Бесшатыр – Солтүстік-Шығыс Жетісудың сақ тайпаларының этномәдени және сакралдық орталықтарының бірі болып табылады. Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданында, Іле өзенінің оң жағалауында, Шенгелді ауылынан шығысқа қарай 65 шақырым жерде



Дата15.12.2022
өлшемі9,87 Kb.
#57561
Байланысты:
Бесшатыр қорымы


Бесшатыр – Солтүстік-Шығыс Жетісудың сақ тайпаларының этномәдени және сакралдық орталықтарының бірі болып табылады. Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданында, Іле өзенінің оң жағалауында, Шенгелді ауылынан шығысқа қарай 65 шақырым жерде, Алтын Емел табиғи қорығының территориясында орналасқан.
Қорым жайындағы алғашқы дерек тарихшы В. Городецкийдің жұмысында болған, онда В. Парфентьев Іле өзенінің оң жағалауындағы қорғандарға 1924 ж.барғаны туралы айтылады. Тек 33 жыл соң К. Акишев басқарған Жетісу археологиялық экспедиция қорғандарды зерттуге кірісті. Бесшатырский могильник занимает площадь Бесшатыр қорғаны 2 шаршы шақырым жерді алып жатады, оның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған ұзындығы 2 шақырымды, батыстан шығысқа қарай – 1 шақырымды құрайды.
Қорған диаметрі 8 дан 70 м және 2 ден 20 м құрайтын 18 патшалық қорғаннан тұрады. Барлық қорғандардың ортақ белгісі–олардың бір типтігі мен қабыр, күрделі түрде құрылған лабиринтболып табылғандығы: коридор –есік алдындағы құрылыс – жерлеу камерасы.
Әрбір үлкен қорған жер асты және жер үсті құрылыстарды қамтитын алып сәулет ансамбль болп табылады, оған үйінді, қорған астындағы құрылыс – бөренелерден құрылған мазар, жер асты өтпе жолдар–үңгір жерлер, меңгірлер, шарбақтар, дуалдар кіреді. Құрылыстың басты жер үсті бөлігі – ірі тастан, шағылдан және т.б. бірнеше (3-тен 17-ге дейін) қабатынан құрылған үлкен үйінді. Под насыпью находится наземная деревянная бревенчатая гробница, сооруженная из крупных тянь-шаньских елей. Үйінділердің көп қабаттылығы археологтарға түбегейлі зерттеуге, сурет етіп салуға, фотоға иүсіруге және тіпті Бірінші қорғанның бөренелерден жасалған мазардың үлгісін дайындауға мүмкіндік беріп қорғандар ішіндегі құрғақ микроклиматтың пайда болуына, ағаш құрылыстарын ылғал мен шіруден сақтауға жағдай жасаған.
Қорғанның ең ірі жерлеу құрылысы – Үлкен Бесшатыр қорған – 104 м құрайтын диаметріне және 15-17 м құрайтын биіктікке ие. Оның үйіндісі кесілген–конус тәрізді болып, тас жабынға ие. Үйінді айналасында 5-7 м ара-қашықтықта ені 2 м құрайтын, биіктігі 0,6 м құрайтын тас дуал орналасқан. Қорғанның тән ерекшелігі бұл – үлкен тас бағаналар (меңгірлер) мен алып қойтастардан құрылған дөңгелек шарбақтарының екі дөңгелек. Қорған айналасында жалпы 1957 жылы 94 шарбақ табылған. Қазіргі кезде сақталыныпп қалған дуалдар тас дуалынан 36 ден 70 дейін м құрайтын ара қашықтықтағы шиыршық бұрама түрінде үйінді айналасында орналасқан. Дөңгелек тәрізді дуалдардың диаметрі 2-3 м құрайды, олардың ара қашықтығы шамамен 3 м. Олар әдеттегідей 1 ден 2 дейін м биіктігі бар 5-7 тақталар мен қойтастардан тұрады. Олардың жанында жарты жөңгелек түрінде 3 тен 5 ке дейін ірі қойтастар қойылған, олардың әрқайсысының салмағы жүздеген килограммды құрадйы.
Бесшатыр шетінде қорымға байланысты бірқатар ескерткіштер табылды. Төбе үстінде солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде Бесшатыр қорғандарының дуалдарына ұқсайтын алты дуал орналасқан. Төрт қойтас Бесшатырдан бастысқа қарай 3шақырым жерде орналасқан. Ақырында, қорғаннан батысқа қарай 10 шақырым жерде Іле өзенінің ескі жағалау террасасынан тау етегіне дейін оңтүстіктен солтүстікке қарай 450 м созылған 450 дуалдан тұратын ұзын тізбек орналасқан. Олардың кейбіреулерінде тау ешкілері, қабан мен қасқырдың белгілері соғып жасалған.

Бесшатыр қорғандары үлкен салттық-жоқтау кешенінің орталық бөлігі болып табылады. Осында қазба жұмыстар барысында алынған материал құрылыс техникасының деңгейі, ағашты өңдеу әдістері мен жалпы сақ мәдениеті жайында ойлар өзгерді. Олар сақтардың ағаштан, тастан, қамыстан, киізден күрделі құрылыстарды сала алатындықтарын дәлелдейді. Бесшатыр қабірлері қамыс және киіз төсекпен жабылған коридорлар, ауыз үйлер, есік ойығы, тұрғын камерасы бар ағаштан салынған үйлердің құрылысы барысында қолданылған технологияларға тән құрылыс технолоогиясы арқылы салынған. Үйлердің осындай жобасын қола дәуірінен бастап Қазақстанды мекендеген тайпалар пайдаланды.
Бесшатырдың басты құпиялардың бірі жер асты жолдар болып табылады. Олар төрт үлкен қорғанда (Үлкен, Үшінші, Төртінші және Алтыншы) табылған. Қорған асында табылаған жер асты жолдардың жалпы ұзындығы № 6 – 55 м, тоннель биіктігі 1,0-1,7 м, ені 0,8 м құрайды. Жер асты жолдар жерлеу салтына тікелей байланысты екені күдік тудырмайды. Үйіндінің баурайында тегіс дөңдермен аяқталатын ойыстар табылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары барысында ойыстар бұл – діни-жоқтау кешеннің әрекеті кезінде ашылған жер асты қуыстарға апаратын кіру есіктері болып табылғандығы анық болды. Кешенді сақтау алдында кіру есігі үйіндінің бір бөлігін бұзылып, бітеп тасталынған.
Бесшатыр қорғандарының ауқымдығы, олардың құрылыстарының күрделілігі және бөренелерден салынған мазарлардың жоба мен құрылыс техникасының бірегейлігі, діни-салттық құрылыстарының мегалитикасы Бесшатырды Еуразияның көшпенді ақсүйектерінің күрделі ескерткіштерінің қатарына қосады.
Қазба жұмыстары барысында алынған мәлімет Бесшатыр қорғанының үлкен қорғандарының бірін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді, осы жерде ашық аспан астында мұражайдың салынуы шетелден де мыңдаған туристтерді тартуға мүмкіндік беретін еді.
Қорым тек діни-тарихи ескерткіштердің қатарына ғана емес, сонымен қатар табиғи-мәдени көріністің ерекше түріне жатады. Алыптығы мен күрделілігі жағынан Бесшатырдың бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ. Бесшатыр ескерткіші тиграхауда сақтарының киелі «Герросы» болып табылатыны сөзсіз, Бесшатыр мұнаралары сәулеті жағынан қоршалатын кеңістікті аяқтайды, оған көз тартарлықты және осы жерлердің қызықтыратын құпиялылығын береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет