1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақстанның қалалық мәдениеті



бет18/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу-www.emirsaba.org

30. Қазақстанның қалалық мәдениеті.
Орта ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық мәдениеті
болды, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды.
Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам),
Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді.
Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден
маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. Тараз VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды.
Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры
Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер
қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды.
ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге
сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында
мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп,
қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю
тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды.
VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес,
Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.Мысалы ,Ертіс өзенінің
алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары
қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың
болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.)
кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады.
Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз
байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен
бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен
қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып
қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен
қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі
болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет