Билет №19
1. Сөзжасам тәсілдерін атаңыз
Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар:
1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар.Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол.
Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы — өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану — көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс.
2. Лексикалық және синтагматикалық деривация
1.Сөзжасамдық мағына- сөзжасам саласындағы негізгі мәселе. Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, еттей, дөңки, кемі, байы, күрек, бөлме,етікші сыншы, қойшы сияқты туындылардың мағынасында болған өзгеріс өте күшті, түп негізіндегі мағынаның негізінде басқа лексикалық мағына жасалған. Еттей, дөңки, кемі, байы туындылары есім сөздерден етістікке ауысып, қимыл мағынасын береді. Мұндағы түп негізге үстелген қосымша мағынаны ет улу, дөңге, кемге, байға айналу тіркестерібілдіреді. Сондықтан ет пен теттей, дөң мен дөңки, кем мен кемі, бай мен байы сөздерінің лексикалық мағыналары басқа-басқа екені арық көрініп тұр.
2.Сол сияқты күрек, бөлме, етікші, сыншы, қойшы туындылары- күреу қимылын жасайтын құралдың, бөлу арқылы жасалған мекеннің, баспананың, етікті тігіетін, сын айтатын, қойды бағатын мамандырдың аты. Ал сұра–сұрау, тара-тарау, жүр-жүріс, жел- желіс сияқты түп негіз бен тукындыларды салыстыру олардың ленсикалық мағынасында айырманың аздығын аңғартады. Түп негіздердегі қимыл мағынасы туындыларда сақталған, тек сол қимылдар есім арқылы аталған.
Осымен байланысты сөзжасам мағынасы лексикалық деривация, синтаксистік деривация деп екіге бөлінеді. Лексикалық деривацияда түп негіздің мағынасы мен туындының мағынасында үлкен айырма болады да олар бірімен- бірі тең бола алмайды. Бұған жоғарыда келтірілген бірінші топтағы мысалдар жатады.
3.Синтакасистік деривацияда түп негіз бен туындының лексикалық мағынасы бірдей болады, тек туынды түп негізден басқа сөз табына жатуы арқылы ерекшеленеді, яғни олар синтксистік қызметі жағынан ажыратылады. Сондықтан синткасиситік деривацияға бір сөз табынан екінші өз табына ауысқан туындылар жатады. Бірақ сөзжасамда бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөздердің бәрін синткасиситік деривацияға жататын сөздер деп түсінуге болмайды. Ол синткасиситік деривацияның көрсеткіші деуге болмайды. ¤йткені лексикалық деривацияда сөз табы ауысатын, сөз табы ауыспайтын туындылар да бар.
Лексикалық, синтаксиситік деривация негізінен қосымша арқылы жасалған туындыларға қатысты. Сөзжасамдық басқа тәсілдердің өзіндік ерешелігі де жоқ емес. Сондықтан осы тұрғыда тілде синтагматикалық деривацияны да бөліп қараған дұрыс. Синтагматикалық деривацияға бірнеше түп негіз арқылы жасалған сөздердің мағынасы жатады. Мысалы: көтері, елубасы, жүзбасы, көкдолы, асылзада, автобазы т.б. Мұндай сөздердің мағынасы, негізінен, күрделі сөздің құрылымына енген сыңарлардың-ьяғни түп негіздердың мағыналарының қосындысы болып табылады. Сөйтіп, бір тұтас күрделі ұғымды білдіреді.
3. Бір жұрнақ арқылы бірнеше сөз жасауға бола ма? –шы (-ші), -дама, -хана жұрнақтарынан сөз тудырыңыз
Есімдерден зат есім жасайтын қазақ тіліндегі ең өнімді жұрнақтың біреуі -шы, -ші. А.Ысқақов -шы, -ші жұрнағы арқылы жасалатын төмендегідей зат есім мағыналарын ұсынады:
1) Кәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қой-шы, тіл-ші, әдебиет-ші, тарих-шы т.б.
2) Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңду-шы, бастау-шы, барлау-шы, тергеу-ші т.б.
3) Қоғамдық ағымды я көзқарасты (идеяны) жақтаушының және белгілі бір ұйымға қатысушының атын білдіреді. Мысалы: спортшы, жақаев-шы, иванов-шы т.б.
«-хана «жұрнағының мағынасына зер салсақ;«Кітапхана», «асхана», «дәріхана» сөздеріндегі «хана» жұрнағы парсыша «үй» деген мағынаны білдіреді. Сонда, «кітапхана» - кітаптар үйі, «асхана» - ас үй деген сөз. Бұрын өнімсіз саналатын бұл жұрнақтың қазір өнімділігі артып келеді. Наубайхана, шеберхана, зертхана, дәмхана, баспахана, перзентхана, сәулетхана;
-нама/-дама жұрнағы арқылы жасалған біраз туынды түбір зат есім сөздер кзғазға түскен, жазылған шығарма, кітап сияқты мән береді. Баяндама, жарнама, ғұмырнама, аялдама;
Билет №20
Сөзжасам жүйесі - сөзжасамдық бірліктердің жиынтығы дегенді түсіндіріңіз
Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды сөз жасалмайды. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктер болып саналады. Олай болса, туынды мағына да оларсыз жасалмайды. Сондықтан туынды мағынаны сөзжасамдық бірліктердің мағыналарының жиынтығы деп қараудың ғылыми негізі бар. Туынды сөздің құрамындағы тұлғалар оның мағынасын жасаушылар болғандықтан, оларсыз туынды мағынаны анықтау мүмкін емес. Бірақ туынды сөздің мағынасын негіз сөзбен са-лыстыру арқылы да дәлелдеуге болады, өйткені салыстыру туынды сөздің Мағынасы негіз сөзден басқа екенін көрсетеді, немесе негіз сөзден туынды сөздің мағынасында қандай болса да, бір өзгешелік барын көрсетеді. Сол мағыналық ерекшелік туынды сөздің мағынасы болып табылады. Сондықтан ғалымдар туынды сөздің мағынасын екі түрлі бағытта зерттегенімен, ол екеуі де туынды сөздің мағынасын анықтау үшін қызмет етеді. Сондықтан туынды сөздің мағынасын анықтауға бұл екі бағыттағы зерттеудін екеуін де қолдану қажет. Алдымен негіз сөз бен туынды сөзді салыстырып, ол екеуінің арасындағы айырманы табу қажет. Бұл салыстыруда негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы айырмашылыққа қарап, ол екеуінің екі сөз екенін анықтау қажет. Мұнда негіз сөзден екінші сөз жасалғаны белгілі болады. Содан келіп туынды сөздің құрамындағы негіз сөз бен жұрнақтың сөзжасамдық мағына жасауға қатысы анықталады. Сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамындағы тұлғалардың мағынасының қосындысы деген ұғым бойынша олардың әрқайсысының мағына жасауға қатысы анықталады. Ал тілдегі сөзжасамдық бірліктер түрлі-түрлі, әсіресе, олардың бір-бірімен қатысы алуан түрлі. Ол жағдай сөзжасамдық мағынаға әсер ететіні сөзсіз. Сондыктан сөзжасамдық бірліктердің қай түрлері қандай жағдайда бір-бірімен қандай карым қатыста болуын анықтау қажет, ол туынды мағынаны айқындауға көмектеседі.
Сөзжасамдық саты туралы не білесіз, мысал арқылы дәлелдеңіз
Сөзжасамдық саты деп ұядағы туынды сөздердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ойла – ойлан – ойландыр – ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. Ондағы ойла - 1-саты, ойлан - 2-саты, ойландыр - 3-саты, ойландыр - 4-саты.
Сөзжасамдық саты ұядағы түбірлес туынды түбір сөздердің бір-бірінен тікелей туындау ретін білдіреді. Мысалы, БОЗ түп негізден жасалған ұяда одан алдымен бозар, бозардан, бозараң, бозараңнан, бозараңда, бозараңдадан, бозараңдат, бозараңдаттан, бозараңдатқыз туынды түбірі жасалған. Сонда түп негізден жасалған бозар туынды түбірі - 1-саты, бозараң - 2-саты, бозараңда - 3-саты, бозараңдат - 4-саты, бозараңдатқыз - 5-саты болып табылады.
Келтірілген мысалдарда туынды түбірлердің түп негізден қандай тәртіппен өрбігені анық көрінді. Ұяның түп негіз сөзі сатыға кірмейді, саты құрамайды. Сол түп негізден бірінші жасалған туынды түбір 1-сатыда болады, одан кейін жасалған туынды түбір 2-сатыда болады, одан кейін жасалған туындылар осы тәртіпті сақтап, бірінен кейін бірі орналаса береді де, саты саны өсіп отырады.
3. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық қалыбын жасаңыз.
Күйші, жыршы, сулық, майлық, әдептілік, қажеттілік, үйлік, айлық, суреткер, іскер, заңгер, өнерпаз, еңбекқор, сәнқой, кітапхана, емхана, әзілқой, тартпа, сүзгі, бұрғы, шеткі, сыртқы, тарсыл, сыртыл, тоқшылық, адамшылық, тазар, жақсар, көгер, ескір, білекте, арқала, жүнде, майла, ұшқын, тасқын, көшкін, бұрқасын, күресін, ықтасын, қуаныш, өкініш, тарақ, қайрақ, сызық, көрік.
Достарыңызбен бөлісу: |