Жердің жетіспеуі ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарында қазақ шаруаларын жайылым үшін күреске шығуға итермеледі.
7-слайд
7-слайд
Қазақ шаруалары жер мәселесін жоғары правительдердің араласуымен бейбіт жолмен шешуге тырысты
Нұралы хан патша үкіметіне 1742 жылы 19 қазандағы енгізген жерді пайдалануды шектеу тәртібін жоюды талап етіп, хат жазды.
Патша үкіметі жарлығымен 1748 жылы тұрғын үйлер, хуторлар казактарға арнап салынды.
Патша үкіметі казактарды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын кеңейту үшін пайдаланды.
8-слайд
8-слайд
Шекараға таяу орналасқан қазақтар патша үкіметінен зардап шекті
Патша үкіметі Орынбор губернаторы И.Неплюевтің ұсынысымен 1747 жылы 15 мамырда қазақтарды жуасыту(қорқыту) үшін Жайық және Орынбор казактары күшімен «Әскери тіміскілеу» жарлығы ешбір себепсіз қазақ ауылдарын бас салып, қырып – жоюларына бастама болды.
1747жылдың 31 желтоқсанында екінші құпия қаулысында «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Орынбор губернаторы қазақтардың бір немесе екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер,қарттар, балалармен қосып) » делінген.
А.Медрасов басқарған отряд жазықсыз байбақты руының бес ауылын тонап,үйір-үйір жылқыны айдап әкетті.
Тобыл бекінісінде 1759 жылы «шабындықты бүлдірдің»- деп қызылқұрт старшыны Жәмбет батыр ауылын 40 казак қоршап, халықты қайқы темірмен, найзамен шаншып, оқ жаудырып, ойрандап кеткен.
Патша үкіметінің казак әскерлерінің осылай басынуы Қазақстан-дағы толқудың басталуына және қазақтардың Е.Пугачев көтері-лісіне қатысуына итермеледі.
Казак – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын
шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары.
9- слайд
9- слайд
Е.Пугачевтың қазақтармен байланыс жасауға әрекеттері
1773 жыл Е.Пугачев Кіші жүз аумағында құпия болып қайтты.
Жайық казактарынан көп бұрын көмегіне ие боламын деп үміттенді
Ел ішіндегі ықпалы күшті старшындармен кездесті.
Жыл аяғында Кіші жүз жеріне 400 адам жасағымен тағы да келді.
Жасақ құрамында татар , орыс,чуваш,башқұрт, черемистер болды.
Көтеріліс жетекшісі жасағының құрамы көп ұлтты екендігіне кәміл сендіргісі келді.