1. Сөйлемді мағынасына сай толтырыңыз


«Сеспей» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз



Pdf көрінісі
бет23/62
Дата08.07.2022
өлшемі1,76 Mb.
#37556
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62
Байланысты:
Кітапша аналитика

«Сеспей» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз 
A. жайлап 
B. бірте-бірте 
C. асықпай 
D. ақырындап 
E. бірден 
9. Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», 
«құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. 
Осы құмырсқадай тынбай талаптанып, зерттеу жүргізіп жүрген мирмекологтардың 
арқасында құмырсқалар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. 
Бүгінгі жер бетінде 10 квадрилион, яғни оның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. 
Құмырсқаның жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде 
болады. Оны Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуызбен майға 
толы. Бір құмырсқа өзінің жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе 
алады. Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп 
отырып, азық табуды үйретеді. 
Құмырсқалар отарын құратын аналығы, негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді. 
Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз 
A. Аралар мен құмырсқалар 
B. Құмырсқадай қажырлы 
C. Жәндіктер 
D. Құмырсқа туралы қызықты деректер
E. Құмырсқалар қанша жыл өмір сүреді? 
10. Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктердің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», 


«құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. 
Осы құмырсқадай тынбай талаптанып, зерттеу жүргізіп жүрген мирмекологтардың 
арқасында құмырсқалар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Бүгінгі жер 
бетінде 10 квадрилион, яғни оның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Құмырсқаның 
жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде болады. Оны 
Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуызбен майға толы. Бір 
құмырсқа өзінің жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады. 
Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып, азық 
табуды үйретеді. 
Құмырсқалар отарын құратын аналығы, негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет