1 солон реформасы. Писистрат тираниясы. Клисфен реформасы солон реформасы



бет4/4
Дата11.12.2022
өлшемі25,41 Kb.
#56397
түріӨмірбаяны
1   2   3   4
3). || ФИЛИП ТҰСЫНДАҒЫ МАКЕДОНИЯ
II Филиптің (б.з.б. 382-336 ж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды. II Филипп Македонияда өзінің өкімет билігін нығайтып, монархия құрған. Ол елде әкімшілік және әскери реформалрды жүзеге асырды.
II Филипп аса ірі және жеңімпаз әскер жасақтады. Македонияның атты әскерлері тек ақсүйектерден тұрды. Шаруалар мен бақташылардан жаяу әскер құрды. Әскерді гректердің үлгісімен фаланга түрінде сапқа тұрғызды. Әр сапта 16 қатардан жауынгер болған. Барлық жауынгерлер қатал белгіленген тәртіп бойынша сапқа тұруға және әскери басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға тиісті болды. Әрбір жаяу әскер дулыға, сауыт, қалқан, қанжар, және ұзын найзамен қаруланды.II Филиптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы. Ақша реформасы б.з.б. 356 ж. Жүзеге асты. Ол базар нарқының талаптарын ескере отырып, жаңа ақшаларды шығарды. Оның құны сол кездегі халықаралық рынокта басым болған.II Филипп гректер ықпалымен Македонияның қалаларын әсем және сәулетті етті, қалаларда театрлар салды. Көптеген грек сәулетшілері мен ақындарын қызметке шақырды. Македондық грек әліппесінің таңбаларын қолданды.Грекияны бағындырып алғаннан кейін, II Филипп патша парсыларға қарсы жорыққа әзірленді. Жорыққа әзірленіп жатқан кезде II Филипп қастандықпен өлтірілді. Қастандық патша дос-жарандарымен, нөкерлерімен театрға бара жатқанда жасалған. Македондықтар бұл қастандықты ұйымдастырған парсылар деп шешті. II Филипп қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Александр патша тағына отырды. Александрдың жасы жиырма бірде еді. Ол жігерлі, батыл, өте қабілетті болды. Әрі мақтау сүйгіштігімен көзге түсті.Александр Македонский (б.з.б. 356-323 ж.) ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болды. II Филипп ғұлама ғалым Аристотельді өзінің 13 жасар баласы Александрға ұстаздыққа шақырған. Аристотель бірнеше жыл Александрды ғылым мен өнердің болашақ билеушіге қажетті барлық салаларымен таныстырды. Александр Гомердің өлеңдерін сүйіп оқып, көпшілігін жатқа білген

Македонияның Грекияны жаулап алуы


Ежелгі Македония грецияның солтүстігінде орналасқан, эллиндік әлемнің артта қалған бөлігі еді. Пелопоннесс соғы- сының басында Македония Парсы бағыныштылығынан азат болып, соғыс барысында патшалық біртіндеп күшейіп, Эгей теңізінің солтүстіктегі жағалауларын жаулап ала бастады. Ма- кедон мемлекеттілігінің аяқталуы ІІ Филипп кезінде б.д.д. 359- 336 жылдары іске асты. ІІ Филипп өз державасының қуатын шарықтатты. Македон әскерінің құрылымына реформа жасап, тұрақты, соғысуға қабілетті әскер қалыптастырды, көрші Фра- кияны алтын және күміс шығатын территорияларымен жаулап алды. Бұл ақша реформасын жасауға мүмкіндік берді. Балкан- да жаулап алушылық саясатын бастады. ІІ Филипп бір жағынан талантты дипломат болды. Филиптің белсенді сыртқы саясаты, македон әскерінің артықшылығы, фалангасының күштілігі б.д.д. 357-340 жылдары маңызды нәтиже берді. Орталық және солтүстік грецияның біршама территориясы Филипке бағынды.
Кейбір грек саясаткерлері ІІ Филипп тұлғасынан гректерді біріктіретін, қырқысын тоқтататын, оларды Шығысқа жорыққа бастап баратын адамның бейнесін көрді. Осындай көзқарастағы грек құлиеленушілерінің идеологиялық жетекшісі – риторика мектебінің басшысы, афиналық публицист Исократ еді. гректердің келесі тобы ІІ Филипптің антидемократиялық әрекеттерін айып- тады, грек полистерінің басты жауы деп есептеді. Бұл топтың саяси жетекшісі Афинадағы демократиялық топтың көсемі, ора- тор және мемлекеттік қайраткер демосфен болды. Оның ойынша өздерінің ішкі қиыншылығын тек гректер ғана шеше алады және Афина басшылығымен Македон патшалығының экспансиясына қарсы тұруға болады деп есептеді.
Екі топтың ортақ шешімі – әлсіреген Ахеменидтік дер- жаваны жаулап алу Элладаның жағдайын тұрақтандырып, жаңа жерлер мен байлық алып келер еді, – деген пікір бол- ды. Осындай саяси күрес барысында демосфен басқарған топ жеңіске жетті. грек полистерінің басым бөлігі өз еркіндігі мен автономиясының құнымен Элладаның бірігуін іске асырғысы
224

