1 Сын тұрғысынан ойлау және Керативті ойлау



бет1/6
Дата14.06.2023
өлшемі269,38 Kb.
#101279
  1   2   3   4   5   6

1 Сын тұрғысынан ойлау және Керативті ойлау

Сыни тұрғыдан ойлау әлдеқайда қатаң ұстанымды қабылдайды. Сыни тұрғыдан ойлаудың бір ерекшелігі - бұл шығармашылық ойлау сияқты кең емес. Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын процесс. Сыни тұрғыдан ойлау белгілі бір ойға, идеяға тәуелді болып келеді.


Креативті ойлау- инновациялық және тиімді шешімдерге қол жеткізуге және жаңа білімді немесе қиялды тиімді көрсете алуға бағытталған идеяларды әзірлеу, бағалау және жетілдіру процесіне нәтижелі қатысу қабілеті. Егер адам шектеулер мен тыйымдарға үнемі назар аударып отыратын болса, кретивті болу өте қиын. Креативті ойлау өте шексіз және кең. Креативті ойлаудың соңы жоқ. Бұл креативті ойлаудың ерекшелігі. Бұл адамға кедергілерден арылуға және елестетілмейтінді елестетуге, белгілі бір дүниені ойлап табуға мүмкіндік береді. Ақыл креативті ойлау жағдайында кез-келген нәрсені ойлауға еркін. Сыни тұрғыдан ойлау жағдайында сіз бірнеше таңдау жасауға мәжбүр боласыз, ал креативті ойлау жүйесінде бұл басқаша. Креативті ойлау жағдайында әр түрлі таңдау жасалмайды. Креативті ойлау жаңа және ой қозғаушы идеяларды қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан креативті ойлаудың бәрі қиял мен ұшқыр ойға қатысты деп айтуға болады.
Креативті ойлау да ақыл еркін болады. Тұлғаның өз бойындағы идеяны ойлап табуға, оны дамытуға мүмкіндік береді.
Мысалдар
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Оқушылар өзін және өз іс-әрекеттерін басқалармен салыстырмай және өзгелерге еліктемей, өзіндік түсінігі мен өз көзқарасын білдіруде басқалардың пікірінен тәуелсіз болуды үйренуі керек, баланың ойлау деңгейін тәуелсіз ойлауға дейін дамыту және жетілдіру қажет – өз бетінше шешім қабылдауды және таптаурын болған стереотиптерді ұстанбауды үйренуі керек.

2.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет