26.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндіріңіз Мемлекеттік жауапты лауазым иелері, мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілеттігі бар тұлғалар, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалар (Қазақстан Республикасының президентіне үміткерлер, ҚР Парламентінің депутаттары немесе маслихат депуттары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондайақ, жергілікті сайланбалы өзін өзі басқару органының мүшелерісіз), мемлекеттік функцияларды атқаруға өкілеттік берілген үміткерлердің қызметтік бабын өзіне, топтардың және қызметке қатысы жоқ басқа мүделерде қолдануға іс-қимыл жасауына жол бермеу мақсатында, осы тұлғалардың ерекшеліктері есепке алынып, сыбайлас жемқолыққа қарсы өздеріне шектеулер қабылдайды.
· мемлекеттік функцияларды атқаруда үйлесімділігі жоқ іс-қимылдар жасамау.
· жақын туыстары, жұбайы және жекжаттарымен үйлесімді қызмет атқармау.
· ресми таратуға рұқсат етілмейтін қызметтік және басқа ақпараттарды мүлік және мүлікке жатпайтын пайдалар табу мақсатында қолданбау.
· ҚР заңдарына сәйкес қызметтік өкілеттілікті орындау барысында сый-ақылар қабылдамау.
Сыбайлас жемқорлық ескеріліп Заңдармен реттелетін жекелей мемлекеттік функцияларды орындау ережесіне басқа да құқықтық нормаларды қолданып шектеулер қойылуы мүмкін.Тұлғалар сыбайлас жемқолыққа қарсы шектеулермен келісімін ұжымдардағы тиісті персоналдарды басқару басқарма қызметіне жазбаша түрде ұсынады.
Тұлғалардың сыбайлас жемқолыққа қарсы шектеулерді қабылдамауы, лауазымға қабылдаудан немесе жұмыстан босатуға, қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаған жағдайда және әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері болмаған жағдайда олардың мемлекеттік қызметі немесе өзгеде байланысты қызметі тоқтату үшін негіз болып табылады.
27.ҚР-да сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерге мысал келтіріңіз? Күрделі, тарихи өзгермелі, жағымсыз әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениетінің дамуының алғашқы кезеңдерінде пайда болғаны белгілі.Сыбайлас жемқорлық мәселесі барлық елдерде бар, әлеуметтік-экономикалық прогреске кедергі келтіреді, ол тек өзіне тән көріністерімен және ауқымымен ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен оның қазіргі жағдайда көрініс беруіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтау қажет.Сыбайлас жемқорлықтың себептері келесі аспектілер болып табылады:
- іргелі (экономикалық институттар мен экономикалық саясаттың жетілмегендігі, саяси шешімдер қабылдау жүйесінің жетілмегендігі, бәсекелестіктің жоқтығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, экономиканың жекелеген секторларының монополиялануы, ресурстық базаға мемлекеттік бақылау, даму деңгейінің төмендігі азаматтық қоғам, сот жүйесінің тиімсіздігі)
- ақпараттық (мемлекеттік механизмнің ашық еместігі, сөз бен баспасөздің нақты еркіндігінің жоқтығы, оффшорлық аймақтардың болуы, сыбайлас жемқорлық мәселесінің зерттелмегендігі)
- құқықтық (заңның әлсіздігі, нақты заңнамалық базаның жоқтығы және заңнаманың тым жиі өзгеруі, халықаралық құқық нормаларының сақталмауы, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаның жеткіліксіздігі, сот шешімдеріне ықпал ету мүмкіндігі, субъективті түсіндіруге мүмкіндік беретін нормалардың болуы. нормативтік актілер)
- әлеуметтік (кландық құрылымдар, қандастық дәстүрлері, мүдделер қақтығысы, блат, сыйлық-пара «беру» дәстүрі, сауаттылық пен білім деңгейінің төмендігі)
- ұйымдастырушылық-экономикалық (тиімсіз бюрократия, мемлекеттік қызметкерлердің салыстырмалы түрде төмен жалақысы, бақылау жүйесінің әлсіздігі, үлкен аумақты басқарудағы қиындықтар)
- мәдени-тарихи (бюрократиялық мінез-құлық нормаларының қазіргі жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа немқұрайлы көзқарасты қалыптастыратын бұқаралық мәдениет, тарихи даму ерекшеліктері)
Сондай-ақ, Астана қаласының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың үш себебі бар – бұл жағдайлар, құқықтық сауатсыздық және менмендік.