«құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған.
Осы құмырсқадай тынбай талаптанып, зерттеу жүргізіп жүрген мирмекологтардың
арқасында құмырсқалар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Бүгінгі жер
бетінде 10 квадрилион, яғни оның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Құмырсқаның
жұмыртқасы – жұмыртқа емес, енді дамып келе жатқан дернәсіл күйінде болады. Оны
Африка мен Азияда тағам ретінде қолданады. Себебі құрамы ақуызбен майға толы. Бір
құмырсқа өзінің жемтігін тапқан соң, басқа құмырсқаға азығын табуға көмектесе алады.
Аралар мұндайда билеп жүріп үйретсе, құмырсқалар бір жол бойымен жүріп отырып, азық
табуды үйретеді.
Құмырсқалар отарын құратын аналығы, негізінен, 5-6 жыл, кейде 12 жыл өмір сүреді.
Достарыңызбен бөлісу: