2.Memo компоненті
Memo компонентінің қасиеттері:
Lines – өрістің мазмұнына сәйкес келетін қатарлар массиві. Қатарға қол жеткізу үшін номер бойынша жүргізіледі. Қатарлар 0–ден бастап нормерленеді.
ScrollBars – memo компонентіне айналдыру жолақтарын орнату.
Компоненттің әдістері:
Savetofile(файл аты) – көрсетілген мәтіндік файлға компонент мазмұнын жазу.
LoadFromFile (файл аты) – көрсетілген файлды ашу.
Copytoclipboard – ерекшеленген облысты алмастыру буферіне көшіру.
PasteFromClipboard – алмастыру буферінен кірістіру.
CutToClipboard – алмастыру буферіне кесіп алу.
Undo – соңғы әрекетті қайтару.
SelectAll – барлығын ерекшелеу.
Clear – тазалау.
ClearSelection – ерекшеленген облысты тазалау.
Exchange (қатар 1, қатар 2) – бірінші қатарды екінші қатармен алмастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |