1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Қазақтардың XIV ғ.– ХVIII ғ. басындағы мәдениеті



бет20/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

32. Қазақтардың XIV ғ.– ХVIII ғ. басындағы мәдениеті.
14-18 ғғ. Қазақ халқының өзіндік ерекше мәдениеті өркен жайды. Қазақтардың үйлер салу, оның жасауы мен салт-дәстүрлері, көркем-өнерлік кәсібі және халық ауыз әдебиеті меншығармашылығы түріндегі мәдениеті өмірге сіңіп, орнықты. Оларда Қазақстан жерінде мекендеген бұрынгы тайпалар менхалықтардың мәдениет байлықтары табиғи түрде түсінікпен қабылданылды. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау ауданындағы кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет-сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқындылығымен ерекшеленді.
Үй кәсібі мен қолданбалы өнер бұйымдары – ат әбзелдерінің, киіз үй жабдықтарының еәзік оюланған заттары, шебер істелген үй жасау бұйымдары, үй-інші тұрмысында ұсталатын заттар (кілемдер, киіздер, кестелер, ши тоқымалары, ыдыс-аяқтар), әйелдердің сәнді киімдері мен әшекейлері – міне, осылардың барлығы халықтың өзіндік материалдық мәдениетінің жоғарыболғандығын дәлелдейді. 16-18 ғғ. Қазақтардың суырып салма ақындық өнері кеңінен дамыды. «Қобланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» т.б. сияқты ерлік істер туралы халық аузындағы жырлар, «Қозы Көрпеш-Баян сұлү», «Қыз Жібек», т.б. сияқты әлеуметтік тұрмыстық дастандар үрпақтан-ұрпаққа көшіп отырды, әдет-ғұрып өлендері мен ертегілері қиыстырылып шығарылып жатты. Қазақ ауызекі поэзиясының өкілдері – Шалқиіз жыраудың (15ғ), Доспамбет жыраудың (16 ғ), Жиембеттің (17 ғ) есімдері ел ауызында аңыз болып сақталып қалды. Өлең-жырларда, дастандарда, эпикалық аңыздарда, батырлардың отан қорғаудағы жаңқиярлығы мен ерлігі мадақталды, халықтың өмірі мен тұрмысы туралы әңгімеленді. Талантты сазгерлер, эпикалық, тарихи аңыздық және тұрмыстық тақырыптарға аспаптық туындылар (күйлер) шығарды. 16-18 ғ. б.ж. қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері дінижәне аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, тарихи шығармалар мен тарихы (шежіре) жасалды. 17 ғ. Қазақ тарихи әдебиетінің неғұрлым маңызды ескерткіші болып Қадырғали Жалаиридің «Жәми ат-таварих» шығармасы саналды.
Бұл кезеңде ісләм діні Оңтүстік Қазақстан қалаларында, соның ішінде осы аймақта тұратын қазақтардың арасында терең тамыр жайды. Қазақтың ел басқарушы тандаулы топтары ісләм дінін толығынан қуаттап, оны өздерінің қол астындағылар арасына кеңінен таратуға тырысты. Алайда, қанаушы топтар арасында ісләм догмалары кең тарай қоймады, халықтың көпшілігі ісләмға дейінгі тәңірге, күнге, әруақтарға, жер, су, от рухына табынуға негізделген нанымдарды ұстанды.
Көп қүдайға табынушылық ырымдарымен қатар мұсылмандық ырым-жоралар да барған сайын кең қанат жая бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет