1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.)



бет27/48
Дата27.09.2023
өлшемі368,84 Kb.
#110664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу-www.emirsaba.org

41. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздің ұлт-азаттық қозғалысы, Қаратай мен Арынғазы сұлтандардың қозғалысы (1816-1821 ж.).
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783–97 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпелі халық пен патша үкіметінің қысымына шыдамаған би, старшын және батырлар болды. Кіші жүз руларының барлығы да атсалысты.
Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды.
1778 жылғы мәліметтерге қарғанда Орал казактарымен қақтығыстың бірінде Сырымның балалары қайтыс болды.
Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.
Арынғазы сұлтанның қозғалысы (1816 — 21) — Қазақ хандығын қайта орнатуға жасалған әрекет. Кіші жүзге хан болып сайланған алғашқы күннен (1816 ж. сәуір) бастап Арынғазы хан Қазақстанды Ресейден бөліп алып, дербес Қазақ хандығын қайта құру саясатын ұстанды. Кіші жүз бен Орта жүзді біріктіріп, Орта Азия хандықтарының үлгісімен ортақ мемл. орнатуға сұлтандар мен ақсүйектерді көндірді. Оның бұл ойын халықтың барлық бөлігі қолдады. Орта Азия хандықтары да Арынғазыға қолдау көрсетті. 1821 ж. патша үкіметі келіссөз жүргізу желеуімен Арынғазыны С.-Петербургке шақырып алып, тұтқындап, Калугада ұстады. Отаршылдық езгіге қарсы күрес шежіресінде үлкен орын алатын А. с. қ. тарихи әдебиетте әлі жеткілікті дәрежеде зерттелмей келеді.
42. Старшын Жоламан Тіленшіұлының (1822-1824 ж.) наразылық қозғалысы.
Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс — азаттық көтеріліс болып саналды. Ол 1822 – 1825 жылдары болды. Жаңаелек аймағынан ығыстырылып шығарылған табын руы өздерінің наразылығын ашық білдірді. Олар 1 ші Орынбор генерал – губернаторына байырғы мал жайылымдарын қайтарып беру жөнінде хатын жолдайды. Бірақ, ол өтініштердің орындалуына үзілді – кесілді тыйым салумен болды. Мұның өзі төзімі таусылған жергілікті қазақтарды ашықтан – ашық қарулы көтеріліске шығуға итермеледі. 1822 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Ресейге қарсы соғыс жариялап, Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу жөніндегі күреске басшылық етті.
Жоламан Тіленшіұлы 1822 жылдың 27 тамызында табын, тама руларының батырларымен бірігіп, орыс-казак форпостарына шабуыл жасайды. Қыркүйек айында жасақшылар саны 1000-ға жетеді. Шерғазы сұлтан Жоламанның қарулы әскермен хан ордасын шабуға дайындалып жатқаны туралы Ресей әкімшілігіне мәлімдеме түсіреді. 1822 жылдың күзінде Жоламан Тіленшіұлы 500 қолмен Елек бойына шабуылдар ұйымдастырды. Жоламан Тіленшіұлы бастаған табын руының қарсылық күресі 1835 жылы бұқаралық сипат алады. Патша әкімшілігі мен әскерилері батырға «бүлікші», «қарақшы», «банда», «шайка», «хищник» деген теңеулерін тағады.
Жоламан Тіленшіұлы бастаған азаттық күрестің алғашқы кезеңі 1817 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі В.Топориннің іс-әрекетіне наразылық білдіруден басталды. Күрестің екінші кезеңі батырдың елдегі ахуалды патша шенеуніктеріне баяндап жазған хаттары, дипломатиялық шаралары арқылы көрініс тапты.
Жоламанның адамгершілігі мол адам екендігін батырдың ауылында сегіз ай тұтқын болған Падуровқа қатысты «Он пробыл в плену восемь месяцев. Джулламан держал его конечно довольно хорошо» деген мәліметтен көруге болады.
19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал, Елек, Бердянка, Құраты өзендерінің бойында 29 бекініс бой көтеріп, ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды.
Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған әскердің қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды.
19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтүстікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет