«1 сұрақ» Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзақ-қа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мына-дай 3кезеңге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі



бет5/12
Дата14.02.2023
өлшемі93,54 Kb.
#67923
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
6.Қола дәуіріндегі өнер: петроглифтер. Ешкі өлмес, Тамғалы кешендеріндегі тасқа қашалған суреттер.
Өнердің көне ескерткіштері Қазақстанның барлық аймақтарында, әсіресе, Жетісу, Баянауыл, Қарқаралы, Маңғыстау, Қаратау, Шыңғыстау, Іле Алатауы, Тарбағатай, Алтай тауларында жартас гравюралар жиі кездеседі.Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы – көне заман жайында дерек беретін жәдігер.Қола дәуірінде, ертедегі көшпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған.Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстүрде дамыды. Бұл заман суреттерін көне петроглифтердің үстіне салу мұнда жиі кездеседі. Кейбір орта ғасырлық петроглифтердің жанында жазулар да бар. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды. Жер асты суларының мол қоры мен ұлан-ғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Ұлытау көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған.Жартастағы суреттерден ертедегі темірқорытушылардың, көшпелі керуеншілердің, малшылардың өмірінен деректер беретін сызбаларды көруге болады. Түйелі керуендер мен салт аттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі. Қола дәуірінің петроглифтері діни нанымдарды, аңшылық сахналарын, тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сюжеттерді бейнеледі.Суретшілер нүктелі әдіспен қашап, бояу, сызу арқылы көшпелі тұрмысты, шабандоздарды, жабайы аңдардың бейнелерін – құлан, барыс, бұқа-тұр, қасқыр, жабайы жылқы тағы басқаларды анықтап көрсеткен. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен киіктің әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған.Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни-нанымдар, әдет-ғұрып сахналары – «Көкке табыну», «Құрбандық шалу салты», «Көк Тәңірге жол тарту» көріністері бейнеленген. Сондықтан да, қажылыққа барып тәу етушілер мен мистиканы әр түрлі жақтаушылар мұнда жиі келеді. Петроглифтердің көп бөлігі қазіргі уақытта адамның аяғы жете алмайтын, шығуға келмейтін биік тік тастарға салынған. Ертедегі суретшілер аттардың керемет сымбаты мен мінезін бере алған. Тамғалы археологиялық кешені. Тамғалы немесе Таңбалы деп аталатын петроглифтер Жетісу өңіріндегі ең ескі тарихи мұралардың бірі. Тас кешен 2004 жылы халықаралық дәрежеге ие еліміздегі ескерткіштердің қатарына қосылды. Шатқалдағы тастың бетіне түскен керемет суреттердің алғаш табылған уақыты – 1957 жылдың 19-қыркүйегі. Оның тарих бетіне шығуы А.Г.Максимовтың жетекшілігімен жүргізілген КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының Жетісу отрядына тікелей байланысты. Бұл орын ашыла сала, әлемдік ғалымдардың назарын аудартып, 2004 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұрасының қатарына кірді.Тамғалыдағы петроглифтерді ең құнды тарихи мұра ретінде санауға негіз бар. Таста салынған суреттердің барлығы да пикетаж техникасымен түскен, тек кейбірі тас пен темірдің көмегімен ойылған екен. Бағзы замандағы тас қашаушылар өз суреттеріне мүлде бояу қолданбаған. Ол суреттер орта, кейінгі қола дәуірі, ерте сақ, ерте темір, ерте түрік, жаңа заман дәуірлері секілді түрлі ғасырларға жатқызылады. Ғалымдар мұндағы петроглифтердің ішіндегі ең кереметі орта қола дәуірінде салынғанын анықтап отыр. Олардың эстетикалық, мәдени құндылықтары жоғары. Петроглифтерде күнбасты құдайлар, шоқпар ұстағандар, қасқыр бетпердесін киген садақшылар, қару ұстаған жауынгерлер, мал мен адамды құрбандыққа шалған суреттер, босанып жатқан әйелдер, эротикалық көріністер, арба мен түрлі символдар, жабайы аңдар, жылқы мен түйе, қабан, қасқыр, түлкі, бұғы секілді белгілерді табасыз. Бұл сол кезеңде өмір сүрген адамдардың ойының кеңдігін, қиялының ұшқырлығын көрсететіні анық.Тамғалы шатқалы Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде, Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс беткейінде орын тепкен. Ілгеріде айтылған петроглифтер өте кең алқапты, шамамен 3х10 шақырымды құрайды. Ерекше, маңызды бөлігі болып, 250 мен 500 метрді алып жатқан, құрамына екі мың тасқа қашалған сурет кіретін алқап саналады. Бұл орын әсемдігімен, кең көлемде ерте замандағы адамдардың тыныс-тіршілігін, таным-түсінігін толық ашып білуге жетелейтін құнды әлемдік маңызды орындардың біріне айналған.Тамғалының Таңбалы деп аталуына тікелей жергілікті жұртшылықтың тигізген әсері бар. Себебі, ондағы таңбалардың көптігіне байланысты халық Таңбалы деген атау таққан. Жартылай шөлейтті жердің табиғаты көрген көзге керемет әсер қалдырады. Қалың бұта бойлай өсіп, көктем мезгілінде гүлмен көмкеріледі. Тамғалыдағы тамаша қырма суреттерден бөлек сирек кездесетін өсімдіктер мен жабайы аңдар жетерлік. Атап айтқанда, қасқыр, түлкі, қоян, жылан, құстардан бүркіт, сұңқарды көруге болады. Алайда, келген адам әсем табиғаттан гөрі, ашық аспан астындағы суреттердің галереиясына қаттырақ қызығатынын мойындау керек. Мемлекет деңгейінде қорғалып келе жатқан Тамғалыға он энциклопедия арналған, сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мультимедиялық энциклопедия коллекциясына» енгізілді. Алғаш петрлогифтерді тапқан А.Г. Максимовтың жетекшілігіндегі экспедицияның құрамындағы А.А. Попов осы тарихи құнды жерді алғаш суретке түсіріп алған еді. Содан кейін зерттеушілер Қарақұдық аталатын шатқалдағы зираттарды зерттеуден өткізді. Максимов осы орынды ашқан ғалымдардың бірі реінде күнделік жазып, кейін келе ол кітап болып жарыққа шықты. «Тамғалы шатқалындағы қырма суреттер» деген атау алып, көлемді, тарихқа үлкен үлес қосқан дүние көпшіліктің қолына тиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет