1-сыныпқа «Цифрлық сауаттылық» пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар ТҮсінік хат


Оқу пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады



бет7/15
Дата27.09.2024
өлшемі148 Kb.
#145924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
түсінік хат 1-4 cынып 399 буйрык инф 2023-20234

Оқу пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:
1) Ақпараттық этикет
2) Менің алғашқы суретім
3) Біздің өміріміздегі алгоритм
4) Бағдарламалар
5) компьютер;
6) ақпаратты ұсыну және өңдеу;
7) интернет желісінде жұмыс істеу;
8) есептей білу;
9) робототехника.
1. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) компьютердің құрылғылары;
2) программалық қамтамасыз ету;
3) қауіпсіздік.
2. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:
1) мәтіндер;
2) графика;
3) презентациялар;
4) мультимедия.
3. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) ақпаратты іздеу;
2) ақпаратпен алмасу.
4. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:
1) алгоритмдер;
2) программалау.
5. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:
1) жалпы робототехника;
2) роботтың қозғалысы;
3) датчиктер мен қозғалтқыштар.
2-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) "Компьютер":
компьютер құрылғылары: енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығару құрылғылары (монитор, принтер, дыбыс шығарғыш/ құлаққап); программалық қамтамасыз ету: файлдар және бумалар түсінігі, меню командаларын қолдану; қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтау, желіде орналасқан ақпараттардың шынайылығы мен пайдасы;
2) "Ақпаратты өңдеу және көрсету":
Мәтіндер: мәтіндік редакторда сөйлемдерді теру, қаріпті және абзацты пішімдеу (қаріптің жазылу стилі, түсі, түзету), құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; Графика: суретті өңдеу; қию, бұру, өлшемін өзгерту, суреттің фрагментін көшіру; Мультимедиа: дыбыс жазу және дыбысты ойнату, дыбыстық эффектілер, дыбысты өңдеу;
3) "Интернет желісінде жұмыс істеу": берілген тақырып бойынша ақпаратты іздеу үшін браузерді пайдалану, қосымшалар арасында деректермен алмасу;
4) "Есептей білу": алгоритмдер: сызықтық алгоритм, алгоритмнің сөздік формасы, алгоритмнің графикалық формасы; программалау: атқарушының командалар жүйесі, лабиринт.
Бағдарламалау: ендірілген графикалық редакторда ойын бағдарламалау ортасын құру, пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру, кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогты ұйымдастыру;
5) "Робототехника": Робот қозғалысын ауызша түрде берілген алгоритм бойынша ұйымдастыру, сенсорлық сенсорды пайдалану, робот үшін аудио файлды жүктеу, робот үшін бағдарламаны әзірлеу кезінде дыбысты пайдалану, құрылған роботты аудиторияға ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет