1. Ситуациялық есеп .
Қарт адамда жарты жылдың ішінде білек сүйектері және ортан жілік
сүйектің сынуы байқалды.
1. Сүйектің жиі сынуын қалай түсіндіруге болады?
Адамның қартаю процессі бойынша сүйектің құрамындағы органикалық
және бейорганикалық заттардың ара қатынасы адамның жасына қарай
өзгереді. Қартаюға байланысты сүйектегі органикалық заттардың мөлшері
кеміп, бейорганикалық заттардың мөлшері артады. Ал бейорганикалық заттар
сүйектің морт сынғыштығын арттырады. Сондықтан, қарт адамның сүйегі
сынғыш болып келеді.
Қарт адамнын білек сүйектері мен ортан жілік сүйегінің сынуы қалыпты,
себебі олар кеп сынатын аймақтар болып табылады.
2. Сүйектің жазылуы ненің арқасында өтеді?
Сынықтың бітуі өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне
жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап
тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар сынықтың бітуі қандай сүйектің
сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан
жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйектің жазылуы негізінен
сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйекқап (периост) арқылы
жүзеге асырылады. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі осы
суйекқап аркылы жүреді. Оның мәні мынада: сүйекқапта қантамырлар мен
жүйкелер болатындықтан, суйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сол
коректік заттар сүйек жазылуын тездетеді.
2. Сұрақтарға жауап беру;
1.
Мойын
омыртқалардың
денесі
кішкентай,
ал
бел
омыртқалардың денесі ірі. Оны қалай түсіндіруге болады?
Омыртқа бағанасына түсетін салмақтың мөлшеріне байланысты мойын
омыртқасының денесі кішкентай болады. Ал денеге түсетін бүкіл
салмақтарының көпшілігі бел омыртқаларға түсетіндіктен оның денесі ірі
болады.
2. Қышқылға салынған сүйек жеңіл майысады. Неліктен?
Сүйекке органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық
заттар мықтылық қасиет береді.
Қышқылға салынған сүйек құрамындағы бейорганикалық заттар
қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады.
Сондықтан қышқылға салынған сүйек жеңіл майысады.
Достарыңызбен бөлісу: |