1 синтетикалық тәсіл



бет1/2
Дата10.05.2023
өлшемі30,22 Kb.
#91449
  1   2
Байланысты:
билеты Айжан сөзжасам


Билет №18
1. Сөзжасам тәсілдерінің грамматикалық сипаты
Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады.
Сөзжасамның аналитикалык, тәсілі. Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар:
1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар.Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол.

Сөзжасамның лексика-семантикалык тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.


Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы — өте көп тараған тәсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану — көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс.

2. Сөзжасам нормасы туралы түсінік


Сөзжасамдық норма, яғни қалып. Сөздердің тууында сөзжасамдық тәсіл мен үлгіден басқа қалып та болады. Табиғи тілдің дамуында жаңа туынды атау туғызу үшін қалыптасқан белгілі қалыптар бар. Мұндай қалыптар кез келген тілде болуы заңды. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық қалыптардың да өзіндік белгілері мен заңдылықтары, ерекшеліктері бар. Сөзжасамдық қалып туынды сөзді жасаудың негізгі жолдарын белгілейді. Сөзжасамдық үлгі белгілі бір тұлғалардың жасалуын ғана белгіленетін болса, сөзжасамдық қалып ұғымы одан гөрі кең. Сөзжасамдық қалып жаңа туынды сөз жасалуының жалпы қасиеттері мен заңдылықтарын айқындай алады.
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдердің әрқайсысының өзіне тән сөзжасамдық қалыптары бар. Фонетикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы екі сөзжасамдық қалып пайда болған: дауысты дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар және дауыссыз дыбыстардың сәйкесуі арқылы жасалған қалыптар. Мысалы:
Дауысты дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар:
Көз-көр, ауа-әуе, аса-есе, ызу-із, тұс-тыс, қол-қыл, ақ-әк, асыру-әсірелеу т.б. Ал бұлардың белгілі тектес дыбыстар арқылы туынды сөз жасауы сөзжасамдық үлгіні құрайды.
Дауыссыз дыбыстар сәйкестігі арқылы жасалған сөзжасамдық қалыптар:
Кел-кет, көз-көр, ез-ер, боз-бор, өгіз-өкір, күн-күй, қон-қоң, тығу-сығу, тіре-шіре, атырау-ажырау-айыру, сөз-сөй(ле) т.б.
Семантикалық тәсілдегі сөзжасамдық қалыптар сөздердің синонимдік, антонимдік, көпмағыналық сипаты арқылы пайда болып, дамыған. Мысалы: үй-үй-үй, үйір-үйір-үйір; ат-ат-ат-ат; жан-жан-жан т.б.
Аналитикалық тәсілдің негізгі қалыптары: сөздердің бірігуі, тіркесуі және қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: асқабақ, Сарыарқа, қолғап, т.б.; әке-шеше, бақа-шаян, жігіт-желең, ұзынды-қысқалы т.б.; көзі ашық, қолы ұзын, көз салды, ой салды т.б.
Қалыптасқан сөзжасамдық қалыптардың негізінде жасалған жаңа атаулар тілдің ішкі заңдылығына сәйкес жасалғандықтан, халықтың дүниетанымына негізделіп, уәжділігі айқын болады.

3. Іс, саз түбірлерінен қандай сөздер тарайды?


Іс-әрекет, ісжоспар, іскек, іскер, іскерлік, іс-қимыл, іссапар, істес, іссіз, істеу, істі, істік, ісшең, ісіру, ісік, іс-шара, ісіңкі, ісіп-кебу;
Саз (әуен), саза, сазай, сазару, сазбет, сазген(аспап), саздақ, саздау, саздану, саздауық, саздауыт, сазды, сазу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет