Халық жасақтарының саны артып көтеріліс бұқаралық сипат алды.
13-слайд
13-слайд
Орынбор түбіндегі шайқасқа қазақтар қатысты.
1773 жыл қазақтар Орынбордан Гурьевке дейінгі бекіністерді қоршауда ұстады.
Қалаға тікелей шабуыл жасауда Досалы сұлтанның 200 сарбазы ерекше көзге түсті.
Орынборды қоршағанда қазақ жасақтарының саны 6000 жуық болды.
Қатысқан рулары: Байбақты, Шекті, Табын.
1774ж. қысында Орынбор қаласын аштық басталады.
Қала тұрғындарының халі қиын болды.
Халықтың ашыққаны соншалық – жылқыны тағалаған кезде түскен мүйізгекті теріп, мал терісін қайнатып азық еткен.
Кіші жүз қазақтарының қозғалысы төрт кезеңге бөлінді.
14-слайд
14-слайд
Орта жүз қазақтар көтерілісі үш кезеңге бөлінеді.
(1773ж. күзі-1776 ж.аяғы)
Орта жүз көтерілісі Есіл және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысы аймағында көшіп –қонып жүретін қазақтар қатысты.
Қазақтар көтерілісшілерді жем-шөппен,азық –түлікпен қамтамасыз етті.
Абылай хан патша үкіметінің жасақтарына көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартты.
Абылай хан өзінің қол астындағыларға патша үкіметінің шекара бекіністеріне шабуыл жасап тұруға ресми рұқсат берді.
Патша үкіметінің Жаңаесіл аймағынан қазақтарды күштеп қуып шықты.
Олар Керей,Қыпшақ,Қанжығалы, Қарауыл және Арғын рулары болатын.
Орта жүз қазақтары Троицк,Губелинская,Орск түбіндегі шайқастарға қатысты.
1774 жылы қазақтар Алабұға дала бекінісін толық талқандады (Звериноголов пен Петропавл бекіністер ортасында).
Орта жүз қазақтарының толқуының күшті болғаны сонша , патша үкіметі Сібір және Орынбор губерниясындағы әскерінің едәуір бөлігін оларға қарсы аттандырды.
15-слайд
15-слайд
Қазақтар жасақтарының жеңістері
1773 жылы қараша айында Орынбордан 20 шақырымдай жерде казак Матвей Маткин өз адамдарымен тұтқынға түседі.
Татищев бекінісі түбінде 1500 адамнан тұратын Алшын руы жасағы казак Афанасий Устимовтың отрядын тас-талқан етті.
1773 жылы Елек казагы Василий Кузьмин отряды жеңіліп, көбі тұтқынға түскен.
1774 жылы тамызда Елек пен Жайық қалашығын 400 қазақ әскері Тасты және Шаған хуторларын талқандаған.
Сырым Датұлы бастаған байбақты ру жасақтары ерекше көзге түсті,Еділ бойындағы казактардың хуторларын шабуыл жасап қырып-жойды.Молдаван полк гусарларын тас-талқан етті.