Эмоционалды интеллект адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі



Дата18.04.2023
өлшемі16,13 Kb.
#83915
Байланысты:
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект


Эмоционалды интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Интеллект (лат.іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) – жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект – ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Эмоциялық интеллект (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді.Бұл анықтама академиялық қабілеттерден ерекшеленетін, бірақ оларды толықтыратын және ақыл – ой дамуының коэффициентімен бағаланатын таза танымдық қабілеттерді сипаттайды.
Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы негізі «көптеген жекелеген факторлардың өзара әрекеттестігінде ашылды».
Э.Торндайк алғашқы болып жалпы интеллектінің әлеуметтік интеллект –«басқаларды түсіне білу және қоршағандарға қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау немесе ақылмен әрекет ету қабілеті» сияқты бөлігін бөліп көрсетті.
Эмоционалды интеллект ұғымына Х.Гарднер ерекше жақын келді, ол өзінің көптеген интеллект теориясының аясында ішкі тұлғалық және тұлғааралық интеллектіні сипаттады. Оның осы ұғымдар аясына сыйдырған қабілеттерінің ЭИ-ке тікелей қатынасы бар. Мысалы, ішкі тұлғалық интеллектіні ол «өзінің эмоциялық өміріне, өзінің аффектілері мен эмоцияларына апаратын жол: сезімдерді тез ажырата білу, оларды атай білу, таңбалық кодтарға айналдыра білу және өз мінез-құлқын түсіну мен басқару үшін құрал ретінде пайдалана білу қабілеті» деп түсіндірді.
Эмоционалды интеллектінінің ғылыми психологиядағы алғашқы және анағұрлым танымал моделін 1990 жылы Питер Сэловей мен Джон Мэйер ұсынды, олар «эмоциялық интеллект» терминіне анықтама берген алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялады, сондай-ақ, оны өлшеу әдістемесін ұсынды (EQ). Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 1990 жылы ұсынылған болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет