1 сұрақ жауабы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз



бет1/17
Дата13.06.2023
өлшемі217,2 Kb.
#100806
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-90 төменд.сұрақ жауаптары.


1 сұрақ жауабы:
«Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз.
Иә, бұл пікірмен мен толықтай келісемін. Оған бірнеше дәлел келтірейін: Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Президентінің жанындағы кеңесші-ақылшы орган ретінде 1995 жылы құрылды. Алғашқы атауы- Қазақстан халықтары Ассамблеясы. Ол этносаралық және конфессияаралық қатынастарды үйлестіретін институт болып табылады. Ассамблея 2008 жылы өзінің сессиясында этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделінің бес негізгі ұстанымын сараптады. Олар мыналар: халықтың бірлігі; ұлттың маңызды құндылықтары- толеранттық және жауапкершілік; мемлекет құрушы этностың ұйыстырушы рөлі; баға жетпес байлық-этностық, конфессиялық, мәдени, тілдік көптүрлілік; мәдениет пен тілді дамытуға қажетті жағдайларды мемлекет жасауы.
Республикамызды мекендейтін этникалық топтарды біріктірудің сара жолы ҚХА болып саналды. Әлемде теңдесі жоқ жаңа құрылымды ұйымдастыру аймақтарда кіші Ассамблеялар құрудан басталды. Мақсаты: республикадағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этникалық топтардың мүддесіне деген құрметке негізделген қлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
2008 жылы ҚХА туралы Заң қабылданды. Сонымен, ҚХА негізгі міндеттері: Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталады; Ассамблея ұлтаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдеседі; Бұл қоғамдық құрылым мемлекеттік тілді және Қазақстан диаспораларының ана тілі мен мәдениетін дамытуға қолдау көрсетеді.
Қазіргі таңда ҚХА 23 республикалық және 470-тен астам ұлттық-мәдени бірлестіктердің басын қосып, «Достықтың инфрақұрылымына» айналды. 2014 жылы еліміздің бірқатар ЖОО-да «»Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары құрылды. ҚХА жанынан шағытан «Достық-Дружба», «Менің елім» журналдары этносаралық қатынастар саласындағы бірқатар іс-шараларды жариялап, ақпараттық ресурстар ретінде бүкіл әлемге таралады. 2015 жылдан бастап, «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі тұрақты және жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді. ҚХА жиыны Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізіледі. Онда жиындар, түрлі форумдар өткізіліп тұрады.
ҚХА құнды тәжірибесі әлемдік тәжірибеге енгізіліп, жоғары бағасын алды. Бұл еліміздің абыройын асқақтатып отыр. ҚХА тәжірибесін ТМД елдері қолданып отыр. Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан: «Қазақстан барлық мемлекеттер үшін тұрақтылық пен ұлтаралық келісімнің үлгісі болып табылады» деп атап айтты. 2010 жылы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанға сапары барысында: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қағидаты мен бағыт-бағдары БҰҰ-ның жұмыс қағидатына толық сәйкес келеді» деп айрықша атап өтті.

2 сұрақ жауабы:


«Алаш» партиясының құрылуы – қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тарихындағы ең маңызды қадам». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлелдер келтіріңіз.
Иә,бұл пікірмен келісемін,себебі Алаш қозғалысының қалыптасуының өзі халықтың мыңдаған жылдық мемлекеттілігінің дәстүрін жаңғырту үшін күрес жолындағы маңызды кезең болды.Қазақ қоғамының көзі ашық,көкірегі ояу ұлтжанды азаматтары ұлттық идея төңірегінде топтасты. Қазақ даласында партия құрудың ерекшеліктері туралы терең түсінігі бар Алаш қайраткері Ә.Бөкейхан: «Таяу болашақта,қырғыз(қазақ)арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы мүмкін.Олардың бірі ұлттық-діни атанып, мақсаты-қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ.Екіншісі-батыстық бағытта»-деп айтып кетті.
Алаш партиясының құрылуының ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихындағы ең маңызды қадамдарының бір дәлелі ретінде ұлт-азаттық қозғалыстарды тізбектеп айта аламыз.Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы Жоламан Тіленшіұлы, Есет батыр, Досан Тәжіұлы бастаған көтерілістер және қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға ықпал еткен 1916 ж ұлт-азаттық көтерілісті айтсақ болады.Ұлт-азаттығы жолындағы күресте қазақтың оқыған,халық мүддесі үшін бар күш-жігерін аямаған азаматтар алға шықты.ХХ ғасырдағы ұлы реформаторлар Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатұлы ұлтты азаттыққа бастады. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан біржолата жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасады.
ХХғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі –Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері,саяси әлеуметтік сипаты еді. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. 1905-1907 жылғы оқиғалар,Бірінші дүниежүзілік соғыс,Ақпан және Қазан революциялары сияқты ірі тарихи бетбұрыстар қазақ халқының қоғамдық-саяси санасының оянуына ерекше серпін,қуат берді.Революция қазақтарға қантөгіссіз патша үкіметі қанауынан азаттық әкелді,өзін-өзі басқару үмітін оятты.Осындай жағдайда ұлттық элита саяси партия құру туралы шешім қабылдады.1917ж шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ сьезінде «Алаш» ұлттық саяси партиясы құрылды. «Алаш» партиясы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бағдарлама әзірлеген тұңғыш саяси ұйым болды.Бағдарламасы 1917 жылы қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Алаш партиясы халықтың игілігі үшін құрылды және де саяси ағымы ретінде либерал-демократиялық бағытты ұстанды. Партияның көшбасшылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы т.б ұлт зиялылары еді.Олар қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды.
Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты,ең алдымен,ұлттық автономияға қол жеткізу,одан кейін толық тәуелсіз мемлекет құру еді.Қазақстан 1920 ж автономиялық республика,1936ж –одақтас республика,1991ж тәуелсіз мемлекетке айналды.Алаш идеяларының көрегендігін тарихтың өзі дәлелдеп берді. Алаш идеясы Қазақстан азаматтарының бірігу,болашаққа жылжудың айқын бағыты,бірлігімізді бекемдей түсетін ұлы жол деп білуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет