1-слайдТақырыбы: Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы (1773-1775 жылдар)
4-слайд
4-слайд
Емельян Пугачев көтеріліс басшысы
Өзін Ресейдің ІІІ Петр патшасымын деп жариялады (Құпия жағдайда жоғалған).
Көтеріліске Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігі қатысты.
Көтерілістер сипаты жағынан басыбайлық, феодалдық қоғамға қарсы бас көтерулер еді.
*Басыбайлы шаруа – Ресейдің 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны шаруалар
5-слайд
5-слайд
Шаруалар соғысының қарсаңындағы Кіші және Орта жүз қазақтарының көшіп-қонып жүген аймақтары
Кіші жүз жері – Сырдария өзені төменгі жағынан басталып, Жайық, Тобыл өзеніне дейін созылып жатты. Шекарасы: (шығысында – Орта жүз, Оңтүстікте –Ұлы жүз және Орта Азия хандықтары)
Орта жүз - Тобыл, Есіл, Ертіс өзендерінің жоғары аудандарында найман, қыпшақ, арғын, қоңырат, керей руларының қатысуымен болды.
Қазақтар ата қоныстарынан айырылғыcы келмеді.
6- слайд
6- слайд
Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының негізгі себебі
Біріншіден:Мал жайылым жетіспеді. Патша үкіметі Еділ мен Жайық өзені арасындағы жайылымдық жерді қазақтарға пайдалануға тыйым салды.
Екіншіден:Қазақтар өздерінің жер аумағында әскери бекіністер салуға тіпті де келіспеді.
Үшіншіден: Патша үкіметі 1752-1755 жылдары Орта жүз қазақтары емін-еркін көшіп-қонып жүрген Жаңаесіл аймағын басып алды .
Төртіншіден: Патша үкіметі барымташыларды ұстау үшін «әскери іздестіру»деген сылтаумен қазақ даласына әскери топтарды жіберуді әдейі жиілете түсті.
Шындығына келгенде қазақ ауылдарын кәдімгідей ашықтан-ашық талан-таражға салудың жымысқы тәсілі болып шықты.