Бастауыш сыныптар бойынша білім
кесінділерінің жинағы
(1-сынып)
Құрастырған: Кеншілік Гулбаршын
Бірінші санатты санатты бастауыш сынып мұғалімі
Теміртау қаласы
Түсінік хат
«Бастауыш сыныптар бойынша білім кесінділерінің жинағы» атты әдістемелік кітаптың бастауыш сынып мұғалімдерінің сұранысын қанағаттандыру
барысында қолға алынып, ұсынылып отыр. Мұндай атаудағы жинақтардың бар екені рас, бірақ та қазіргі оқулықтар мен бағдарлама негізінде жасалмаған. Бұл жинақтың ерекшелігі Мемлекеттік оқыту стандарты бойынша талапқа сай оқулықтар негізінде тоқсандық білім кесінділері әртүрлі деңгейдегі сыныптардың білімін есепке ала отырып құрылған.Математика, қазақ тілі және дүниетану пәндері бойынша 1-4 сынып оқушыларының білімдерін бақылау негізінде диктанттар мен бақылау жұмыстары, тестер ұсынылады. Білім кесінділерін әр мұғалім өз сыныбының білім деңгейіне сай жеңіл немесе күрделі түрін таңдай алады.
Бұл 1-сыныптағы математикалық ұғымдар мен тәсілдерді үйрену барысында
оқушының өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі дамытушы субъектісін қалыптастыру үдерісінде көмек көрсетуге негізделген құрал.
Алғашқы кезеңнен бастап 1-сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу төмендегі құзыреттіліктерді талап ететіні белгілі:ең алдымен ерекше қамқорлық, шыдамдылық,
тапқырлық, шеберлік қажет; әрі қарай оқушылардың әртүрлі дайындық деңгейін ескере отырып,оларды мектеп
өміріне бейімдеуіміз қажет;сонымен қатар олардың әртүрлі психологиялық, танымдық ,жеке дара ерекшеліктерін ескеруге тура келеді және ойын әрекетінен біртіндеп оқу
іс-әрекетіне көшуді іске асыру, тұлғаны тәрбиелеу,дамыту,математика пәніне деген қызығушылығын оята отырып, жіберілген олқылықтарды түзетудің
жолдарын қарастырып,саралап отыру қажеттігі туындайды.
1-сынып бойынша берілетін тапсырмалар математика пәнінің мазмұнына сәйкес жүйеленеді,олар:
1.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі)
2.Математикалық ұғымдар және іс-әрекет тәсілдері
3.10 көлеміндегі сандар
4.Кестелік
қосу және азайту
5.Ондықтар.Жүз.
6.Біз нені үйрендік?