Қазақ жасақтары бұл көтерілісте де ерлік үлгілерін көрсетті.
16-слайд
16-слайд
Қазақ жасақтарында ерлік көрсеткен батырлар.
Байбақты руының қазақтары – Жайық қалашығы мен Бузулун бекінісінде:Айдар Есембаев, Сырым, Қара батыр, Атағазы Айтқуловтар ерлік көрсетті.
Беріш руын жасақтарын старшиналар Иқар Итемгенов, Қара Шотан Құрбанбай қатысты.
Кердері руының батыр Жоламан болды.
Алаша қазақтары – Астрахань мен Гурьев қалашығы түбінде батыр –Баймұрат ерлік көрсетті.
Жағалбайлы руы – Орск бекінісінде батыр Елбарыс Өміртаев қол бастады
Табын, Тама, Беріш, Шекті рулары – Жайық қалашығы мен Бузулук бекінісінде шайқасты.
Орынбордан Орск-Самар, Орск – Сакмар дейін созылып жатқан Красногор бекіністерінде шайқасты.
17-слайд
17-слайд
Нұралы хан және оның сарайлық сыбайластары екі жақты бағыт ұстанды.
Нұралы хан 1000 сарбазымен Жайыққа келгенімен кейін бейтараптық саясат ұстады.
ІІ Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы «грамота» жіберіп, Пугачевті өзіне жақындатпауын талап етті.
Алайда соғыстың өршуін өзіне тиімсіз деп қараған Нұралы хан мен оның сарайлық сыбайластары екі жақты бағыт ұстады:
Соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою, қазақтарға тартып алынған жайылымда қайтару;
Күннен-күнге соғысқа өршелене қатысқан өзіне бағынышты қазақтарды тәуелділікте ұстау, соғыс жеңіліс тапса патша үкіметінің алдында ақталуды көздеді.
Кейін патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы хан, Кіші жүздің қазақтары шаруалар соғысына қатысқанда маған бағынбай кетті деп ақталды.
Патша үкіметін толық қолдаған сұлтандар:Есіл сұлтан,Ғали сұлтан,Ұсақ сұлтан,Шобақ сұлтан,Айшуақ сұлтандар.
18-слайд
18-слайд
Көтерілістің ерекшеліктері:
Пугачев армиясы Жайық казактарынан, қалмақтардан, татарлардан, башқұрттардан, орыстың басыбайлы шаруалары мен қазақтардан құрылған көп ұлтты жасақтар болды.
1773-1775ж.ж. Е.Пугачев бастаған көтерілістің ерекшелігі – орыс шаруаларының дворяндық басыбайлық құрылысқа қарсы күрес еді.
Патша үкіметі ұлт арасында алауыздықты өршітуге тырысты , бірақ қазақ халқы өздерін қанаушыларға қарсы күресуге біріге бастады.