1. Сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріңіз; Сыбайлас жемқорлық» сөзі латын тілінен «corumper»


сұрақ:Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруді сипаттап көрсетіңіз?



бет7/44
Дата14.05.2023
өлшемі141,09 Kb.
#93064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Жемкорлык сессия жауаптары

13 сұрақ:Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруді сипаттап көрсетіңіз?
Мемлекет әрқашанда мемлекеттік қызметтер көрсеткендігі анық. Дегенмен, бұл қызметті мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша процедура ретінде мойындау тек қана дамудың демократиялық тұғырына өткеннен кейін ғана мүмкін болды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы өз табиғатында, мемлекеттік аппарат қызметінің сыбайлас жемқорлыққа бейім бағыттарының бірі болып табылады. Себебі осы салада мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданушылардың, яғни қарапайым азаматтар, кәсіпкерлер және және т.б. арасында тікелей қарым-қатынас жүзеге асады. Өз кезегінде, мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік органдардың монополиялық тәуелділігіндегі игіліктер ретінде қарастыру қалыптасқан. Сондықтан, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің болу қаупі қатар жүреді.
Мемлекет өзінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі осылай түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламада мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін «электрондық» форматқа өткізу бойынша міндеттер қойылған болатын.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан мемлекеттік 
көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру процесінің артықшылығы жөніндегі ойлар ғылыми әдебиеттерде де жиі кездеседі. Мысалы, В. В. Солодовтың пікірі бойынша «электрондық үкіметті енгізу мемлекеттік қызмет көрсетулерді тұтынушылар мен шенеуніктердің арасындағы қарым- қатынастарды өзгертуге ықпал етеді: мемлекеттік қызмет көрсетулер стандартталған, белгілі бір тұлғаларға қатысты емес сипатқа ие болады, ал бұл сыбайлас жемқорлық тетіктерін қолдануды төмендетеді».Мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру «ашықтық» қағидатын жүзеге асыруға көмектеседі, себебі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімінде көрсетілетін қызметтерді қанағаттандыру немесе бас тарту себептерін бақылау мүмкіндігі бар. Бұл туралы М.О. Изотов мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтығы және олардың 
қоғамдық құрылымдар үшін «айқындығы» бойынша іс-шаралар қабылдау шенеуніктердің жөнсіз әрекеттерін азайтуға және қоғамдық бақылауды күшейту мүмкіндіктері арқылы қоғамдағы биліктік қатынастардың 
өзгеруіне әкелуі тиіс деген пікірді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет