1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»



бет1/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Жемкорлык сессия жауаптары


1.Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз;
Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді.
Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.


2.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сипаттап жазыңыз?

2015 жылғы 18 қарашада қабылданған ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заң елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын барынша іске асыруға бағытталған. Заң жобасының не және кімге әсер ететінін қарастырайық: жеке және заңды тұлғаларға, елде де, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін Қазақстан азаматтарына.
Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.
.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, бірінші кезекте, мемлекеттік қызмет саласына қатысты бұзушылықтар болып табылады және бұл кездейсоқ емес.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сыбайлас жемқорлықтың келесі анықтамасы берілген: «... заңда жеке немесе делдалдар арқылы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар өздерінің қызметтік өкілеттіктерін және оларға меншік құқығына ие болу мүмкіндіктері немесе оларды басқа да тәсілдермен пайдалану, сондай-ақ оларды жеке және заңды тұлғалардан заңсыз беру жолымен оларды сатып алу сол игіліктер мен артықшылықтарда көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтерді дамыту және мемлекеттік аппараттың жұмысын ақпараттандыру,лауазымды тұлғалар мен азаматтардың тікелей байланыстарын қысқарту және сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды азайту бойынша кешенді шаралар қабылданды.
5 тарау, 27 баптан турат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет