65 сұрақ. Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары мен себептерін талдау.
Бірінші себеп: Саяси бытыраңқылық Әбілхайыр билігі тұсында шарықтау шегіне жетті. Ол Ақ Орда билігін алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.
Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттар:
Әбілхайыр хандығындағы тоқтаусыз соғыстар.
Ішкі феодалдық қырқыстардың үдеуі.
Феодалдық езгі мен қанау.
Екінші себеп: Халықтың ауыр күйзеліске ұшырауы.
Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі сяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды. Шығыс Дешті-Қыпшақ пен Жетісуда тұратын ру, тайпа көсемдері саяси тәуелсіздікке ұмтылып, Әбілхайыр мен Есен-Бұғаның билігіне мойынсұнбады. Сондықтан, ХV ғасырдың 40-50-жылдары олар Керей мен Жәнібектің маңына : Қаратау, Сырдария, Түркістанның солтүстігіне топтаса бастады. 1446 жылы Әбілхайыр Созақ, Сығанақ, Аркөк, Үзгент, Аққорған қалаларын басып алғаннан кейін ұлыстар арасындағы тартыс күшейе түсті. XVғ. 20-ж. бастап ойраттар Жетісуды жиі шабуылдай бастады:
Жайылым қажеттілігі.
Сауда орталықтарына ұмтылу.
ХVғ. 50-жылдары - ойраттар Түркістан аймағына жетті. 1457 жыл – Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі қазақ ру, тайпаларының Керей мен Жәнібектің төңірегіне тығызырақ топтасуын тездетті. Әбілхайыр ханның билігіне наразылық жаппай көшу тасқынын туғызды. ХV ғасырдың 50-жылдарынан бастап 10 жыл бойы осы тасқын толастамады. Халық Жетісудың батысына Моғолстанға қарай көшті. Қазақтардың бір мемлекетке бірігу қозғалысы осылайша басталды.
Үшінші себеп: Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, қазақ хандығының құрылуына негіз қалады
М.Х.Дулати: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетаеді. Нәтижесінде Керей, Жәнібек сұлтандар Моғолстанға көшіп барды. Олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті»
Көшіп келген қазақ руларына Моғолстан ханы Есен-Бұға Шу мен Талас бойынан жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:
Әбілхайыр мен Темір әулетіне қарсы қазақтардың күшін пайдалану;
Ойраттар шабуылынан Моғолстан шекараларын қорғау.
Ұлттық мемлекеттің құрылу қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдайына келсек, ХV ғасырда орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы сияқты хандықтар өмір сүрген. Олар жер үшін және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Бұған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары қазақ жеріне шабуылдар жасап саяси жағдай мүлде нашарлаған. Қазақ хандарының бастауы болған Ақ Орданың ханы Барақ Тоқтамыс ханның бес ұлының бірінен соң бірімен алысып жатты. Осы кезде 1428ж. Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза болуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Сыр бойынан Батыс Сібірге дейінгі аралықта бес ұлыс пайда болды. Олар бас-басына хандық құрып өзін-өзі билеушілік туады. Бұлардың арасындағы жер үшін талас ел арасындағы араздықты туғызып бей-берекетсіздік өршіді. Сөйтіп, мұндай саяси бытыраңқылық біртұтас ұлттық мемлекеттің қажет екендігін көрсетеді.
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың хандық өкіметінің кезінен бастап, өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Орыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайырдың билігін ешбір мойындамаған. Бұлардың алдарына қойған басты мақсаттары өздерінің жеке ұлттық мемлекеттерін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болған