Өзіндік және бақылау жұмыстарын бағалау : «5» қатесіз орындалса;
«4»- 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате кетсе және есепті шығаруда өрескел қате кетпеуі тиіс;
«3»- 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате кетсе және есепті шешу барысы дұрыс болуы тиіс;
«2» - 4 өрескел қате кетсе.
Өрескел қателер: 1.Мысалдар мен есептердегі есептеулер жүргізудегі қателер.
2.Арифметикалық амалдардың дұрыс орындалмауы.
3.Есептің шығарылмауы (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдамау,артық амалдар орындау).
4.Есептің немесе мысалдың толық орындалмаы.
5.Мүлде орындалмаған тапсырманың болуы.
Өрескел емес қателер: 1.Есептеу тәсілінің тиімсіздігі.
2.Есептегі амалға сәйкес сұрақтың жұрыс қойылмауы.
3.Есеп жауабының дұрыс тұжырымдалмауы.
4.Берілген сандар мен белгілердің дұрыс көшілілмеуі;
5.Жұмыста кеткен грамматикалық қателер үшін математикадан бағасы кемітілмейді.Жұмыстың қалай болса солай безендірілуі, каллиграфиялық ережелердің сақталмағаны үшін математикадан 1 балл кемітіледі, алайда 3-тен кем балл қойылмайды.
Осы құралда 1-сынып оқушыларына арналған тапсырмалар мен білім кесінділерінің тізбегі, нұсқалары берілген, сонымен қатар 1-сыныпта оқытылатын басқа пәндер бойынша да тапсырмалар үлгісі енгізілген. Сонымен қатар бірнеше қызықты ойын түрлері де енгізіліп отыр.
сынып оқушыларына арналған білім кесінділері
І.Қарапайым түсініктер (дайындық кезеңі). 1 .
Осы шеңбердің жанына бұған қарағанда кішірек шеңбер сыз. 2 .
Осыған ұқсас фигураны сал.Жасыл түсті қарындашпен боя. 3 .
Жазуды жалғастыр.
4.Жазуды жалғастыр және боя.Сызбада қандай фигураларды көріп тұрсың?