1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы



бет17/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу-www.emirsaba.org

28. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйек және қарасүйек. Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның ұрпақтары – сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім-бұтақтары – қожалар жатты. Бұл топ үш жүз қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрды. Шыңғыс ханның ұрпақтары туылысымен сұлтан атағын иеленіп, бұл әлеуметтік топқа тиіселі барлық ерекше құқықтармен қамтамасыз етілді. Шыңғыс ханның ұрпақтарының әрқайсы хандық билікке үміткер саналды. Сонымен бірге, бұл әлеуметтік топ руға бөлінбеді. Әрбір сұлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған әлеуметтік топтардың бәрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руға бөлінді.
Қарасүйек әлеуметтік тобынан ерекше құқықтар иеленген тек билер болды. Атап айтсақ, ру биінің қолында соттық, әкімшілік билік шоғырланды. Билер сұлтандармен бірге мемлекеттік мәселелер шешілетін жылдық жиналысқа – құрылтайға қатысты. Небір беделді билер хан жанындағы «билер кеңесінің» құрамында болды.
Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаны үшін хан немесе сұлтандар батыр деген құрметті атаққа ие болған. «Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен бірге кәсіби жауынгерлер. Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен, қолына Шыңғыс әулетіне тән билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы-ақындар дәріптеп отырған.
Қазақ қоғамындағы ешқандай құқығы жоқ мүшелері – құлдар болды. Бұл әлеуметтік топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары құрады. Олар өз қожайындарына тәуелді болды.
Қоғам мүшелері дәулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» және «кедей» болып бөлінді.
29. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты.. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақстанның қалалық мәдениеті.
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр хан Қазы, жазба деректерде Тевкей, Теуке, Тявка, Тевки) (1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы. Шешесі Бану ханым қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы. Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген. Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті жорықтар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «бахадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен ақылдаса отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Олар: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
1-жарғы. Көтеріліс жасап,бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып,елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап,ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын.
5-жарғы. Өреде тұрған,тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
6-жарғы. Төбелесте мертігуің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін: а)біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді,ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді. ә)төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет