1. Сөз мағынасын тілші ғалымдар қалай топтастырғаны туралы айтыңыз


Сөздің көп мағыналылығына көркем шығармадан мысалдар жазып, олардың мағынасын түсіндіріңіз



бет3/3
Дата17.04.2022
өлшемі40,48 Kb.
#31243
1   2   3
Байланысты:
Семинар 1

3. Сөздің көп мағыналылығына көркем шығармадан мысалдар жазып, олардың мағынасын түсіндіріңіз.

Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омо-нимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер сти-листика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байла-нысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі — қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.

Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жет-кендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қол-данылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болға-нымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осын-дай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; айАйша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағына-лы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат — зат есім, ат — етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың ара-сында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбы-лыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық. Сөздің көп мағыналыры жалпы халықтық ауыс мағынаның негізінде жасалады. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қол-данылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері — көркем шығарма. Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады (М. Әуезов). Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыресіңнен шығып кетті (сонда).

Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғы-тұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Қасымның үміті, жарық күні де батты,. Сізді мен күтке-мін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірақ ол күндер өтті (сонда). Бұл үзіндідегі көз және күн сөзінің екеуі де көп мағыналы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мұнда әрбір тілдік құбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп мағыналы сөздер бейімірек. Мы-салы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген ұғымды, одан соң таныс мағынасын, соңғы сөйлемде ел (жұрт) мәнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрліше ыңғайда пайдалану — жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Көп мағыналы күн сөзінің стильдік қолданылу аясы бұдан да әр тарап. Соны авторлар көркем әдебиет стилінде өте шебер пайдаланады. Ілгерідегі мысалда күн сөзі кез, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатықтығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) деуден гөрі әжесі тірі болған күн деген ұтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайга бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қарағанда, үмітті жарық күні, ол күндер (өтті) деп алғанның көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағы-налылығы сөйлеу стилінде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан-жақты көрінеді. Ол тіпті бір ғана Абай өлеңдерінің өзінде неше алуан стильдік астар береді. Солардың (бәрі емес) кейбірі мына тө-мендегі тәрізді:

Не күн туды басыңа…

Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек…

Ит қорлық немене екен сүйткен күні…

Сасып қалдым күн тығыз

Тың тұяқ күнім сүйтсе де

Қор болды жаным

Сенсіз де менің күнім…

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз (Абай).



 

Күн сөзі мұнда не зор (туды), қиын-қыспақ не жағдай, уақыт, кез, өмір, келешек деген тәрізді мағыналарда жұмсалған. Сөзді осылай әр қырынан алып, түрлі мәнде қолдану, яғни көп мағыналы сөзді бұлай пайдалану публицистикалық стильден де (жоғарыда айттық), сөйлеу стилінен де ара-тұра байқалады. Өзге стильдерде: ғылыми, ресми, кеңсе қағазы стильдерінде көп мағыналы сөздің қолданылуы мүлдем басқаша. Көркем әдебиет стилінде ақын, жазушылар өздерінін, шығарма-ларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар альш та жұмсай береді. Жарыстыра пайдаланады. Ресми, кеңсе, ғылыми стильдерде көп мағыналы сөзді пайдаланудың бұл түрі жалпы сирек кездеседі. Мысалы, жаңағы күн сөзінің, сондай-ақ көп мағыналы жан зат есімінін, бір сөйлемдегі қайталануына сәл көңіл аударып көрейік. Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-ты (М. Әуезов). Әжесі өлген соқ, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ (сонда). Мейрам күннің түс мезгілтен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайрақдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр (сонда). Келер күні күн көтеріле бере… кәнігі Қөкқасқа көп ұзамай Құламаға кезігетіндерін сезінді (Ғ. Мүсірепов).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет