1-сыныпқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


«Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны



бет3/36
Дата18.10.2023
өлшемі215,47 Kb.
#118952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
1орта мектеп 1сынып

«Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны:

Тыңдалым мен айтылым:



Оқылым



Жазылым:



- мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;
- сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;
- фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;
- орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;
- сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;
- тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;
- сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау,
рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;



- сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;
- дыбыстардың мағына ажыратушы қызметін түсіну;
- сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);
- сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;
- дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен таңбаланатынын білу, жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;
- қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге тілден енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;
- сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу;
- сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;
- мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты түсіну;



- тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) сызбалар арқылы модельдеу;
- жазу жұмысына дайындық (денені дұрыс ұстау, қолды дұрыс қойып отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты, қаламды дұрыс ұстау); кеңістікте бағдарлау дағдысы (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, босаралық, көлбеу, тік); сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу;
- бас әріп пен кіші әріптерді талапқа сай көркем жазу; дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап, әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;
- әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;
- көшіріп жазу, есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;
- сөздерден сөйлем құрау;
- қатесіз және көркем жазуға дағдылану;
- бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;
- сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу.

Ескерту: тыңдалымматериалыныңкөлемі: 30 сек-1мин.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет