1. Су тасқыны дегеніміз құрғақ жердің едәуір бөлігін судың уақытша басуы. Пайда болу себептеріне байланысты су тасқынынын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) күшті жауын-шашыннан немесе қардың (мұздың) тез еруінен


Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы күштері



бет14/16
Дата03.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65073
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
экология 3

36.Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы күштері
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлар- ядролық жарылыс кезінде пайда болатын соққылы ауа толқыны, сәуле зақымы, өткір радиация, электрмагниттік импульс . Бесінші зақымдаушы факторға жердің радиоактивтік элементтермен улануы кіреді.

а) Соққы толқын –негізгі жою факторы. Ғимараттар мен құрылыстардың қирап-бүлінуінің , сондай –ақ адамдардың жаппай қырылуының көпшілігі осы соққы толқыннан болады.


ә) Жарық сәлелену – бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Ол ядролық жарылыстың қызған өнімі мен қызған ауада түзеледі. Жақыр сәулелену кезіндегі тері қабатының зақымдануының ауырлығына қарай 4 дәрежеге бөлінеді: терінің қызаруы, ісініп ауыруы; қолдырау; тері мен талшықтардың жансыздануы; терінің буылтықтануы .
б) Өткір радиация - ядорлық жарылыс кезінде шығатын гамма – сәулелер мен нетрондардың ағыны . Бұл зақымдаушы фактордың барлық тіршілік иелеріне соның ішінде адамға да әсері – организмнің құрамындағы атомдар мен моликулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік функциялары бұзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.
в) Электрмагниттік импульс – ядролық жарыстардан аса күшті электр магнит өрістері пайда болады. Бұл өрістерді қысқа мерзімде ғана болатындықтан электрмагниттік импульс деп атайды, ол жер үстіндегі және төменгі ауадағы ядролық жарыстар кезінде неғұрлым толық білінеді.


37.Радияциямен жарақаттану және а.к

Радиациялық немесе радиациялық зақымдану – иондаушы сәулеленудің және сәулеленудің кейбір басқа түрлерінің, мысалы, инфрақызыл, ультракүлгін және т.б. әсерінен органның, тіннің немесе мүше жүйесінің зақымдануы. Көбінесе иондаушы сәулеленудің биологиялық әрекетіне байланысты. Радиациялық жарақат – иондаушы сәулелену әсерінен тіндердің зақымдануы. Иондаушы сәулеленудің үлкен дозалары гемопоэз процестерін тежейтін және ас қорыту жолдарына әсер ететін жедел сәулелік аурудың дамуына әкелуі мүмкін. Радиациалық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғау құралдарымен жүргізіледі.


Жеке дәрі-дәрмек кобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет