1. Сөз мағынасын тілші ғалымдар қалай топтастырғаны туралы айтыңыз


Сөздің тура және ауыспалы мағынасына көркем әдебиететн мысалдар жазып, түсінік беріңіз



бет2/3
Дата17.04.2022
өлшемі40,48 Kb.
#31243
1   2   3
2. Сөздің тура және ауыспалы мағынасына көркем әдебиететн мысалдар жазып, түсінік беріңіз.

Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім, т.б.

Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, ел құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз. Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.

Ал «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.


Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б.
Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет