1-сұрақ: Карл Маркс,Иммануил Кант,Фейербахтың дін туралы тұжырымдамалары



Дата13.12.2023
өлшемі15,08 Kb.
#137902

1-сұрақ:Карл Маркс,Иммануил Кант,Фейербахтың дін туралы тұжырымдамалары
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. 
Дін мына мәселелерді қарастырады: 
- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу
- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; 
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы. 
Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi 1) космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды 2) теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған 3) онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi 4)этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорққаны тәртiп үшiн керек.

2-сұрақ “Жаңа гуманитарлық білім” “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”


Үстіміздегі жылдың 25 қарашасында ғылыми кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған оқулықтардың кітап көрмесі өтті. Ұлттық рухымызды жаңғыртуға бағытталған «Кітап – сарқылмас рухани қазына» деген атаумен өткізіліп жатқан көрмеге педагогика, филология, журналистика, кино, өнер саласы бойынша 28 кітап қойылды.
Педагогика саласынан Э.Битэм, Р.Шарптың «Педагогиканы цифрлық дәуірде қайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны» атты кітабы білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды.
Д.Шунктың «Оқыту теориясы» атты кітабында оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері қамтылған. Бұл еңбек оқытудың негізгі теориялық принциптеріне жаңа көзқараспен қарауды ұсынады. Кіріспеде оқыту теориялары, зерттеу тәсілдері қамтылса, кейінгі тарауларда нейроғылымның білімге ықпалы талқыланады.
Ли Энн Пектің «Медиа этикасы» бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналса, Р.Хиллиардтың «Телевизия, радио және жаңа медиаға мәтін жазу» кітабы сценарий жазу шеберлігіне шыңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет