12 Динамикалық күштер мен статикалық күштер әсерінің айырмашылықтарын көрсетіңіз
Өткен тарауларда конструкцияларға, олардың бөлшектеріне жəне элементтеріне тек статикалық күштердің əсері қарастырылып, сол күштерден пайда болатын кернеулер мен деформациялар зерттелген еді. Конструкциялар статикалық жүктелген кезде, күштің шамасы нөлден бастап өседі де, белгілі бір сатыға жеткеннен кейін, сол шамасынөзгертпейтұрақтыболыпқалады. Бұлкездеконструкцияның жекелеген элементтері өте аз үдеу алатындықтан, инерция күштерін ескерусіз қалдыруға болады. Ал енді, қарастырылып отырған денеде немесе онымен бір жүйедегі бөлшекте, ескеруге тұрарлық үдеу болса, онда мұндай жүктеме динамикалық жүктеме деп аталып, конструкция динамикалық күшке есептеледі.
13 Көлденең күш пен июші момент эпюраларын тұрғызу ережелерін ашыңыз
Таза иілу кезінде арқалықтың көлденең қимасында тек тік кернеулердің пайда болатынына көзіміз жетті. Бұларға сəйкес келетін ішкі күштер қимадағы ию моменттеріне тең. Ал көлденең иiлу кезінде, қимада ию моментімен қоса, көлденең күштердің пайда болатынын, бұдан бұрын тұжырымдағамыз. Бұл күштер қима жазықтығында таралып жатқан элементар күштердің жиынтығы болып есептеледі. Сонымен, көлденең иілу кезінде арқалықтың қималарында тік кернеулер - σ = f M( ) жəне жанама кернеулер -τ ϕ= ( ) Q пайда болады
14 Қиманың статикалық моменттері. Ауырлық ортасын анықтау шешімін көрсетіңіз
Қиманың статикалық моменті- геометриялық сипаттамасы: , бірінші интеграл қиманың x өсіне сәйкес, ал екіншісі у осіне сәйкес статикалық момент деп аталады. С.м. өлшем бірлігі-см3, м3. Қиманың статикалық момент арқалықтың иілуге қарсыласуын сипаттайды. Қарапайым қималар үшін кедергі моменттері. Статикалық моментi нөлге тең осьтер, орталық осьтер деп аталады. Өзара параллель осьтердiң тек бipeyi ғана орталық болады. Қиманың орталық осьтерiн табу үшiн өткен, параграфтағы төртiншi формулаларды қолдануға болады. Ол үшiн, х2 , у2 орталық осьтер болсын да, х1 жəне у1 кез келген осьтер болсын. Орталық осьтердiң анықтамасы бойынша
15 Дөңгелек қималы брустың бұралуын өз ойыңызбен түсіндіріңіз
Зерттеу, біліктердің көлденең кималарындағы ішкі күштерді (Мб ) анықтаудан, олардың эпюраларын тұрғызудан басталады. Бұралу моменттерінің таңбаларын анықтау ережесіне тоқталайық. Егер біз, біліктің көлденең қимасына, сол біліктің қималар тəсілі бойынша алынып тасталған бөлігі жақтан қарағанда, ішкі момент (Мб ) сағат тілінің айналымына қарсы айналатын болса, онда ол момент плюс таңбасымен белгіленедi. Керісінше болса - минус таңбасымен белгіленеді
Достарыңызбен бөлісу: |