырғануақытта беріледі, ал формальды аргумент функция сипаттамасында ғана қолданылады.
Формальды аргмент әр түрлі типті болуы мүмкін: char, int, float, double және void типі функцияда формальды аргумент көрсетілмеген уақытта қолданылады.
Функция нәтижесінде ешқандай мән қайтарылмайтын болса void типімен сипатталады.
Функцияның жүйелік және өзіндік деген екі типі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |