1 сұрақ Зат алмасу туралы жалпы түсінік және ондағы ферменттердің рөлі Зат алмасу


сұрақ*Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы қарым-қатынастар*



бет22/48
Дата08.12.2022
өлшемі93,68 Kb.
#55792
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
Молек сессия жауаптары (2) (копия)

44сұрақ*Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы қарым-қатынастар*
Табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен,бір-бірімен байланыста тіршілік етеді. Байланыс бейбіт жағдайда немесе керісінше болуы мүмкін.Бір жерде тіршілік ететін жануарлар арасында азық, ұя салу үшін бәсекелестік те туындап тұрады. Бейбіт жағдайда көптеген жануарлар соның iшiнде шөпқоректілерді айтсақ.Африка саванналарында әр түрлі тұяқтылар үйірі мекен етеді.Барлығы шөппен қоректенгенімен,басты қорек ететін шөп түрлері бір –біріне ұқсамайды.Жирафтар биік ағаштардың жоғарғы жағындағы жапырақтарды, киіктер бұталар мен шөптердің жұмсақ үстіңгі жағын, зебра киіктерден қалған бұталар мен шөптердің қатты бөліктерімен қоректенеді.Бұл жануарлар тіршілігіндегі байланыстардың бейбіт жағдайы.
45 Сұрақ АТФ гидролизінің негізінде жүретін басты рекациялар
АТФ (Аденозинүшфосфорқышқылы) — энергитикалық нуклеотид. Бұл – тірі жасушадағы негізгі энергия заты. Оның рөлі мен қасиетін ақырына дейін түсіну үшін АТФ молекуласының құрылысын білу керек. Бұл – жалғыз нуклеотид. Ол РНҚ тізбегіндегі нуклеотидтерге ұқсас, өйткені оның құрамында қант – рибоза болады. Азотты негізі – аденин. Негізгі айырмашылығы мынада: АТФ-да фосфор қышқылының бір қалдығының орнына рибозаға бірінен соң бірі үш қалдық қосылады, сондықтан «үшфосфат» аталған.
АТФ негізгі биологиялық энергия жинақтау қызметін атқаруға фосфор қалдықтарының арасындағы химиялық байланысқа мүмкіндік жасайды. Ол молекуладан «үзілген» кезде энергия бөлінеді.Сонымен бірге бөлінген энергия тірілік үдерістеріне - бұлшықет жиырылуына , зат синтездеу немесе жүйке серпінділігіне пайдаланылады. Егер жасушада энергия (құнарлы заттардың ыдырау үдерісінде) пайда болса, онда АТФ-ты оңай қалпына келтірудің қайтымды үдерісі жүреді.АТФ – ағзалардың бүкіл пайдалы энергиясы іс жүзінде сол арқылы «өтетін» зат. Бүкіл тіршілік үдерістері негізіне жататын химиялық реакциялардың жасушада жүзеге асуына жылу, механикалық, өзге де ешқандай энергия түрі пайдаланылмайды. АТФ-ны «жасушалардың энергетикалық нарқы» деп жиі айтатыны сондықтан болса керек. Заттар ыдырау арқылы энергиясын АТФ синтезіне береді. Осыған қатарласа ағзамен және жарғақша арқылы биосинтездің, өсудің, бұлшықет жиырылуының, жүйке серпілісінің заттар тасымалдауды және өзге де көптеген тіршілік үдерістері жүреді. Осы үдерістердің барлығына тек АТФ-ның ыдырау энергиясы ғана шығындалады. АТФ-ның бір молекуласы тәулігіне 2-ден 3 мың рет ыдырап, қосыла алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет