1 сынып Жаратылыстану Бөлім: «Күш және қозғалыс» бөлім №15 сабақ. Қозғалыс траекториясы Психологиялық ахуал қалыптастыру Мұғалім оқушыларға доппен ойнауды ұсынады. Допты жоғары лақтыруға, дөңгелетуге, бір-біріне лақтыруға және еденге соғуға рұқсат беріледі. Талқыланатын сұрақтар – Добыңның қозғалысы туралы не айта аласың? Олар бірдей қозғала ма? Әлде әртүрлі ме? Жолы түзу (түзу сызық бойынша) немесе қисық (қисық сызықты) болды ма?
нысан
Магнитке тартылады
Магнитке тартылмайды
батырма
+
Қағаз қыстырғыш
+
Резеңке доп
+
Үй тапсырмасы «Тәжірибе алаңы» әдісі
Зерттейік
Оқушыларға көліктер мен жануарлардың қалай қозғалатынын зерттеу жұмысы тапсырылады.
Жаңа сабақ «Кел, ойланайық» Оқулықтағы суреттерге қарап, қай суретте қозғалыс ізі бар екендігін бақылайды. Қозғалыс сызықтары туралы айту, мысалдар келтіру.
тапсырма 1.Аңдардың ізі салынған суреттерден қайсысы ненің ізі екен тап.
2. Көліктердің қозғалыс жылдамдығын анықта. Оларды жылдамдығына қарай орналастыр Жеңіл автокөлік, жүк көлігі, автобус, велосипед.
Сергіту сәті. – Жазу жазып шаршаған саусақтарыңды қалай демалдыруға болады? Достарымен қолды демалтуға арналған жаттығулар жасауды ұсыну ТАПСЫРМА Дәптермен жұмыс
1.Ненің ізі?
2.Із қалдыратын денелерді белгіле.
3. Сағаттың тілі із қалдыра ма?
Сабақты бекіту. «Зерттейік»
Оқушыларға қағаз ұшақтар жасауды ұсыну. Осыдан кейін бірнеше оқушы сыныпта не мектеп дәлізінде бастапқы позицияны ұстап, өздерінің ұшақтарын жібереді. Қалған балалардан ұшақтардың ұшу траекториясын бақылауды сұрау. Тақтада ұшырылған ұшақтардың қозғалысының әртүрлі траекториясын салу.
Қосымша тапсырма 1.1 цифрын айтқан оқушылар шеңбер бойымен тұрады;
2.2 цифрын айтқан оқушылар үшбұрыш құрайды;
3.3 цифрын айтқан оқушылар шаршы құрап тұрады;
4.4 цифрын айтқан оқушылар тік төртбұрыш құрайды.
– Сендердің орындарыңнан
қозғалуларыңа күш әсер етті. Қозғалысты
дене мүшелері арқылы жасадыңдар.
Сендер бір орыннан екінші орынға
ауыстыңдар.
Үй тапсырмасы
Үй айналасындағы шөптердің өсу кезеңдерін ата-анаңмен бірігіп жазып кел.