1. Си туралы түсінік


Бағдарламалау тілінің компоненттері



бет6/54
Дата06.01.2022
өлшемі2,99 Mb.
#14337
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
№1 сабак

2. Бағдарламалау тілінің компоненттері

C++ Builder-дiң стандартты компоненттерi және олардың қызметі төменде көрсетілген:



Курсор – бұл компонент емес, тек кез- келген объектiнi таңдауды жылдам болдырмау үшiн қажет пиктограмма.

TMainMenu – Бағдарламаға негiзгi менюдi орналастыруға мүмкiндiк бередi. TMainMenu-дi формаға орналастырғанда тек иконка болып көрiнедi. Осындай типтi иконкаларды "көрiбейтiн компоненттер" деп атайды, өткенi олар бағдарламаның орындалу барысында көрiнбейдi. Менюдi жасау 3 қадамнан тұрады: 1) формаға TMainMenu-дi орналастыру; 2) Меню дизайнерiн объектiлер инспекторының Items қасиетiнен шақырту; 3) меню дизайнерiнде меню пунктерiн анықтау.



TPopupMenu жылжымалы менюдi жасауға мүмкiндiк бередi. Бұл меню типi берiлген объектiлерге тышқанның оң жағындағы батырмасын сырт еткiзгенде пайда болады. Барлық көрiнетiн объектiлерде PopupMenu қасиетi болады, ол жерде қажет меню көрсетiледi. PopupMenu негiзгi менюге ұқсас жасалынады.

TLabel – экранда мәтіндi бейнелеу үшiн қызмет етедi. Объектiлер инспекторында Font қасиетiне екi рет шерту арқылы белгi (метка), шрифт пен түсiн өзгертуге болады. Программаны орындау барысында мұны бiр жол кодты жазып қана оңай өзгертуге болады.

TEdit – енгiзуге арналған Windows-тың стандартты басқару элементi. Ол мәтіннiң қысқаша фрагментiн бейнелеу үшiн қолданылады.

TMemo – Tedit-тiң басқаша формасы. Үлкен көлемдi мәтіндермен жұмыс iстеуде пайдаланылады. TMemo сөздердi тасымалдауға, мәтін фрагментiн ClipBoard-қа сақтауға және оларды бұрынғы қалпына келтiруге және т.б. редактордың негiзгi функцияларын атқарады. TMemo мәтін көлемiне 32 Кб-қа дейiн шектеу қояды. (шамамен 10-20 бет)

TButton программаны орындау барысында батырманы шерткенде қандай да бiр әрекеттi орындауға мүмкiндiк бередi. Формаға TButton компонентін орналастырып және онда шеркенде батырма үшін төмендегі оқиға өңдеуіші жасалады.

void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{ };

TCheckBox жанында кiшкене терезесi бар мәтін жолын бейнелейдi. Терезеде бiр нәрсе таңдалғаны туралы белгi қоюға болады. Мысалы, компиляторды орнату сұқбат терезесiнің (менюдiң Options / Project пунктi, Compiler парағы) тек CheckBox-тан тұратынын көруге болады.

TRadioButton бiрнеше опциядан тек бiреуiн ғана таңдауға мүмкiндiк бередi. Options / Project диалогын ашып және Linker Options парағы таңдалынса, онда Map file және Link buffer file секциялары RadioButton жиынтығынан тұратынын көруге болады.

TListBox жылжымалы тiзiмдi көру үшiн қажет. Windows ортасындағы ListBox-тың классикалық мысалы - көптеген қосымшалар менюiндегі File/Open пунктiндегі тiзiмнен файлды таңдау. Файл немесе директорий аттары ListBox -те орналасады.

TComboBox көбiне ListBox-ты еске түсiредi, бiрақ ол төмен қарай ашылатын тізімнен тұрады.

TScrollbar – айналдыру жолағы редакторлеу объектiлерiнде ListBox-тағы мәтіндi ашып көру қажет болғанда автоматты түрде пайда болады.

TGroupBox визуалды мақсаттар үшiн және Windows-қа формадағы компоненттерге өту тәртiбiн көрсету үшiн қолданады (TAB түймешесiн басу арқылы).

TRadioGroup – TgroupBox-қа ұқсас және ол TRadioButton объектiлерiн топтастыру үшiн пайдаланылады.

TPanel – TgroupBox-қа ұқсас басқарушы элемент, көркемдеу мақсаттарында қолданылады. TPanel-дi қолдану үшiн оны тек формаға орнатып, басқа компоненттердi Tpanel-ге қою керек. Tpanel-дi қозғалтқанда ондағы компоненттер де бiрге жылжиды. TPanel сонымен қатар айналдыру жолағы мен статус терезесiн жасауда қолданылады.




2-сурет. Компоненттердің орналасу ретінің жобасы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет