Жасырынбақ Балалар жасырынбақ ойнады. Кішкентай Қуат іздеуші болды. Ол жасырынғандарды іздей бастады. Көп іздеді, бірақ ешкімді ұстай алмады. Ыза болған Қуат көзіне байланған орамалды жұлып алды да, артында тұрған Жанатты бас салды. Ойын тәртібі бұзылғандықтан ол қайта іздеуші болып қалды.(40 сөз)
Тауық Мұрат тауықтарға жем шашты.Ақ тауық балапандарымен жемді теріп жей бастады.Сол кезде шұбар тауықтың бір балапаны жемге жүгіріп келіп еді, ақ тауық оны қуыр жіберді.(26 сөз)
Қозы Біз қойлы ауылға бардық.Бір қойдың екі қозысы бар екен.Олар енесіз қолдан сүт ішіп өсіпті.Бір қозы-сары, екінші қозы сары ала.Екеуі де жазда көкке тойып, марқайыпты.Біз қозыларға сүт беріп едік, олар ішпеді.(36 сөз)
Мысық Мысық тышқанды қуды.Тышқан етіктің ішіне кіріп кетті.Мысық етікке басын сұқты.Етік мысықтың басына кептеліп қалды.Мысық басын әрі-бері сілкісе де, етіктен басын шығара алдмады.Ыза болған мысық мияулады.(30 сөз)
Көкек Көкек-шағын құс.Ол «көкек, көкек» деп дыбыстайды.Сондықтан оны көкек дейді.Ол бірден артық жұмыртқаламайды.Көкек ұя салмайды.Ол балапан баспайды.Көкек жұмыртқасын кез-келген торғайдың ұясына тастап кетеді.Оны торғай басып шығарады.(35 сөз)
Мойнақ Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар.Мойнақты шеңберден қарғытып өткізбек бодық.Бірақ, күшік шеңберден қарғымады.Қағазға мысықтың суретін салдық.Оны шеңберге жасырдық.Мойнақ суретті көрді.Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп , оқтай атылды. Сөйтіп , Мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.(38 сөз)
Ақ кептер Еркін жаралы кептерді үйге алып келді.Қанаған жеріне йод жағып, дәкемен таңып тастады. Кептерді қорапқа салды да, алдына жем , су қойды. Аздан соң кептер жүре бастады.Үй ішінде ары-бері ұшып, қонды.Еркін жазылған кептерді далаға шығарып жіберді. Ақ кептер әуелеп ұшып кетті. Еркін бұған қатты қуанды.(47 сөз)
Бүркіт Бүркіт-қыран құс.Ол қоян, қарсақ және тышқандарды жейді.Бүркіт кейде ақбөкен мен тауешкінің төлдеріне де түседі.Бұрын қазақтар бүркітті қолға үйретіп, онымен аң аулаған.Үйретілген бүркітті түлкі мен елікті қасқыр мен қарақұйрықты ұстаған.(34 сөз)
Ұя Қарлығаш ұя салды.Бірақ ұяға торғай орналасып алды.Қарлығаш басқа қарлығаштарды көмекке шақырды.Көмек көрсетуге көп қарлығаштар келді.Олар ұядағы қарлығаштарды қуып шықты.Қарлығаш ұясына орналасты.Достарына рақмет айтты.(29 сөз)