5 Материалдардың созылу мен сығылу диаграммаларының ерекшеліктерін ашыңыз
Созылу диаграммаларының негізгі ерекшеліктерін қарастырайық. Төменгі 29-суретте жұмсақ (көміртектілі) болатқа тəн диграмма көрсетілген. Бұл диаграмма осы материалдар жасалған үлгіні созу кезіндегі күш пен ұзарудың арасыңдағы тəуелділікті көрсетеді.
Оны шартты түрде төрт алапқа бөлуге болады. ОА алабы серпімділік алабы деп аталады. Бұл алапта материал Гук заңына бағынады, сондықтан
Əр түрлі материалдардан жасалған үлгілерді сығу арқылы қиратып, олардың өзіне тəн ерекшеліктерін анықтайық. Үлгілердің қандай түрде жасалатынын жоғарыда айттық. Болаттан жасалған цилиндрді сыққан кезде ағу алаңына дейінгі диаграмманы созылу диаграммасымен бірдей деуге болады. Созылудағы секілді, бұл кезде де ағу алаңынан кейін нығаю алабы басталады. Содан əрі диаграмма күрт өзгерді. Өйткені күштің шамасы созылу кезінде төмендесе, ал сығылу кезінде ол қарқындап өсе бастайды
6 Созылу-сығылу кезіндегі беріктік және қатаңдық есептерін түсіндіріңіз
Созылу мен сығылуды зерттеу нəтижесінде алынған материалдардың механикалық сипаттарын, жоғарыда келтірілген тұжырымға байланысты, инженерлік есептерде қалай қолданылатынын қарастырайық. Бұл тұжырым бойынша беріктік есептері ең көп кернеу smax арқылы шешіледі. Демек smax қай нүктеде пайда болса, қирау сол нүктеден басталады деп есептейміз. Конструкцияның, оның элементтерінің жұмыс істеуі қауіпсіз болу үшін, ол кернеу (smax) белгілі бір мөлшерден аспауы керек:
7 Тармақталған күш, көлденең күш және июші моменттер арасындағы дифференциалдық байланысты тұжырымдаңыз
Сыртқы күштердің əрекетінен, конструкциялардың элементтерінде июші момент пайда болатын деформацияның түрі - иілу деп аталады.
Егер элементтің қимасында тек бір ғана ию моменті болса, онда деформацияның мұндай түрін таза иілу деп атайды. Бірақ, көбінесе, июші моментпен қоса қимада көлденең күш те пайда болады. Бұл - көлденең иілу деп аталады. Иілудің бұлардан басқа да түрлері көп, оларды уақыты келгенде, келесі тарауларда қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |