81 сұрақ ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылысы қандай Екінші реттік құрылымы екі
полинуклеотид
тізбектерінің ширатылып қос спираль тузуі.
• Полинуклеотид тізбектері бір-біріне қарама-қарсы орналасқан және олар өзара комплементарлы негіздер арқылы сутекті байланыстармен байланысқан. Спиральдің бір айналымы 3,4 НМ, ол 10 жұп нуклеотидтерден тұрады.
ДНК молекуласының конфигурациясы оның гидраттану дәрежесіне байланысты біршама өзгеруі мүмкін.
О Екінші реттік құрылымының қалыптасуын
екі полинуклеотидтік тізбектеріндегі негіздер арасында түзілетін сутектік байланыстар қатысуымен қатар бip
тізбектегі негіздер бірінің үстіне бірі орналасқан да, негіздердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болған
ван-дер-Ваальс күштері қамтамасыз етеді.
Теріс зарядты ДНК тізбегі мен оң зарядты
гистон белоктарының өзара электростатикалық әрекеттесу,
қос спиральды ұстауға қатысатын қосымша фактор болып табылады.
Екіншілік деңгейдегі ДНК молекуласының
қос спиралінің аралырында сутектік байланыстар үзіліп, eкі ойыс пайда болады. Ойыстардың пайда болуына рН-тың
өзгеруі мен жоғары температура себеп
болады.
82 сұрақ ДНҚ молекуласында негіздердің қосарлануы қалай жүреді
ДНҚ молекуласының екі еселенуін редупликация деп атайды. ДНҚ-ның екі еселенуі көптеген ферменттердің көмегімен жүзеге асады.
Екі еселену кезінде аналық ДНҚ молекуласынан жаңа екі молекула түзеледі. Осы екі жаңа молекуладағы генетикалық ақпарат аналық ДНҚ-ға сәйкес болады.
ДНҚ-ның негізгі биологиялық қызметі нәруыз молекуласын синтездеу кезінде оның құрамын реттеу жән тұқым қуалайтын белгілерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін,сақталуын,дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның клеткадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен белокқа қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық клеткаларындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтiк құрамы, құрылымы, тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы организмнiң ерекше қасиетiн анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет. Полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң реттелiп орналасуы ДНҚ молекуласының бiрiншi реттiк құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екiншi реттiк құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екi полинуклеотид тiзбегiнен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңiстiкте оң қос қабат спираль болып табылады.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – барлық тірі клеткалардың негізгі генетикалық материалы болып табылатын күрделі биополимер. ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид. Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант); екіншісі – пуриндік негіздер: аденин (А) мен гуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин (Т) мен цитозин (Ц); үшіншісі – фосфор қышқылының қалдығы.