келген жоқ. Сондықтан демосфен мен Афина елшілігінің күшімен македондықтарға қарсы Афина мен Фиваның одағы қалыптастырылды. Фива – маңыздылығы жағынан грециядағы екінші полис болатын.


Бұл шешім ІІ Филиппті таңдандырған жоқ. Б.д.д. 338 жылы мықты үйретілген әскері мен салтатты әскерінің басымдылығын пайдаланып, херонея қаласының түбінде афиналықтар мен фивалықтардың біріккен әскерін талқандады. грек полистерінің бостандығының тағдыры осылай шешілді. ІІ Филипп греция азаматтарының арасындағы демократиялық басымдылықтарды бағалай отырып, өз жеңісін бүкіл Элладаға қажетті игілікті іс ретінде көрсетті. Соғыстан кейін Македон патшасы Коринфтің жетекшілігімен жалпы Эллиндік конгресс шақырылды. Оған спартандықтардан басқа барлық гректер қатысты.
Коринф Конгресінің шешімімен грецияда жалпы бейбітшілік орнату жоспарланды, грек полистерінің еркіндігі, автономия- сы жарияланды. Осымен қатар панэллиндік Коринф Одағы құрылатыны жарияланды да, осы одақтың атынан Персияға қарсы соғыс ашылды. Коринф Лигасының әскербасшысы ІІ Фи- липп болып жарияланды, формалды түрде Македония бұл одаққа кірген жоқ. Конгресс барысындағы «тәртіп», «демократия» Ма- кедон әскерінің күшімен қалыптастырылды. Тек Спарта Коринф Конгресінің шешімін заңсыз деп тапты, Панэллиндк Лиганың Македондық жетекшісі Филипті мойындамады.
Осы уақытта греция мен Ахеменидтердің парсы держава- сы арасындағы қайшылық өрістей түсті. Б.д.д. 336 жылы бұл қайшылық өзінің шарықтау шегіне жетті, ІІ Филипп Кіші Азияға парсы үстемдігінен грек қалаларын азат ету үшін әскер жіберді. Парсы патшасы ІІІ дарийге қарсы ұйымдастырылған қимылдар ІІ Филипптің өлімімен тоқтап қалды. Осыдан кейін македон патшасының тағына оның 20 жасар ұлы Александр отырды.
Қалыптасқан жағдайды пайдаланып, грециядағы македонияға қарсы күштер Фивамен біріге келе, көтеріліске шықты. Өзгелердің таңданысына орай, жас Александар өз уақытында, шешуші түрде, дәл қимылдады. Македон әскерінің күшімен ол көтерілісшілерді аяусыз жазалады. Фива талқандалды, тірі қалғандарын балалары- мен бірге құлдыққа сатып жіберді. Александр Персияға жорықты
225

екі жылға шегіндірді. Македон әскерінің күшінен қорыққан гректер Александрды Коринф Лигасының стратег-автократы етіп тағайындады. Әкесіне берілген біріккен грек және македон әскеріне қолбасшылық Александрге көшті.


Парсылар өз әскері мен материалдық игілігі жағынан македондықтар мен гректерден басым еді. дегенмен, біріккен Коринф Лигасының әскерінің күші де парсылардан кем емес еді. Ең күшті флотты иеленген Афиналықтардың сенімсіздігі, Эллада полистерінің арасындағы македондықтарға қарсы көңіл-күй, Ко- ринф Лигасына бірігудің күшпен жүзеге асуы Александрды тек македон әскеріне сүйенуге мәжбүрледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет