Бұлшықет тіндері. Қаңқа бұлшықет регенерациясы. Жасқа және өмір салтына байланысты бұлшықеттердің өзгерісі. Журек бұлшықет тінінің регенерациялық мүмкіншілігі. Шығу тегі эпидермалды және нейралды бұлшықет тіндері



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата02.10.2023
өлшемі3,58 Mb.
#112342
  1   2   3   4


БҰЛШЫҚЕТ ТІНДЕРІ. ҚАҢҚА БҰЛШЫҚЕТ
РЕГЕНЕРАЦИЯСЫ. ЖАСҚА ЖӘНЕ ӨМІР САЛТЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ БҰЛШЫҚЕТТЕРДІҢ ӨЗГЕРІСІ.
ЖУРЕК БҰЛШЫҚЕТ ТІНІНІҢ РЕГЕНЕРАЦИЯЛЫҚ
МҮМКІНШІЛІГІ. ШЫҒУ ТЕГІ ЭПИДЕРМАЛДЫ
ЖӘНЕ НЕЙРАЛДЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНДЕРІ.
Орындаған: Мамырбек Жасмин 
Топ: 110
Факультет: Стоматология 
Қабылдаған: Жансая Зайвкызы
Астана Медицина Университет КеАҚ 
Гистология кафедрасы


ЖОСПАР
Бұлшықет тінінің жіктелуі 
Қаңқа бұлшықет тінінің құрылысы
Қаңқа бұлшықет тінінің регенерациясы
Жүрек бұлшықет тінінің регенерациясының мүмкіншіліктері 
Тегіс салалы бұлшықет тіні 
Эпидермалды және нейралды бұлшықет тіндері. 
Қаңқа бұлшықеттердің жасқа және өмір салтына байланысты өзгеруі 
КІРІСПЕ 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
ҚОРЫТЫНДЫ


КІРІСПЕ
Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа
келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су,май,
ақуыз және минералды тұздардан тұрады.
Бұлшықет тіндері құрылысы мен шығу тегі әртүрлі болғанымен атқаратын қызметі ұқсас. Дененің
орын ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның
жылжуы, несептің шығу, жатырдың жиырылуы (босаңсуы) т.б. қозғалыс-қимылдарға қатысып,
ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі
Көлденең жолақты бұлшық ет тіндері-жасушалары мен талшықтары бойында қалыптасқан
көлденең жолақтарымен сипатталады. Олардың пайда болуы алдымен актин мен миозин
миофиламенттерінің миофибрилдердің құрамында, сонан соң миофибрилдердің
жасушалар мен талшықтардың құрамында дәлме дәл ретті орналасуына байланысты.
Көлденең жолақты бұлшық ет тіндеріне аңқалық немесе сомалық және жүрек бұлшық ет
тіндерін жатқызады.
Тегіс салалы бұлшық ет тіндері-миофиламенттері миофибрилдерді құрамайтындықтан,
гистологиялық элементтерінде (жасушаларында) коллаген жолақтары болмайды.
Сондықтан, жасушаларының цитоплазмасы біркелкі немесе тегіс боялады. Тегіс салалы
бұлшық ет тіндеріне тамырлардың, қуысты ішкі ағзалардың және т.с.с. қабырғаларының
бұлшық еттерін жатқызады.



Қаңқалық бұлшықет тінінің құрамындағы бірлігі болып ет
талшықтары саналады. Ет талшықтарының сырты базальді
мембранамен қоршалған құрамында миосимпласт пен
миосателлиттері бар құрылым. Ет талшықтарының ұзындығы
см-ден 50-100 мкм болады.
Миосимпласттың құрамыда көптеген сопақша келген
ядролары болады, олар сарколемманың астында
орналасады. 
Миофибриллалары 
миосимпласттың
бойында ұзынша созылып орналасады.
Миосателлитоциттер – аз дифференцияланған
жасушалар ет тінінң регерациясына қатысады.Бұлар
миосимпласттың сыртындағы базальді мемьрана мен
сарколемманың арасында орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет