41.Діни нормалар мен құндылықтарды қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қағидаттары ретінде тауып, сипаттаңыз; Діни сауатты адам бұл дүниеде арам жолмен табылған дүние-мүліктің оған қайырлы болмайтынын, ал ақиретте осы заңсыз әрекеттері үшін Аллаһ Тағала алдында жауап берерін анық түсінсе, тәубеге келіп, арам пиғылынан қайтып, ізгі амалдар жасауға ұмтылар еді деп ойлаймын. Өйткені кейбір азаматтарымыз обал- сауапты ойламай қазынаның мүлкін, не өзге азаматтардың мүлкін еш қымсынбай жымқыратыны, және бұл құбылыстың кең етек алып отырғаны баршаға аян.
Әлемдік деңгейдегі көне заманнан келе жатқан мерез - жемқорлық мәселесі мұсылман елдерінде де белең алып отыр. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады
Әлемдік деңгейдегі көне заманнан келе жатқан мерез - жемқорлық мәселесі мұсылман елдерінде де белең алып отыр. Ислам діні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жеке тұлғалық және ұжыммен бірлесе жүзеге асырған. Шариғаттағы жемқорлықтың үкімі - харам. Яғни, үзілді-кесілді тыйым салынған. Асыл дінімізде жемқорлық үлкен күнәлар қатарына жатады
(Бақара сүресі,188-аят):
«Араларыңдағы малдарыңды арам жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар»,-делінген
Әбу Хумайда әл-Сағидия (р.а) жеткізген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Лауазымдық қызметтегі тұлғаға берілген сыйлық - арам жолмен табылған жалақысы», - деген екен.
Абдулла Ибн Омар (р.а): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) пара берушіні де, пара алушыны да лағнеттеген»,-деп тұжырымдайды
Ислам дінінде жемқорлық туралы түсінік
Ислам діні сыбайлас жемқорлық пен пара берудің қандай да бір түріне Құран мен сүннет дәйектеріне сай қатаң тыйым салып, тіпті, ауыр күнәлар санатына жатқызған. Шариғат шеңберіндегі тыйымдардың барлығы адам мен қоғамның дамуына негізделген. Аллаға шынайы құлшылық-ғибадат жасап, айтқандарын бұлжытпай орындауға ден қойған жанның үйіне құт-береке ұялайды. Кез-келген жан сыбайлас жемқорлық сынағына ұшыраған сәтте лезде Алланы еске алып, қиямет күніндегі халін ескерсе, отбасындағы Алланың берген берекесін ұмытпай, әрдайым шүкіршілік қылса
«Бүгінде құқықтық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күреске бағытталған бірқатар реформалар жүргізілді. Бірақ олар жеткіліксіз. … Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдау қажет. Мемлекет қызмет өкілеттігін жеке мақсаттарға пайдалану тиімсіз əрі мүмкін емес болатындай жағдайлар жасауы керек. Ол үшін осы жұмыстағы əлемдік озық тəжірибелерден үйренген жөн.»