1. Сұрақ. Тарихи үдерісті кезеңге бөлу


Керей және Жәнібек хандардың рөлі. Бұрындық хан билігі кезіндегі қазақ хандығының күшеюі



бет16/48
Дата14.03.2023
өлшемі230,37 Kb.
#74353
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары

27. Керей және Жәнібек хандардың рөлі. Бұрындық хан билігі кезіндегі қазақ хандығының күшеюі.
Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығының құрылуындағы тарихи ролі тарихшылар мен зерттеушілер тарапынан анықталып, толығымен мойындалып отыр. Керей мен Жәнібек сұлтандардың шығу тегі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен бастау алады. Орда Еженнің 4 ші ұрпағы Орыс /Ұрұс/ ханның немересі, Болат ханның баласы – Керей, ал Орыс/Ұрұс/ ханның шөбересі, Барақ ханның баласы – Жәнібек. Екеуі де Орыс /Ұрұс/ ханның ұрпақтары. Орыс хан ұрпақтарының арасында ата жолы жағынан Керейдің мәртебесі жоғары болған. Сол себепті 1458 жылдың көктемінде Тұлпарсазда Керей сұлтан - хан болып сайланады. «Керей хан болып сайланғаннан кейін оның иелігіндегі халыққа «қазақ» аты берілді» деп жазады Мұхаммед Хайдар Дулати. Сөйтіп, 1465 жылы Керей хан мен Жәнібек хан билеген жаңа мемлекет – Қазақ хандығы дүниеге келді. Керей Орыс ханның ұрпағы, Болат ханның баласы. Керей ханның туған жылы туралы тарихи деректер табылмаған. Тек өлген жылы туралы аздаған тарихи болжамдар кездеседі. Тарихи деректерге жүгінсек, Керей хан болып сайланғаннан кейін жас кезінен жаужүрек, батыр болып өскен Керей хан өзінің батыр да батыл саяси көзқарастарымен ерекшеленеді. Ол жаңа мемлекеттің мемлекеттік органдарын құру мен жаугершілік заманда әскер құрудың жаңа принциптерін енгізген. Бұл сол кездегі қазақ хандығының болашақта іргелі хандық болуына кең жол ашты. Керей бірінші кезекте көшпелі мәдениетке тән әдет-ғұрып нормаларын қолдады, яғни Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүрлі құқықты дамыта отырып, мемлекет органының басшы билігі ретінде хан болатынын және хан сонымен бірге бас әскери қолбасшы да болатынын бекіткен. Қазақ хандығында сол кезде екі ірі таптар болды. Олар төрелер мен қожалар. Төрелер ханнан кейінгі барлық әкімшілік-атқарушы билікті басқарды, қожалар болса рухани-діни билікті өз уысында ұстады және қожалар рухани көсем ретінде ақсүйектер тобына енгізіліп, оларға төрелер секілді жеңілдіктер берілді. Қазақ хандығын құрған кезден бастап Керей хан мен Жәнібек хан рулық қоғамды қалыптастырды, яғни ру – қоғамның ең кішкентай ұясы ретінде қалыптасты. Әр ру өз алдына көшіп-қонып жеке ауыл болып танылды. Рудың негізгі ұйытқысы – туыстық, ағайындық қатынастар болды, ауқаттысы жағдайы төменге көмектесті. «У ішсең, руыңмен» деген принцип қалыптасты. Әр ру мүшесі өз руының шежіресін, жеті атасын жақсы білді. Рулар өз кезегінде ұлыстарға, ал ұлыстар жүздерге бірікті. Сөйтіп жүзге бөлу принципі пайда болды, яғни жүзге бөлу алғашқы қазақ хандығы құрылған дәуірден бастау алатындығында еш күмән жоқ. Әр руды сол рудан шыққан ақсақалдар басқарды. Жаугершілік заманда руларды билер мен батырлар басқарған кездер де болды. Бірте-бірте көшпелі бірлестіктерге тән белгілер қалыптасты: билер соты, аумақтық шекаралары, салық жүйесі т.б қалыптасты. Қазақ хандығы тарих сахнасында өмір сүруге қабілетті болып шықты. Осындай жаңа мемлекеттің, қазақ мемлекетінің негізі қаланды. Бұған әрине Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің рөлі зор деп айтуға толық негіз бар.
Бұрындық хан 1480-1511 жж. билік құрған.
XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихында хандықтың құрылуы мен күшеюі процесіндегі маңызды оқиғаларға тікелей араласып, өз үлесін қосқан және хандықты 40 жылдай басқарған Керей ханның ұлы Бұрындық хан болды. Ер жеткеннен билікке қолы тиген ол қазақ халқының этникалық тер- риториясының қалыптасуы жолында үлкен еңбек сіңіреді, хандықтың батысында ноғай мырзаларымен, отүстігінде шайбанилық сұлтандармен ұзаққа созылған күресті бастан кешіреді. Билік құрған жылдарының алғашқы кезеңінде атақ-даңқы алысқа таралып, лаулап жанған оттай жарқыраса, билігінің соңғы кезеңінде барлық жинаған беделінен айырылып, бүкіл атақ-даңқы сөнген шоқтай бірте-бірте өшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет